Туыстастыгы: Influenzavirus A;Influenzavirus B; Influenzavirus C



бет11/19
Дата01.04.2024
өлшемі66.5 Kb.
#497179
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
мик

Парагрипп вирусы
Таксономиясы.
Тукымдастыгы: Paramyxoviridae
Тукымдастыкшасы: [Paramyxovirinae]
Туыстастығы: Respirovirus-адам парагрипп вирусынын 1,3 серотиптері
Rubulavirus -парагрипптін-2, 4а, 4в серотиптері.
Пішіні сопақша; Диаметрі-120-200 нм;Қиын ұйымдастырылған; Суперкапсидтің бетінде: тікенектер-NH гликопротеидтері (гемагглютинациялаушы, нейраминидаза белсенділігі, адгезиндер); F-ақуыз (синтез ақуызы) – вирус мембраналарының бірігуі және сезімтал жасуша, симпласт түзуші, гемолитикалық және цитотоксикалық белсенділік. Нуклеокапсид М ақуызымен қоршалған: РНҚ + NP ақуызы, P және L полимеразды ақуыздар. Химиялық құрамы: ақуыздар-70%, липидтер – 20-25%, көмірсулар-6%, РНҚ-3%.
Парагрипп вирустарынын гемадсорбциялык белсенділігі едәуір жогары, ол инфицирленген жасуша дакылдарына теніз шошкасынын эритроцитерін косканда көрініс береді, және де олар гемагглютинациялык касиетімен сипатталады. Серотиптерінін бәріне нейроминидазалык белсенділік тән, және де олардын шамалы дәрежеде гемолитикалык және симпласт тузуші касиеттері бар. Олар адамдар мен маймылдардан алынган біріншілік жоне ауыспалы жасуша дакылдарында өсіп- өніп кобейеді (репродукциянады).
Парагрипп кезіндегі инфекция көзі – ауру адамдар. Вирус тыныс алу жолдары аркылы жұғады. Негізгі берілу жолы – ауалы-тамшылы, кейбір жағдайда тұрмыстык – жанасу жолымен де жугу мумкін. Инфекция кен таралган және өте жукпалы. Парагрипп инфекциясынын маусымдылыгы айкын емес.
Инфекциянын кіру какпасы – жогары тыныс алу жолдары. АПВ жогаргы тыныс алу жолынын шырышты кабатынын жасушаларына адсорбцияланады, оларга терендеп енеді және көбейеді, нәтижесінде вирус енген жасушалар бузылады. Патологиялык процесс кабыну коздыра отырып тыныс алу арнасыны төменгі бөлігін жылдам камти бастайды. АПГВ 1 жэне АПГВ2 балаларда жедел ларингобронхит коздыруга себепкер болады. АПГВ 3 ошакты пневмония коздырады. Парагрипп вирустары мурын – жуткыншакты шырышты кабатыны эпителиалдык жасушаларында репродукцияланады. Содан кейін олар канга тусіп вирусемия (узакка созылмайтын) тудырады. Бұзылыска ұшыраган ыдырау өнімдері жене вирустар организмді интоксикациялануга әкеледі. Вирустар екіншілік иммундыталшылык коздырады, натижесінде бактериалык аскынулар дамиды.
Жасырын кезені 3-6 кун. Содан кейін температурасы көтеріледі, әлсіздік, мұрын бітуі, тамагынын ауыруы, жөтел т.б пайда бола бастайды. Осы ауруга тән дәл симптомдар жок. Балаларда болатын кеселдін ауыр турінде өзектену (крупп) және өкпе кабыну дамиды. Ересек адамдарда ауру ларингит турінде отеді.
Шырышты кабат кілегейі, тыныс алу жолдарынын шайындысы, какырык, кан сарысуы.
Вирусты беліп алу (индикациялау): біріншілік жасуша дакылдарына жуктыру, ЦПЭ жэне ГАР бойынша индикациялау. Идентификациялау: ГАТР, КБР, БР. Серологиялык диагноз кою: кос сарысуларымен ГАТР, КБР БР.
Ауырып турғаннан кейін типтік-спецификалык узак сакталмайтын гуморалдык иммунитет калыптасады. Секреторлык антиденелер (SigA) манызды орын алады.
Емдеуі. Этиотропты препараттар (арбидол, интерферон, иммунды модуляторлар) колдану; симптоматикалык емдеу шаралары.
Алдын алуы. Спецификалык профилактика ягни вакцина егу колданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет