Түсінік хат Физика 11 сынып жаратылыстану-математикалық бағытына арналған (аптасына 2сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды) 2023-2024 оқу жылының күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы төмендегі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жасалынды



бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі196.5 Kb.
#482281
1   2   3   4
11-сынып ҚГБ физика КТП

Күтілген нәтижелер:
қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;
- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;
- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;
- ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.

Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 11.5.4.3. кодында «11» –сынып, «5.4» – бесінші бөлімнің төртінші бөлімшесі, «3» –оқыту мақсатының реттік саны.


11-сынып жаратылыстану-математикалық бағытына арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 5 зертханалық жұмыстан тұрады. Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 11сынып жаратылыстану-математикалық бағытында – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық авторы: Тұяқбаев С., Насхова Ш., Алматы:Мектеп,2020ж.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау-ТЖБ-45 минут
Бөлім бойынша жиынтық бағалау –БЖБ-20 –25 минут.


Физика пәнінен 11-сыныптың ҚГБ бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары
68 сағат, аптасына 2 рет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет