Тумажанова Салтанат Оразалыкызы Алматы, 2022ж Жоспары: Жердің пайда болуы және құрамы


Жер қыртысы, оның құрылысы және құрамы



бет5/9
Дата23.09.2022
өлшемі269.82 Kb.
#461191
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СРС Геоморф №1
4.Жер қыртысы, оның құрылысы және құрамы
Жердiң жоғарғы қабығын, яғни жер қыртысын жеке қарастырудың себебі, бұл геосфера геологтар мен кеншілердің басты нысаны. Ол адам тіршілік жəне өндiрiстiк əрекет ететiн орта болып табылады.
Жер қыртысы құрылысы. Оның ең маңызды ерекшелiгi – тiк жəне көлбеу бағыттарда байқалып, анық бiлiнетiн əркелкiлiгi. Тiк бағыттағы əркелкiлiк. Жүйелi зерттеулер негiзiнде жер қыртысының құрамында үш қабық (немесе қойнауқат) бөлiнген. Олар құрамы, қасиеттерi жəне жаралуы бойынша əртүрлi таужыныстардан тұратын стратисфера (шөгiндi қабық), гранитті жəне базальтты қабаттар.
Жер қыртысы – Жердiң қатты қабығы. Оның қалыңдығы мұхиттардың астында 5-10 км болса, континенттерде – 70-80 км-ге жетедi, ал орташа мəнi – 33 км. Жер қыртысының шекаралары жоғарғы жағында жер бетiмен (атмосфера мен Əлем мұхиты аралығында); төменгi жағында (мантия аралығында) Мохоровичич бетiмен немесе Мохо шекарасымен шектеседi. Жер қыртысының құрамында Si жəне Al басым болғандықтан, оны “сиал” деп те атайды. Мантия – аралық қабат. Бұл геосфера Жердiң ең iрi элементi, планета көлемiнiң 83%, ал массасының 66% шамасындағы бөлiгiн құрайды. Оның құрамында физикалық параметрлерiнiң мəнi бойынша екi қабықшаға бөлiнедi: 1) жоғарғы мантия (Мохоровичич бетiнен 950 км тереңдiкке дейiн); 2) төменгi мантия (2900 км тереңдiкке дейiн).
Жердiң жалпы құрамын оның жоғарғы қабығы – жер қыртысының құрамымен салыстыру, Жерде оның ядросының əсер етуiнен ауыр металдардың – темiр мен никельдiң үлесi күрт артатынын (тиiсiнше олар Жерде 35–40%, ал жер қыртысында 2,4–3,5%) көрсеттi. Жер ядросы қазiргi түсiнiктер бойынша сидеролиттің (темiр-тас метеорит) құрамына жақын, яғни темiр-никель құрамды болуы ықтимал. Металдарды соққылау арқылы сығу эксперименттерi көрсеткендей, сыртқы ядро (Е белдемi) сұйық күйде болады, оның құрамына темiр мен никельден басқа темiр оксидтерi кiредi, ал темiрникель қорытпасы 84-92% мөлшерiнен аспайды.
Жер мантиясы көлемi мен массасы бойынша ең үлкен геосфера жəне құрамы өте күрделi, ол туралы геосфералардың жаралуы туралы қазiргi түсiнiктер негiзiнде тұжырым жасауға болады. Осы түсiнiк бойынша геосфералар Жердiң бастапқы заты оның қойнауы қатты қызған кезде дифференциациялануға (қабаттарға жiктелуге) ұшырауынан қалыптасқан. Жіктелудің бiрiншi кезеңiнде бастапқы заттан ауыр металдар – темiр мен никель балқып шығып төменге батып, Жердiң қазiргi ядросын қалыптастырған. Балқыған ауыр металдар бөлiніп кеткеннен кейiн қалған зат – пиролит қазiргi мантияны құраған. Мантия затының дифференциациялану процесi қазiр де жалғасуда.
Шөгінді қабық (латынша “стратум” – қабат) шөгiндi жəне жанартаулық-шөгiндi, яғни саз бен сазды тақтатастардан (42%), құм (20%) мен жанартаулық (19%) таужыныстардан тұрады. Бұл қабық Жер бетiн толығымен дерлiк жауып жатады əрi терең ойпаңдарда оның қалыңдығы 20–25 км шамасына (мысалы, Каспий маңы ойпаты) жетедi. Оның жер қыртысы бойынша орташа алғандағы қалыңдығы 3 км. Шөгiндi таужыныстарға шамалы дислокациялану, бiршама төмен тығыздық пен диагенезге сəйкес келетiн шамалы өзгерiстер тəн. Жанартаулық таужыныстар шектеулi таралған. Барлық шөгiндi таужыныстардың орташа тығыздығы 2,50 г/см3 , оның мəнi 2,28-2,80 г/см3 шамасында болады. Шөгiндi тыста серпiмдi толқындар таралуының жылдамдығы оны құрайтын таужыныстардың заттық құрамына, нығыздалу дəрежесiне байланысты болып, 1,8–5,0 км/с аралығында өзгередi.
Граниттi қабық деп шартты түрде оны құрайтын таужыныстардың граниттерге ұқсастығына байланысты атаған. Ол гнейс (37,6%), гранодиорит (19,9%), гранит (18,1%), амфиболит (9,8%), кристалды тақтатас (9,0%), сонымен қатар габбро, мəрмəр, сиенит, т.б. таужыныстардан тұрады. Граниттi қойнауқатты құрайтын таужыныстар заттық құрамы мен олардың дислокациялану дəрежесi бойынша əртүрлi. Олар өзгерiске түспеген əрi метаморфталған таужыныстардан тұрады. Граниттi қойнауқаттың тығыздығы таужыстардың құрылысы мен құрамына байланысты 2,60–2,80 г/см3 шамасында өзгерiп, оның орташа мəнi 2,70 г/см3 болады.
Граниттi қабат шөгiндi қабықтан күрт сейсмикалық шекара бойынша бөлiнедi (шекарада жылдамдықтың секiрiсi 0,7 км/с). Граниттi қабаттағы серпiмдi толқындар таралуының қабаттық жылдамдығы 5,0–6,5 км/с аралығында өзгередi, орташа мəнi 6 км/с шамасында. ТМД аумағында граниттi қойнауқаттың қалыңдығы 6 км-ден 40 км-ге дейiн. Граниттi қабаттың төменгi шекарасы Конрад сейсмикалық беті (шекарасы) деп аталады.
Базальтты қабық – жер қыртысының үшiншi қойнауқаты. Ол кристалды əрі тығыздау таужыныстардан тұрады. Олар қасиеттерi бойынша базальттарға – магмалық таужыныстарға жақын. Қойнауқат əртүрлi дəрежеде метаморфталған магмалық таужыныстардан тұрады. Кей жерлерде базальтты қабат пен мантия аралығында базальттан тығыздығы жоғары таужыныстар орналасады, олар эклогит қабаты деп аталады.
Базальтты қабат таужыныстарының орташа тығыздығы 2,9 г/см3 , ал тығыздық мəнінің өзгеруi 2,8–3,2 г/см3 аралығында. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 6 км/c-ден 7,5 км/c-ке дейiн.
Бiздiң планета жер қыртысының орташа қалыңдығы 33 км, ал Қазақстан ауқымында – 40-45 км. Планетаның жекелеген бөлiктерiнде оның мəнi орташа қалыңдықтан едəуiр ауытқиды. Мəселен, жер қыртысының минимал қалыңдығы (5-12 км) мұхиттарға тəн, ал максимал қалыңдық (70-80 км) – континенттердiң биiк таулы алқаптарында. Жер қыртысының астыңғы шекарасы жер бетiн айнадағы бейнедей қайталайды. Континенттер астында ол мантияға тереңдей батады, мұхиттар астында Жер бетiнде жақындайды. Жер қыртысы мантиядан Мохоровичич шекарасы (Мохо ажырамасы немесе бетi) арқылы бөлiнедi.
Кеңiстiктегi даму заңдылықтары бойынша мұхиттар мен континенттер, яғни I-ші реттiк планеталық құрылымдар – өздерiнiң геологиялық құрылысы мен даму сипаты бойынша айтарлықтай өзгешеленедi. Осы I-ші реттiк құрылымдық элементтер ауқымында геологиялық құрылысы мен даму ерекшелiктерi бойынша II-ші реттiк құрылымдар бөлiнедi: континенттерде – платформа жəне геосинклин (таулы-қатпарлы) алқаптар; мұхиттық қыртыста – платформалар мен мұхит орталық жоталар. Аталған II-ші реттiк құрылымдар өз кезегiнде құрылымдық ерекшелiктерi бойынша ұсақ құрылымдық элементтерге бөлiнуi мүмкiн, мысалы: жаһандық (III-ші реттiк), аймақтық (IV-ші реттiк) жəне жергiлiктi (V-ші реттiк).
Қыртыстың минимал қалыңдығы платформаларда, максимал қалыңдығы таулықатпарлы алқаптарда байқалады.
Платформа (французша “плат” – жазық, “форм” – пiшiн) – байтақ тектоникалық тұрақты алқаптар. Олар жер қыртысы қалыңдығының орташа жəне тұрақты мəндерiмен, шөгiндi таужыныстардың көлбеу, жазық бедерiмен сипатталады. Платформалардың құрылысы екi ярусты болып, көнелеу кристалды iргетастан жəне оны жауып жататын шөгiндi тастан тұрады. ТМД аумағында Шығыс Еуропа жəне Сiбiр көне платформалары орналасқан.
Тектоникалық белсенді немесе қазір аз қолданылатын геосинклин (грекше “ге” – жер; “син” – бiрге; “клин” – еңiс) деп сызықтай созылған қозғалмалы тектоникалық белдемдердi айтады. Олар қалыңдығы 70-80 км-дей жер қыртысынан тұрады жəне оның күрт ауытқуларымен, таужыныстардың қатпарлы-жарылымды бұзылысты жатысымен, таулы бедерiмен сипатталады. Геоморфологиялық планда геосинклиндер таулы-қатпарлы құрылыстардан тұрады. Мысалы: Орал, Кавказ, Памир, Тянь-Шань, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет