9 сынып-аптасына 2 сағат (жылына 68 сағат)
10-11 сынып-аптасына 1 сағат (жылына 34 сағат) – оқу жүктемесінің қысқаруымен
Бөліктегі жиынтық бағалау саны білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес айқындалады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады.
Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
- Нысанды (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, презентация, эссе, тестілеу) және БЖБ орындау үшін сабақта өткізілетін уақытты педагог дербес айқындайды.
- БЖТ үшін ең жоғары балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 баллдан, 5-11(12) сыныптарда кемінде 7 және 20 баллдан аспауы тиіс.
- Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдықта қойылады.
- БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/тақырыптар тоқсандағы төрт немесе одан да көп бөлімдер / тақырыптарды зерттеу кезінде тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес (жаңартылған мазмұны бойынша және оқу жүктемесін қысқартумен) 5-11 сыныптарда оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша өткізілетін бөлімге жиынтық бағалау саны :
Достарыңызбен бөлісу: |