Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау


Ұйқыдан тұру, таңертеңгі қарау және кешкі тексеру



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі43 Kb.
#450646
1   2   3
Ораз Олжас ВК тәртіп

Ұйқыдан тұру, таңертеңгі қарау және кешкі тексеру.

Рота бойынша кезекші таңертең «Ұйқыдан тұрыңдар!» деген дабыл бойынша ротаны түгел ұйқыдан тұрғызады.

Ұйқыдан тұрған соң таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуы, үй-жайларды және аумақты жинап-тазалау, төсекті жинау, таңертеңгі жуынып-шайыну және таңертеңгі қарау жүргізіледі.

Рота бойынша кезекшінің: «Рота, таңертеңгі қарауға-сапқа тұр!» деген пәрмені бойынша таңертеңгі қарау үшін взвод командирлерінің орынбасарлары (бөлімше командирлері) өздерінің бөлімшелерін тағайындалған жерге сапқа тұрғызады; рота кезекшісі ротаны сапқа тұрғызып, сержантқа ротаның қарауға дайын екендігі туралы баяндайды.

Таңертеңгі қарауларда адамдардың бар-жоқтығы, олардың сыртқы түрі және олардың жеке басының гигиенасын сақтауы тексеріледі. Медициналық көмекке мұқтаждарды рота бойынша кезекші бөлімнің медициналық пунктіне жіберу үшін сырқаттанғандарды тіркеу кітабына жазады.

Таңертеңгі қарау барысында бөлімше командирлері табылған кемшіліктерді жоюды бұйырады, олардың жоюы тексеріледі және қараудың нәтижесі бойынша взвод командирлерінің орынбасарларына, соңғылары рота сержантына баяндайды.

Кешкі тексерудің алдында рота сержантының немесе взвод командирінің басшылығымен кешкі сейіл жүргізіледі. Кешкі сейіл уақытында саптық әндер орындалады. Сейілден кейін рота бойынша кезекшінің: «Рота, кешкі тексеруге сапқа тұр!» –деген пәрмені бойынша взвод командирлерінің орынбасарлары (бөлімше командирлері) өздерінің бөлімшелерін тексеруге сапқа тұрғызады. Рота бойынша кезекші ротаны сапқа тұрғызып, рота сержантына немесе оның орнындағы адамға ротаның кешкі тесеруге тұрғандығы туралы баяндайды.

Ротаның сержанты немесе оның орнындағы адам: «Тіктел!»деген пәрмен беріп, тексеруге кіріседі. Ротаның сержанты ротаның жеке құрамын атаулы тізім бойынша тексереді. Өзінің тегін естігенде әрқайсысы: «Мен!»деп жауап береді, болмағандар үшін бөлімше командирлері жауап береді.

Тексеру аяқталған соң рота сержанты: «Еркін тұр!» – деген пәрмен береді, барлық әскери қызметшілерге тиіс бұйрықтар мен нұсқауларды, келесі күнге арналған нарядты жариялайды және жауынгерлік дайындық пен өрт жағдайындағы жауынгерлік есепке алуды жүргізеді, взвод командирлерінің орынбасарлары келесі күнге арналған жинап-тазалаушыларды тағайындайды. Белгіленген сағатта: «Тоқтатыңдар!» – деген белгі беріледі, кезекші жарық қосады және толық тыныштық орнайды.

Оқу сабақтары.

Оқу дәрістері мен оқу жаттығуларына бүкіл құрам қатысуы тиіс. Дәрістерден тәуліктік нарядтағы және бөлім бойынша бұйрықпен көзделген жұмыстағы нарядтағы адамдар, сондай-ақ мереке немесе демалыс күнінде қызмет атқарғаны үшін өтеу тәртібінде демалыс күні берілген әскери қызметшілер ғана босатылады. Даладағы дәрістерден босатылған әскери қызметшілер үшін рота командирінің бұйрығымен дәрістер сыныпта жүргізіледі.

Дәрістер күн тәртібінде белгіленген сағаттарда белгі бойынша басталады және аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет