Уәждемелік эссе Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар ерекше қарқынме дамуда. Осыған орай мен өзімнің болашақ мамандығымның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткім келеді. Бағдарламашы болу өмірдің әр саласында сұраныс тудыруда. Ол ғылым мен техниканың заманауи талаптарға сай өркендеуіне жол ашты. Бұрынғы уақытқа қарағанда қазір еңбек күшін адамдар емес технологиялар алмастырып, соның нәтижесінде өнімділік күрт артты. Ал оларды іске қосу бағдарлама аясында жүзеге асады. Жер беті мен асты түгіл ғарыштық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау осы мамандардың арқасында жасалады.Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді. Аты-жөнім Сейтханов Айдос Рашид ұлы. Мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Бостандық ауданына қарасты 53- жалпы орта мектебін 2022 жылы 11-сыныпты үлгілі деген бағамен бітірдім. Мектеп қабырғасында математика, ағылшын және информатика пәндеріне деген қызығушылығым ерекше болды . Сол кезден математика пәнінен мектепаралық олимпиядасына қатысып, жүлделі орындарға иелендім. Солардың ішінде 5-сыныпта екінші, 7-сыныпта үшінш і және 8-сыныпта жүлделі бірінші орынға иелендім. 11-сыныпта ағылшын пәнінен де қатысып жүлделі бірінші орынға иеленгенімді атап айта аламын. Мектепаралық пән олимпиядалары маған көптеген білім және тәжірибе берді. Осындай жарыстарға қатысу арқылы менде бұл пәндерге деген қызығушылық және қабілет бар екенін ұйғардым. Осы себептерге сүйене отырып мен өз болашақ мамандығымды еш қиындықсыз таңдадым. Менің маманды-ғым - «web-programmer». Бұл мамандық қазіргі таңда өте қажет болған мамандықтардың бірі. Осындай технологияның даму кезеңінде бұл мамандық Қазақстан аумағында өз қажеттілігін тудыра отырып, заман талабына сай білікті мамандарды талап етеді. Осы факттарды ескере отырып, менің бұл салаға деген мол қызығушылығым, өз бойымдағы қабілет, ынта, жігеріммен осы саланың білікті де білімді, сұранысқа ие маманы бола алатыныма сенімдімін. Сіздер ұсынып отырған бұл бағдарлама аясында бағдарламашы мамандығының грант иегері атанып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті болып, осы мамандықтың барлық қыр-сырларын үйренуге ниеттендім. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |