3 Жұдырықшалымеханизмнің синтезі
Жұдырықша деп элементінің айналмалы қисықтығы бар звеноны айтамыз. Құрамына жұдырықша енетін механизм жұдырықшалы механизм деп аталады. Курстық жобада жұдырықшалы механизм жобаланатын машинаның жалп схемасының бір бөлігі болып есептеледі.
Шығыстағы звеноның қозғалысына қарай жұдырықшалы механизмдердің үш түрі ажыратылады :
1.Ілгерілемелі қозғалыс жасайтын жұдырықшалы механизм;
2.Айналмалы қозғалыс жасайтын жұдырықшалы механизм;
3.Күрделі қозғалыс жасайтын жұдырықшалы механизм.
Итергіштің қозғалыс сызығы жұдырықшаның айналу өсіне қатысты орын ауыстырса, онда жұдырықшалы механизм эксцентрлік механизм болып табылады. Итергіштің қозғалыс сызығының жұдырықша айналысының центріне қатысты ығысуы эксцентриситет деп аталады.
Жұдырықшаны зерттеудің мақсаты - жұдырықшаның айналу центрінің және оның профилінің координаттарын (орындарын) анықтау болып есептеледі. Жұдырықшаны зерттеудің негізгі екі мақсаты бар.
Бірінші мақсат - механизм жұмысын жақсартатын, яғни механизмнің пайдалы әсер коэффициентінің жоғары болу және кинематикалық жұптар элементтерінің тозуын кеміту шарттарынан алынған қысым бұрышының шекті мәнін қамтамасыз ететін жұдырықшаның өлшемдерін анықтау болып табылады.
Екінші мақсат – жетекші звеноның берілген қозғалыс заңын қамтамасыз ететін жұдырықша профилін жасау.
Жұдырықшалы механизмді жобалау - синтездеу тәртібі графиктік әдіспен жүргізіледі:
1. Жетекші звеноның үдеу аналогтары өзгерісінің берілген заңынан графиктік интегралдау әдісімен жұдырықшаның бұрылу бұрышына байланысты жетектегі звеноның жылдамдық және орын ауыстыру аналогтары өзгерістерінің заңдарын анықтау (жетектегі звеноның үдеу, жылдамдық және орын ауыстыру графиктерін құру).
2. Қысым бұрышының мүмкін мәнін пайдалана отырып (күйентемен жабдықталған жетектегі звеносы бар механизмде), немесе жазық жетектегі звеносы бар механизмде жұдырықшаның дөңестік шартын есепке ала отырып, механизмнің негізгі өлшемдерін анықтау, яғни жұдырықшаның айналу центрін және оның минимум радиусын табу.
3.Жетектегі звено қозғалысының берілген заңы бойынша жұдырықшаның теориялық профилін «қозғалысты кері айналдыру» әдісімен табу.
4. Күйентенің радиусын анықтау және жұдырықшаның нақты профилін табу.
Жұдырықшалы механизм синтезін итергіштің үдеу аналогының өзгеруі берілген үшбұрыштың заңдылығын қарастырудан бастаймыз. Үшбұрышты заңда жетектегі звеноның қозғалысы жетектегі звено басында және соңында жұмсақ соққылы болады. Жетектегі звеноның жылдамдық және орын ауыстыру аналогтары өзгерістерінің заңдарын анықтау, яғни жетектегі звеноның жылдамдық және орын ауыстыру графиктерін құру үшін үдеу аналогының графигін сәйкесінше бір және екі рет графиктік интегралдаймыз.
( ), ( ), графиктерін құрып алған соң, жұдырықшаның минимал радиусын анықтаймыз. Ол үшін ордината өсіне орын ауыстыру аналогының өзгерісінің максимал мәнін қойып, оны сәйкес бөліктерге бөліп шығамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |