Зерттеудің ғылыми болжамы:
Бастауыш сынып оқушысының рефлексиясы оның оқу әрекеті арқылы жүзеге аса отырып, баланың интеллектуалдық, эмоционалдық сапаларын жетілдіреді. Бұл жастағы рефлексия оқу мақсаттарын шешу барысындағы өз ойлау әрекеттерін бақылау, талдау, жоспарлау түрінде көрініс табады және психикадағы жаңа құрылым ретінде қалыптасады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық технологиялар негізінде оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлаудың құрылымдық-
мазмұндық моделі ақырғы нәтижеге жетудің теориялық-әдіснамалық негіздері; дайындау үдерісінің компоненттері мен көрсеткіштері айқындалған, мамандар даярлауда қолданылатын инновациялық технологиялардың зерттеу мәселесін тиімді шешуге бағытталған «даяр» болудың деңгейлері нақтыланған құрылым болып табылады.
Зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, обьектісі, міндеттері айтылады. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып қамтылған.
«Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, спихологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, теориялық негізі анықталды.
«Бастауыш мектепте оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері» атты екінші бөлімде педагогикалық психологияның ғылыми атауларын алғаш жасаушы екендігі, оның бұл саладағы қайталанбас өзіндік орны анықталады. Критериалды бағалауды қолдану оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыруға, оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуге және сол оқыту үдерісін қамтамасыз етуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, барлық мүдделі тараптарға оқыту нәтижерелі туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді
Қорытындыда нәтижелерге негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |