Сабақтың түрі: деңгейлік сабақ



Дата22.04.2024
өлшемі353.5 Kb.
#499550
түріСабақ
«Электр тоғының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы»


Тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.
Мақсаты:
Білімділік: Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы туралы
түсіндіру, жаңа ұғым жөнінде түсінік қалыптастыру. Электрлік құбылыстар тарауы бойынша білімдерін толықтыру, бекіту, тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және
танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: деңгейлік сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: критерийлермен бағалау, сұрақ-жауап, фронтальды сұрау, топппен жұмыс, өздік жұмыс;
Пәнаралық байланыс: электроника, электротехника, тарих, қазақ тілі, математика т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, физикалық приборлар, кестелер, карточкалар
Электр энергиясы – ХХІ ғасырдың қуат көзі.
Есіңе түсір (теорияны қайталау)
1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Ток күші дегеніміз не, формуласы, өлшем бірлігі, құрал
3.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады?
4. Тізбекте ток болу қандай жағдайлар болу үшін
не керек ?
5. Электр қозғаушы күш дегеніміз не?
6. Электр кернеуі дегеніміз не? формуласы,
өлшем бірлігі, құрал
7. Кедергі дегеніміз не
8.Өткізгіштің меншікті кедергісі деген не, формуласы өлшем бірлігі, құрал
9. Тізбектей және праллель жалғау заңдылықтары.
10. Толық тізбек үшін Ом заңы.

Жаңа сабақ
Жұмыс пен қуат. Джоуль – Ленц заңы » тақырыбы бойынша алған түбегейлі білімдерің электр қуатын тұтынуда көмегін тигізеді.



  1. Электр тогының жұмысы.

Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
A=qU; I=q/t
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:
A=IUt егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді.
1 Дж = 1А·1В · 1 с
Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады


Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін: A=I2Rt
Өткізгіштерді параллель жалғау үшін: A=U2/Rt
1 Вт∙сағ. = 3600 Дж
1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж
1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.
Токтың қуаты
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатыныасына тең:
P=A/t=IU
егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R
Өткізгіш неге қызады:

Джоуль- Ленц заңы.



Ағылшын физигі Ресей физигі
Джеймс Джоуль Эмилий Христианович Ленц
(1818-1889) (1804-1865)

Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:


Q=I2Rt


Сабақты қортындылау
Бағалау;Үйге тапсырма: :§42 параграфтарды оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет