Уәлиев Д. Академик Бөкетов есімі орталық көшеге лайық / Д. Уәлиев // Орталық Қазақстан. 2004. 23 желтоқсан



Дата24.02.2016
өлшемі45.5 Kb.
#14521
Уәлиев Д.

Академик Бөкетов есімі орталық көшеге лайық / Д.Уәлиев // Орталық Қазақстан.- 2004.- 23 желтоқсан.
Орталық Казақстандағы химия-металлургия ғылымы мен жоғары білімінің дамуына зор үлес қосып, мемлекетімізге, халқымызға ұлан-ғайыр еңбегімен есепсіз пайда әкелген қазақтың көрнекті ғалымы Евней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 2005 жылдың наурызында 80 жыл толады.

Осы уақытқа дейін академик есімін кейінгі ұрпақтың жадында мәңгілікке қалдыру жолында әріптестері, шәкірттері мен көзін көрген жанашыр азаматтардың қолдауымен үлкен жұмыстар атқарылды. Қарағанды Мемлекеттік Университеті Е.Бөкетовтің есімін иеленіп, езі көп жылдар еңбек еткен Университеттің Гоголь көшесіндегі оқу ғимаратында мемориалдық мұражайы ашылды.

Ғұлама ғалымның артына қалдырған бай мұрасын ғылыми еңбектері мен әдеби туындыларын бүгінде көзінің қарашығындай сақтап, қайта басып шығарып дәріптеп келе жатқан інісі, мемлекеттік дәрежедегі зейнеткер мемориалдық мұражайдың директоры Қамзабай Арыстанұлы Бөкетов.

70 жылдық мерейтойында Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми-көпшілік кітапханасына, Петропавл қаласының орталығындағы көшеге, Шал ақын ауданы орталығы Сергеевка қала типтес поселкесіндегі мектеп-гимназияға Е.Бөкетовтің есімі берілді.

Осылайша өзге ұлт өкілдері басым, қазағы шамалы солтүстік өлкедегі академиктің туып өскен жеріндегі жерлестері құрмет көрсетіп, өздерінің перзенттік парыздарын орындап, мәрттіктерін танытты.

Өкінішке орай Сарыарқада, Қарағанды қаласының көшелерінің біріне Е.Бөкетовтің атын беру мәселесі дұрыс шешімін тәба алмай келеді.

Рас, кезінде кеншілер астанасының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі Степной-4 мөлтек ауданын Е.Бөкетов даңғылы деп атау туралы Қарағанды облаткомының 1989 жылғы 23 шешім шығарылғантын.

Алайда, пошта байланысы, көптеген қызмет көрсету салаларының ресми іс-құжаттарында Е.Бөкетов даңғылы атауы мүлдем жоқ болып шықты.

Иә, байқағанымыздай әлі күнге Степной-4 мөлтек ауданы ресми өзгермеген күйінде тұр.

Қарағанды қаласындағы көшелердің біріне академик Е.Бөкетовтің есімін беру туралы «Орталық Казақстан» газетінің 13 желтоқсан 2003 жылғы санында марқұм журналист Д.Мақаштың «Бөкетов алдындағы парыз» деген көпшілікке ой тастайтын көкейкесті мақаласы жарық көрген болатын. Аталған мәселеге оқырман қауым да үн қосып, өз пікірлерін газет бетінде білдіріп қызу қолдауларын көрсетті.

Е.Бөкетовке көше атын беру туралы ұсыныспен қарағандылық елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, академик-ғалымдар Ә.Сағынов, С.Досмағамбетов, Ң.Аманбаев, З.Молдахметов, Ғ.Құлқыбаев, С.Әдекенов, А.Ғазалиев, В.Малышевтар облыс әкімі К.Мухамеджәновтың атына ашық хат жолдады.

Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия және фитохимия институттарының ұжымы Қарағанды қаласындағы Ленин көшесін академик Е.Бөкетовтің атымен атау туралы ғылыми кеңестің жалпы отырысында бірауыздан қабылданған шешімнің хаттамасын калалық әкімдікке жіберген.

Бұған қала басшысы Ю.Литвинов, орынбасары А.Шалабаевтан ұсыныстарыңыз ономастикалық комиссияда қаралуда деген мазмунда бірнеше жауап хат келеді.

Қашанғы, қанша жыл қарала беретінін өзіміз де түсінбей отырмыз. Содан бері қалалық әкімдік пен мәслихаттың шешімімен талай танымал тұлғалардың есімі өте қысқа мерзімде Қарағандының көшелеріне беріліп, ескерткіштері орнатылды ғой.



Е.Бөкетовтің есімін Қарағандыдағы көшелердің біріне беру туралы қалалық әкімдіктің жоғары жаққа жолдаған хатына Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының бұрынғы орынбасары Б.Әйтімованың атынан: Жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы ономастикалық комиссиялардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы Үкіметтің арнайы шығарылған қаулысына сәйкес жергілікті-жерлердегі ономастикалық комиссиялардың жұмысы қайта қалпына келтірілген кезде ұсыныстарыңыз қаралады, деген ресми жауап келген (№27-27 1587 4 қазан 2004 ж.). Міне, осылайша академикке көше атын беру туралы маңызды істің шынымен оң шешімін табуы оңай болмай тұр.

Ендеше, Қарағанды облыстық, қалалық әкімдігі мен маслихаты, өзі 14 жыл тұрған Ленин немесе Оңтүстік-Шығыстағы орталық бір көшеге Қарағанды Мемлекеттік Университетінің негізін салушы, алғашқы ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетовтің есімін 80 жылдық торқалы мерейтойы қарсаңында ресми түрде берілуіне атсалысса, баба алдындағы өтелмеген парызымыз орындалып, ұлы ұстаз әруағы туған халқына шексіз риза болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет