Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
34–қосымша
«Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
-
Жалпы ережелер
1. «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің»: www.egov.kz веб–порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге және порталға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 90 (тоқсан) күн.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеген не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9–тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, бас тартудың себептерін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қағаз тасымалдағышында жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің қолымен және мөрімен расталады және көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылатын электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00–ден 14.30–ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 17.30–ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
2) порталдың – техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;
төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүліктің кепілді шартын, және бағалаушының кепілді мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
банктік кепілдік шартын;
кепілдемелер шартын;
4) аудиторлық есепті;
5) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерден алынған мүмкіндіктерді қоспағанда, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайларға, ашық алаңдарға және өзге аумақтарға өзге заңды негіздерді растайтын құжаттарды.
портал арқылы:
1) ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына аудару туралы төлем құжатының электрондық көшірмесін;
төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүліктің кепілді шартының электрондық көшірмесін, және бағалаушының кепілді мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
банктік кепілдік шартының электрондық көшірмесін;
кепілдемелер шартының электрондық көшірмесін;
4) аудиторлық есептің электрондық көшірмесін;
5) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй–жайларға, ашық алаңдарға және өзге аумақтарға өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін.
Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелуі) туралы, меншік құқығын растайтын құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушы, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлер жүгінген күнге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250–баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасымалдағышында өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9–тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты–жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеген барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, шағымды қарағаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.kgd.gov.kz, интернет–ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуы мүмкін.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8–800–080–7777.
Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
_______________________________________ заңды тұлғаның толық атауы
__________________________________________
заңды тұлға
__________________________________________
іс-жүзіндегі мекен-жайы
__________________________________________
БСН
__________________________________________
электрондық мекен-жайы, веб-сайты
________________________________________
уәкілетті органның атауы
Өтініш
Сізден, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, бізді уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуді сұраймыз.
Біздің қарамағында:
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз ету туралы ақпарат
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;)
Әрбір жылға кемінде он тауарға арналған декларация болған кезде мемлекеттік кірістер органына жүгінген күнге дейін үш жыл ішінде жүзеге асырған сыртқы экономикалық қызмет туралы ақпарат
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органына жүгінген күніне Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің бары/жоғы туралы ақпарат
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органына жүгінген күніне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің бары/жоғы туралы ақпарат
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органына жүгінген күніне өтініш иесінде, құрылтайшыларда, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлерде 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің бары/жоғы туралы ақпарат
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органына жүгінген күніне 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 – 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің статьями 527, 528, 531 – 535, 537 – 545, 548 – 555 және 558-баптарына сәйкес бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылмау фактілерінің бары/жоғы туралы ақпарат______________________________
______________________________________________________________________________
Кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мәліметтерді шаруашылық операцияларды өткізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі туралы ақпарат
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз евроны құрайтын заңды тұлғаның меншікті жарғысы туралы ақпараты бар өтінішті берген күнге дейін үш жылдық кезеңді тексеруді қамтитын аудиторлық есеп және (немесе) аудиторлық есептер, және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не тиісті құжаттармен расталатын өзге заңды негіздерде өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайлар, ашық алаңдар және өзге аумақтар туралы ақпарат
___________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі ___________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісім
_______________________________________________________________________
____________________ берген күні:____________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама
____________________________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы
____________________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
_____________________________________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы
____________________________________________________________________________
Электрондық мекен-жайы, веб-сайт
Ұйымдастыру сипаттамалары
№
|
Сұрақ
|
Жауап
|
1
|
Заңды тұлғаның акцияның бақылау пакетін иеленуші құрылтайшылардың, акционерлердің, ірі акция ұстаушылардың (акциялардың үлесі 10% артық) мекен-жайын көрсетіңіз
1) Т.А.Ә.
2) ЖСН/БСН (егер құрылтайшы заңды тұлға болған жағдайда);
3) акционерлердің, құрылтайшылардың, заңды тұлғалардың директорлары атына ресімделген компаниялар туралы мәлімет;
|
|
2
|
Мемлекеттік кірістер органдарында заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру үшін жауапты тұлғалар туралы мәліметті көрсетіңіз:
1) Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, еңбек шарт (бұйрық) жасалған күні және нөмірі (жеке тұлға үшін);
2) атауы, БСН, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, қызмет көрсету туралы шарттың нөмірі және күні (заңды тұлға үшін)
|
|
3
|
Заңды тұлға қызметінің негізгі түрін көрсетіңіз
|
|
4
|
Заңды тұлғаның, сондай-ақ басқа елдердегі өкілдіктері және /немесе филиалдары туралы мәліметті көрсетіңіз:
1) қызметтің түрі;
2) заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;
3) телефон нөмірлері және электрондық поштаның мекен-жайы;
4) қызметкерлер саны
|
|
2. Бизнестің көлемі
|
1
|
Кедендік декларациялау жүзеге асырылады:
1) Кедендік декларациялауды дербес жүзеге асырылған кезде қорғаныс жапсырмасының кодын көрсетініз;
2) кеден өкілінің қызметі (атауы, БСН, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы бұйрығының нөмерін және күнін және қорғаныс жапсырмасының коды)
|
|
2
|
Сіз демпингке қарсы немесе өтемдiк баждарға жататын тауарлармен жұмыс істейсіз бе? (Иә/жоқ)
Егер, иә болса, онда демпингке қарсы немесе өтемдiк баждарға төлеуге жататын тауарлардың өндірушісі (лері) және елдері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсыныңыз.
|
|
3
|
Заңды тұлға соңғы жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында әкімшілік жауапкершіліккке тартылды ма? Егер, иә болса, онда заңды тұлға тартылған бапты көрсетіңіз және алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданған?
|
|
3. Бухгалтерлік есеп, логистикалық және компьютерлік жүйе
|
1
|
Мына мәселелер бойынша ақпаратты ұсыныңыз:
1) Сіз кедендік декларациялар мен тауарлардың автоматтандырылған бақылау және есепке алу жүйесін пайдаланасыз ба? (Иә/жоқ) Егер иә болса, онда Сіз қандай жүйені пайдаланасыз?
2) Сіз пайдаланатын декларациялар мен тауарлардың автоматтандырылған бақылау және есепке алу жүйесінің бағдарламалық өнімі мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімімен үйлесімді ме?
3) Сізде тауарлар мен көлік құралдарының іс жүзіндегі санының құжаттары бойынша деректердің сәйкес келмеуін анықтауға арналған ішкі бақылау жүйесі бар ма? Егер иә болса, оның неге негізделетінін және немен бекітілетінін көрсетіңіз?
4) Заңды тұлға қандай бухгалтерлік және логистикалық бағдарламалық қосымшаларды пайдаланады?
5) Сізде құжаттаманы сақтау және оған бөгде адамдардың санкцияланбаған кіруінен компьютерлік жүйені қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша технологиялық шаралар бар ма? Егер иә болса, оның неге негізделетінін және немен бекітілетінін көрсетіңіз?
6) Компьютерлік жүйені басқару және қорғау үшін кім жауапты болады?
|
|
2
|
Қай компания бағдарламалық өнімнің сүйемелдеуін жүргізеді? Бағдарламалық өнімді сүйемелдейтін заңды тұлғаның реквизиттерін, бағдарламалық өнімді сүйемелдеу туралы шарт жасасқан күні және нөмірі.
|
|
4. Қаржылық тұрақтылық
|
1
|
Соңғы үш жыл ішінде заңды тұлғаға қатысты төлем қабілетсіздігі бойынша қандай да бір сот талқылауы болды ма? (Иә/жоқ)
Егер иә болса, деректемелерін көрсетіңіз.
|
|
2
|
Заңды тұлғаның қаржылық ахуалы туралы мәліметті көрсетіңіз:
1) таза активтердің мөлшері;
2) жалпы (ағымды) өтімділік коэффициенті;
3) меншікті капиталдың табыстылығы;
4) қаржылық тұрақтылықтың коэффициенті;
|
|
5. Тауарлардың ішкі бақылау жүйесі
|
1
|
Егер сіз өндіруші немесе экспорттаушы
болып табылсаңыз, қандай тауарларды өндіресіз және/немесе экспорттайсыз? Өз тауарыңыздың қысқаша сипаттамасын көрсетіңіз? Сіздің тауарларыңыз қайта өңдеуге және/немеес экспортқа ұшырай ма? Бір жыл ішінде тауарлар жеткізілімінің қандай мөлшерін жүзеге асырасыз?
|
|
6. Экспорттық бақылау және екі жақтық белгілеу тауарлар туралы ақпарат
|
1
|
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Сіздің заңды тұлғаңыздың қызметі қосарланған мақсаттағы тауарлармен байланысты ма?
2) Сіз экспорттық шектеулерге немесе эмбаргоға немесе басқа салықтық емес талаптарға ұшырайтын қосарланған мақсаттағы тауарлардың әкелуін қалай жүзеге асырасыз? Егер, иә болса, Сіз әкелген қосарланған мақсаттағы тауарларға қатысты мемлекеттік бақылаудың қандай шаралары қабылданды?
Сондай-ақ, осы тауарларға қатысты тиісті ережелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін қандай рәсімдер пайдаланылатынын қысқаша сипаттаңыз (мысалы, рұқсат, ерекше жауапкершілік, арнайы оқытылған персонал және басқа)?
Мұндай тауарларға қатысты Сіздің заңды тұлғаңызда бекітілген нұсқаулық, басшылық немесе басқа басқару құжаттары бар ма? (Иә/жоқ)
|
|
6. Тауарларды сақтау
|
1
|
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Сізде тауарларды сақтауға арналған орындар бар ма?
Егер иә болса, олардың орналасуын және олардың шаршысын сипаттаңыз, олар немен жабдықталған және тауарларды сақтау кезінде қабылданатын қауіпсіздік шараларын көрсетіңіз;
2) Сізде заңды тұлғаның өзге аумақтарында тауарларды сақтауға арналған үй-жайлар бар ма? (Иә/жоқ)
Егер иә болса, олардың шаршысын сипаттаңыз, олар немен жабдықталған және тауарларды сақтау кезінде қабылданатын қауіпсіздік шараларын көрсетіңіз;
|
|
2
|
Тәуекелдің әртүрлі деңгейі бар тауарлар жеке сақталады? (Иә/жоқ)
Егер иә болса, онда жеке сақтауға арналған өлшемшарттарды сипаттаңыз (мысалы, қауіпті жүктер, жоғары құнды тауарлар, химиялық заттар, қару-жарақ және т.б.)?
|
|
3
|
Сіз стандарттарды қанағаттандыратын тауарларға санкцияланбаған қол жетімділікті алдын алу үшін сәйкестендіру құралдарын пайдаланасыз ба (халықаралық стандарттарға сәйкес келетін пломбалар, мөрлер)?
|
|
Заңды тұлғаның
басшысы ___________________________
(қолы, күні)
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |