Турикпенова сандугаш жумановна



бет1/3
Дата09.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#186730
түріДиссертация
  1   2   3

ӘОЖ 378.02:37.016:7 Қолжазба құқығында



ТУРИКПЕНОВА САНДУГАШ ЖУМАНОВНА

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

а в т о р е ф е р а т ы


Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды


Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ералин Қ.Е.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Тәңірбергенов М.Ж.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Сманов И.С.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Оспанов Б.Е.

Жетекші ұйым Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім

беру академиясы

Диссертация 2010 жылдың « » сағат М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, бас ғимарат, 342 ауд.


Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2 қабат.


Автореферат 2010 жылы « » таратылды.


Диссертациялық кеңестің



Ғалым хатшысы: С.А. Жолдасбекова

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деуі, оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауында екендігін баса көрсетіп отыр. Осындай жаңа талаптар ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру. Әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кең мүмкіндік беру керектігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды қазіргі талаптарға сай даярлығын білім стандарттарына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.

Болашақ мұғалімді эстетикалық және көркемдік тұрғыда дайындаудың сапалық жақтары Л.И.Рувинский, В.А.Кан Калик, С.Әбенбаев, М.Балтабаев, С.А.Ұзақбаева және т.б. педагогтардың ғылыми енбектерінде қарастырылады.

Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, өнердің танымдық мәні мен тәлімдік маңызы педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев еңбектерінде сөз етілген.

Бейнелеу өнері және сызу мамандығының мұғалімдерін дайындаудың жалпы теориялық және әдіснамалық негіздері Н.Н.Ростовцев, Д.Н.Кардовский, А.А.Унковский, В.С.Кузин, Б.Г.Лихачев, Е.Е.Рожкова, Н.Н.Неменский, Б.П.Юсов, Г.В.Беда, А.С.Хворостов, А.Д.Алехин, Т.Я.Шпикалова, Н.П.Сакулина, Е.В.Шорохов, А.Е.Терентьев, Б.С.Суздалев, Е.И.Игнатьев, Л.Г.Медведов, Л.А.Ивахнова, С.С.Булатов т.б. еңбектерінің негізі болған. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мектептердегі бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуын, көркемдік білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Әмірғазин, Б.А.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, С.А.Аманжолов, Е.С.Асылханов, Д.Садығалиев, М.Жанаев, А.О.Қамақов, Ұ.Ибрагимов, Б.Е.Оспанов, Р.Мизанбаев, Т.М.Қожағұлов, С.Н.Данилушкина, Б.А.Мұхаметжанов, Ж.С.Кенесарина; этнопедагогика саласынан қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева; қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу Қ.Ж.Әмірғазин, О.С.Сатқанов, Е.Т.Кісімісов; эстетикалық қызығушылығын С.А.Жолдасбекова, Т.Левченко; көркемдік талғамын, көркемдік қабылдауын қалыптастыру Ф.Ы.Жұмабекова, Қ.О.Жеделов және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Бейнелеу өнері бойынша, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Ұ.Ибрагимов, Ұ.М.Әбдіғапбарова, Қ.К.Болатбаев, И.С.Сманов, Т.Қ.Мұсалимов, Б.И.Ижанов, Д.А.Кемешов, Қ.О.Жеделов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, Ж.Бейсенбеков, Е.П.Митрофанова, З.Ш.Айдарова, С.Р.Матаева, Б.А.Айдарбек, Ж.С.Көшенов, М.А.Абдрахимов, Ғ.Қ.Ералина еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.

Қазақстан Республикасының мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу өнерін зерттеуге үлес қосқан өнер зерттеуші ғалымдар Г.Сарықұлова, И.Рыбакова, М.Ғабитова, Р.Көпбосынова, Н.Нұрмұхаммедов, К.Ли, Ш.Тоқтабаева, Б.Мекішев, С.Мұқтарұлы, А.Ниязов, Қ.Е.Ералин, Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев көркемдік білім берудің мазмұнын аңықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты теориялық және иллюстрациялық материалдарды толықтырды.

Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ететін бейінді оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді. Өнер пәні оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі-эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әр түрлі өнер түрлерін кешенді түрде меңгерту шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Мектепте өнер пәнін оқытудың мақсаты - әр түрлі өнер түрлерінің әсер ету заңдылықтарына сүйене отырып, жоғары сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру. Өнер пәнінін оқытудың міндеті – оқушыларды отандық және шетел өнерімен таныстыру, түсінуін арттыру, олардың рухани ішкі дүниесін байыту, көркемдік мәдениеттің дамуындағы білік, дағдыларын жетілдіру; өнер тілін меңгеруге, әлемдік мәдениетке деген құрметін тәрбиелеу.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау мәселесі жоғары мектептің теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар орын алған:

- мектептегі жоғары сыныптарда бағдарлы оқыту барысында өнер пәні сабағының оқу жоспарына ендірілуі мен өнерді оқытуды өнертанымдық педагогикалық тұрғыда тиімді ұйымдастыра алатын мұғалімге деген сұраныстың артуында;

- жоғары оқу орындарында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінің қажеттілігі мен өнер пәнін оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемесінің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалды. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыбыпты «Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі» - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауды теориялық тұрғыдан негіздеу, оқыту бағдарламасы мен әдістемесін жасау және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.

Зерттеу нысаны: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау үдерісі.

Зерттеу пәні: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың мазмұны мен әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың моделі, бағдарламасы және әдістемесі жасалса, онда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ұтымдылығы артады, себебі болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың нәтижелері жаңа сапалық көрсеткіштерге көтеріледі және мектепте өнер пәнін оқытудың сапасы жоғарлайтын болады.

Зерттеу міндеттері:

- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау;

- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың моделін анықтау;

- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың бағдарламасын жасау мен әдістемесін дайындау;



- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік – эксперименттік тексеруден өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуды дидактикалық ұстанымдарға сүйене отырып дайындасақ, мектептегі жоғары бейіндік сыныптарда өнер пәнін оқыту сапасы артта түседі.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынады.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың, тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесі болып табылады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шетел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық эксперимент нәтижесіне математикалық талдаулар жасап, баға беру.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші (2002-2004 жж.) тәжірибелік-ізденіс кезеңі. Онда зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді, қарастырылып отырған проблеманың тақырыбы, ғылыми аппараты айқындалды. Эксперименттік-тәжірибелік зерттеу жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезеңінде (2004-2008 жж.) оқу-тәрбие үдерісіне ендірілетін өнер пәнін оқыту әдістемесінің материалдары сұрыпталды. «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» «Педагогикалық іс-тәжірибе» бағдарламаларына мектептегі бейіндік сыныптарға арналған өнер пәнін оқыту бағдарламаларының қосымша мазмұны әзірленді және элективті курс бағдарламасының мазмұны айқындалды. Оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдістемесі жасалды. Эксперименттік-тәжірибелік зерттеу жалғастырылды. Озық тәжірибелер қорытындыланды.

Үшінші кезеңінде (2008-2010 жж.) зерттеу материалдары жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, Эстетикалық тәрбие беретін арнайы мектептердегі «Өнер» пәніне арналған бағдарлама, «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешендер басылым көрді. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу істері жалғастырылды. Қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды;

- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың моделі анықталды;

- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесі жасалды;

- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесі тәжірибелік эксперимент жұмыстары арқылы тексеріліп, оқыту үдерісіне енгізілді;

Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарындағы көркемсурет факультеттерінің студенттеріне, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдеріне арналған:

- «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Қазақстан бейнелеу өнері тарихы» пәндерінің бағдарламаларына қосымша бағдарламалар мен әдістемелік ұсыныстар;

- «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасы;

- «Педагогикалық іс-тәжірибе» ұйымдастырудың негізгі бағдарламасына қосымша бағдарлама;

- Эстетикалық тәрбие беретін арнайы мектептердегі «Өнер» пәніне арналған бағдарлама мен әдістемелік нұсқау жасалды.

Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы көркемсурет факультетінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау қоғам дамуы, мектеп сұранысы, мамандар дайындау талаптары, жеке тұлға қызметінің қызығушылық, білімділік, іскерлік мазмұнға негізделуі.

2. Өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың құрылымдық моделінің мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерге біріктірілуі, өлшемдері, көрсеткіштері.

3. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауда өнер пәнін оқытудың өнертанымдық-педагогикалық білімдерін беруге, өнер пәнін оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, іс әрекеттерін меңгертуге негізделген бағдарламасы мен әдістемесі, дидактикалық шарттары.



4. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындығын құрайтын өнертанымдық педагогикалық білімдері мен өнертанымдық педагогикалық іс-әрекеттердің меңгерілу деңгейлерін анықтаудың сипаттамасы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Республикалық, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларында: «Актуальные вопросы вузовской науки и совершенствование профессиональной подготовки будущих учителей» (Аркалык 1997), «Көркем-педагогикалық білім: жағдайы, тенденциялары мен келешегі» (Алматы 2005), «Мұғалімдер дайындау: мәселесі, болашағы және оларды шешу жолдары» (Арқалық 2006), «Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау» (Семей 2007), «Пути повышения эффективности подготовки учителей изобразительного и прикладного искусства» (Ташкент 2008), «12 жылдық білім беруге өту жағдайында педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселелері» (Семей 2008), «Білім және ғылым: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының тәжірибесі мен болашағы» (Семей 2008), «Шоқан тағылымы-14» (Көкшетау 2009), «Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері» (Шымкент-Москва 2009), «Әуезов оқулары-9: «Жаңа онжылдықтағы ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму жолдары» (Шымкент 2010) тақырыбында өткен конференцияларында баяндалып, талқыланды және мерзімді ғылыми-педагогикалық «Ұлт тағылымы», «Қазақстан кәсіпкері-профессионал Казахстана», «Ізденіс», «Қазақстан мектебі», «Оңтүстік өңірінін ғылыми хабаршысы» журналдарында жарияланды. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтының профессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында, кафедра мәжілістерінде, ғылыми әдістемелік семинарларында баяндалды және бағдарламаларда, оқу-әдістемелік құралдарда, оқу әдістемелік кешендерде, силлабустарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарының оқу үдерісінің тәжірибесіне ендірілді.

Зерттеу базасы. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: жұмыс авторының талапқа сай әдіснамалық және ілімдік қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, олардың тиімділігінің жоғары оқу орындарының көркем сурет факультеттерінде тексерілуімен қамтамасыз етілді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады.

«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың көркем практикалық, өнертанымдық, әдістемелік негіздері айқындалады. Өнердің эстетикалық тәлім-тәрбиелік, көркемдік білім мазмұнының өнегелілік мүмкіндіктері қарастырылады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың моделі жасалады, оған сипаттама беріледі, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық шарттары, құрылымы бағыттары мен әдістемесі негізделеді.

«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың әдістемелік кешенін эксперименттік зерттеу» атты екінші бөлімде тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне өнер пәнін оқытудың әдістемелік білімдері мен іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі беріледі; Эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің нәтижелері мазмұндалады.

Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар беріледі.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі жаңа заман мектебіне көркем-эстетикалық білім мен тәрбиені жан-жақты насихаттаушы және жалпы мәдени көркемтаным мен талғамға, биік эстетикалық мәдениетке ие мұғалім қажеттігін бүгінгі қоғам талабы дәлелдеп отыр. Егер бұған болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауды қосатын болсақ, мәселе мазмұны онан да көкейкесті бола түседі.

Бейнелеу өнері ұлттық мәдениеттің бір саласы ретінде жеке тұлғаға білім беру, эстетикалық тәрбие беру, жеке тұлғаны дамыту функцияларын атқарады. Бейнелеу өнері пәнін оқыту мен бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау әдістемесін анықтау мақсатындағы суретші педагогтар А.Ашбе, А.С.Сапожников, Д.Н.Кардовский, Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, А.С.Хворостов, Е.В.Шорохов, Қ.Е.Ералин еңбектерін сараптау - өнерді оқытудың негізгі бағыты қоршаған орта әсемдігін тануға, заттар мен құбылыстарды бейнелеуге, жастарды өнерді қабылдауға үйретудің негізделуін анықтайды. Өнер негізінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мәселесі Қ.Е.Ералин, Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев, З.Ш.Айдарова, Ж.Балкенов, Б.А.Әлмұхамбетов, Қ.Ж.Әмірғазин, Б.Е.Оспанов, Қ.О.Жеделов, С.А.Жолдасбекова, Ұ.М.Әбдіғаппарова, Ә.Қамақов, И.С.Сманов, М.Ж.Тәңірбергенов, П.Абашева, А.Қ.Ералина т.б еңбектерінде көрніс тапқан. Өнердің түрлері арқылы мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім беруде, жеке тұлғаны қалыптастыру және болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындауда халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдаланудың теориялық негіздерін анықтайтын мәселелер қарастырылған.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау оқу үдерісін мақсатты түрде ұйымдастыру, өзбетінше жұмыс жасай алатын маман дайындау міндетіне бағындыру, оқыту ісін студенттің өзін-өзі бақылай алу және өз жұмысын өзі ұйымдастыра білу деңгейін арттыратын, белсенді білім беру мен іс әрекеттерді меңгерту формаларын айқындауды көздейді.

Өнер пәнін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының қазіргі кездегі көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде оның негізгі ұғымдары мен түсініктерінен құралады. Педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістемесі белгілі бір мақсат қойып орындалуы жоспарланған білім көздерін менгеру жолындағы мұғалім мен оқушының өзара қарымқатынас іс-әрекеттерінің мазмұны, формалары, кезеңдері және оларды орындаудың жеке әдістері түрінде түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда студенттерді әдістемелік іс-әрекетке дайындаудың негізгі ұғымдары: оқыту, тәрбиелеу және жеке шығармашылық тұлға ретінде дамыту бағытында танылады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі өнерді жоғары сыныптарда оқыту мазмұнын диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, білім беру жобасын айқындау, білім беру әдістерін классификациялау, оқыту нәтижелері т.б. ұғымдарды біріктіреді. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесін айқындау өнертанымдық-педагогикалық білім, өнер пәнін оқыту, өнер пәнін оқытуға дайындау, өнер пәнін оқыту нәтижелері мәселелерін айқындау негізінде шешіледі. Өнертанымдық-педагогикалық білім өнер білімдері мен өнерді оқытудың педагогикалық мәселелерінің интеграциясын құрайтын жүйе ретінде танылады



Өнерді оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемесі


Өнерді оқытуға болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемесі


лар



Өнер тарихын оқытудың мақсаты мен міндеті


Пед. тәжірибенің мақсаты мен мазмұны

Элективті курсты оқытудың мақсаты мен міндеті




Өнер тарихын оқыту әдістері


Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру әдістері



Элективті курсты оқыту әдістері







Мектепте сабақ өткізу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру: күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау әдістері


Өнер тарихын оқытуда диагностика жасау әдістері, жоспарлау әдістері, ұйымдастыру әдістері және ұйымдастырылған іс-шараларды талдау әдістері.





Дәрістік, тәжірибелік сабақтар, семинар, пікір алысу, колоквиум, конференциялар ұйымдастыру әдістері.







Мектепте сабақ өткізу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру: күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау тәсілдері


Өнер тарихын оқытуды диагностика жасау тәсілдері, жоспарлау тәсілдері, ұйымдастыру тәсілдері және ұйымдастырылған іс-шараларды талдау тәсілдері





Дәрістік, тәжірибелік сабақтарды, семинар, пікір алысу, колоквиум, семинар, конференцияларды ұйымдастыру тәсілдері.









Студенттердің ғылыми ізденіс жұмыстары: курстық дипломдық жұмыс жұмыстарды орындау тәсілдері

қабілетін қалыптастыратын







НӘТИЖЕСІ: өнерді оқытудың әдістемелік білімдері мен іс-әрекеттері қалыптасқан бейнелеу өнерінің мұғалімі

қабілетін қалыптастыратын


Сурет 1 - Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға

дайындау әдістемесі
Өнер пәнін оқыту мазмұны оқытудың мақсат - міндеттерін, формасын, әдістерін, технологиясын, соңғы нәтижелерін, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау мәнін айқындаумен анықталады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнерді оқытуға дайындау әдістемесі өнерді оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау білімдері мен педагогикалық іс әрекеттерін меңгерту болып анықталады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінде оқытудың қазіргі жағдайына диагностика жасау, оны жоспарлау, ұйымдастыру және ұйымдастырылған іс-шараларды талдау әдістері туралы меңгерген білімдерімен, әдістемелік іс-әрекеттерімен айқындалады (Сурет-2).

Өнер пәні (Бейнелеу өнері)




Бейнелеу өнерін оқытуды жоспарлауды, талдау


Бейнелеу өнерін оқыту іскерлігі

Бейнелеу өнері

шығармаларын талдау

Бейнелеу өнері сабақтарын талдау іскерлігі

Өнертанымдық білімі

Өнерді оқытуды жоспарлауды ұйымдастыру іскерлігі

Өнерді оқыту білімі


Өнерді оқытуды талдау іскерлігі









Суретті талдау білімі

Кескіндемені талдау білімі;

Сәндік-қолданбалы өнерді талдау білімі;

Мүсінді талдау білімі;

Сәулет өнерін талдау білімі.


Суретті оқытуды талдау;

Кескіндемені оқытуды талдау;

Сәндік-қолданбалы өнерді оқытуды талдау;

Мүсінді оқытуды талдау білімі.




Өнердің әңгіме сабағының білімділік тәрбиелік, дамытушылық мәнін

талдау іскерлігі;

Мазмұнын,бірізділі

гін,кезеңдерін талдау іскерлігі;










Өнер пәнін оқытуда оқу материалдарын, жылдарға,тоқсандар

ға, жеке сабақтарға бөлуді жоспарлау мен ұйымдастыру іскерлігі













Ежелгі кезең өнерін оқыту әдістері;

Орта ғасыр өнерін оқыту әдістері;

Қайта өрлеу кезең өнерін оқыту әдістері;

Жаңа заман өнерін оқыту әдістері.

Қазақстан өнерін оқыту әдістері;

Суретшілер шығарма ларын талдау әдістері.




Ежелгі кезең өнерін оқыту тәсілдері;

Орта ғасыр өнерін оқыту тәсілдері;

Қайта өрлеу кезең өнерін оқыту тәсілдері;

Жаңа заман өнерін оқыту тәсілдері;

Қазақстан өнерін оқыту тәсілдері;

Суретшілер шығарма ларын оқыту тәсілдері.





Өнер туралы дидактикалық материалды жіктеу іскерлігі;

Өнер туралы материалдардан білім беру мақсатын жоспарлау іскерлігі;

Өнер туралы білім беру ісін ұйымдастыру іскерлігі;

Өнер туралы берілген білімді талдау іскерлігі.




Өнерді оқытуда

сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие сағаттарын, байқаулар, көрмелер, форумдар, экскурсиялар, кештер өткізу, пікір сайыстар,апталықтар, олимпиадалар,

үйірме, семинар сабақтарын ұйымдастыру нәтижелерін талдау іскерлігі.










Өнерді оқытудың әдістемелік білімдері мен іскерліктерінің қалыптасуы




Сурет 2 - Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің өнерді оқытудағы әдістемелік білімдері мен іскерліктерінің қалыптасуы

Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінің ұтымдылығын зерттеу мынадай міндеттерді анықтауға мүмкіндік туғызды: 1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау арқылы көркемдік білім беру үдерісін ұйымдастыру, бейнелеу өнерінен оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оны талдау туралы білімдерін меңгерту қажеттігін көрсетті. Студенттерді арнайы әдістемелік білім мен іскерліктерін менгерту дайындығынан өткізу қажеттігі туындады. 2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудағы шешуші фактор «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты болашақ мұғалімдерге арналған элективті курсты ұйымдастыру болып табылды. 3. Элективті курстың мазмұны өнер пәнін мектепте оқыту әдістемесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда оқытудың бағыттары, көркемдік білім берудің тарихы, өнерді мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттері және осы заманғы дидактикалық талаптары, өнер шығармаларын қабылдаудың өнертанымдық негіздерін ұйымдастыру әдістері болып негізгі төрт бағытты қамтитынын көрсетті.

Әдістеме саласындағы ғылыми еңбектерді талдау мен жүргізілген тәжірибелік эксперименттік зерттеу нәтижелерін сараптау негізінде мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік туындады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі студенттің белгілі бір әдістемелік іс-әрекетінің мазмұнынан, өнер пәнін оқыту білімдері мен іскерлігінің жиынтығынан құралған, оларды тәжірибеде қолдана білуімен анықталатын мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын кұрайтын, өнер пәнін оқытуға дайындауға негізделген әдістемелік іскерліктер мен дағдылар жүйесі болып табылады.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Мазмұндық қамтамасыз ету: «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәндерінің бағдарламаларына қосымша бағдарламалар жасау арқылы дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу; «Педагогикалық іс - тәжірибе» бағдарламаларына қосымша бағдарламалар енгізу арқылы мектептегі өнер пәні сабақтарымен сабақтан тыс тәрбиелік іс шараларды ұйымдастыру; «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасау және оның сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету карастырылады. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша: дипломдық жұмыс, курстық жұмыс, өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест тапсырмалары, өнер туралы пікір алысу, баяндама, нұсқау, кеңес беру, сауалнама, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету танылады. Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: оқу бағдарламалар, оқулықтар, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың қамтамасыз етілуі көзделеді. Материалдық қамтамассыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен, интерактивті тақта, видео, компьютерлік сыныптар оқу материалдарымен жабдықталуының қамтамассыз етілуі жоспарланады.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауда келешек маманның бойында жалпы көркемдік білім, өнер пәнін оқыту әдістемесі білімдерін қалыптастыру және тәжірибелік тұрғыдан іс шаралар ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді. Ол үшін болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің өнер пәнін оқыту әдістемесі пәнінде игерген теориялық білімдерінің нәтижесін дағды мен іскерлікті қалыптастыратын семинарлық, тәжірибелік, элективті курс, оқытушы мен студенттің өздік жұмысы және өнер пәнінен жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалардағы теориялық материалдардың берілуіне назар аудару, студенттерді мектеп тәжірибесіне толық енгізу қажет екендігі көрінді.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау мен эксперименттік зерттеу нәтижелері болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығының құрылымдық моделін анықтауға негіз болды. Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығының құрылымдық моделі үш компоненттермен (мотивациялық, мазмұндық, іс - әрекеттік) анықталады.



Мотивациялық компоненттер: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауда болашақ мұғалімнің өнер тарихы мен теориясына, шет ел өнеріне, Қазақстан бейнелеу өнері тарихына қызығушылығының болуымен, ұлттық өнер мен эстетикалық тәрбие үлгілеріне көркем мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарауы, ұлттық өнердің түрлері мен эстетикалық тәрбие үлгілерінің көркемдік білім беру мүмкіндіктеріне оң көзқарасының болуымен айқындалады.

Мазмұндық компоненттер: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау болашақ мұғалімдердің өнер пәнін оқыту әдістемесін, көркемдік тілін, тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру және талдау әдістері туралы білімдерімен, олардың көркем-өнер саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы көркемдік білім беру білімдерінің, рухани-эстетикалық тұрғыда даму, көркемдік құралдар, көркемдік білімнің мақсат-міндеттері мен мүмкіндіктері жөнінде теориялық білімінің болуымен; бейнелеу өнерінің тарихы, суретшілер шығармаларын талдау, қолөнердің түрлері мен бұйымдары, қолөнер шеберлері, қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері туралы білімдерінің болуымен анықталады.

Іс-әрекеттік компоненттер: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау, бейнелеу өнері туындыларына талдау жасау, олар туралы өз түсініктерін бере білу, өнер шығармаларының тарихына, көркем теориялық талдау жасау, эстетикалық тәрбие беру, бейнелеу өнері үлгілеріне талдау жасау іс әрекеттері мен дағдыларының болуымен; жоғары сыныптағы өнерді оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, дидактикалық шарттарды орындау, эстетикалық, өнертанушылық, педагогикалық, әдістемелік жұмыстарды орындау іс әрекеттерінің болуымен сипатталады (Кесте-1).

Кесте 1 - Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау моделі




Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

- көркемдік білімді меңгеруге ынтасы;

-болашақ маманның пәнді оқытуға деген қызығушылығы;

- өнер пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдануға деген талпынысы;

- көркемдік білім берудің озық үлгілерін өз бойында қалыптастыруға деген қызығушылығы;



- ішкі рухани байлықты дамытуға деген талпынысының болуы;

-болашақ мұғалімдердің өнерді оқыту арқылы көркемдік білім беруге қызығушылығының болуы;

-өнер пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып оқытуға ұмтылысының болуы;

-өнер түрлері, өнер тарихы, өнер шеберлерінің шығармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы педагогикалық білімге ұмтылысының болуы;


Мазмұндық



- өнер пәнін оқытудың мазмұны

формасы және әдістері туралы білімдері;

-көркем-өнер саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту, көркемдік білім беруде, рухани-эстетикалық тұрғыда білімдері;

-өнер пәнін оқыту әдістемесінің қажетті педагогикалық білімдері;



- өнер пәнің оқытудың әдістемелік білімдерінің болуы;

-оқытудың тәсілдері, әдістері, әдістемелері және өнер пәнін оқытудың педагогикалық білімдерінің болуы;

-мектеп оқушыларына өнер арқылы көркемдік білім, эстетикалық тәрбие беруді жоспарлау, ұйымдастыру, талдау білімдерінің болуы;

Іс-әрекеттік


өнердің түрлері, тарихы мен дамуы, өнер шеберлерінің туындылары арқылы оқушыларға көркемдік білім беруді жүзеге асыратын педагогикалық іскерлік пен дағдылары;

-өнер туындыларына талдау жасау іскерліктері мен дағдылары.


-өнер туралы білімді сараптаудағы педагогикалық іскерліктерінің болуы;

-өнер туралы дидактикалық материалдарды жіктеу іскерліктерінің болуы;

-өнер туралы материалды білім беру мақсатында жоспарлаудың педагогикалық іскерліктерінің болуы;

-өнер туралы білім беру ісін ұйымдастыру іскерліктерінің болуы;

-педагогикалық технологияларды пайдалану іскерліктерінің болуы;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет