Уыт технологиясы



бет5/10
Дата08.12.2022
өлшемі305.75 Kb.
#466851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Уыт технологиясы. Дәнді тазалау және сұрыптау

Өндіру әдістері. Қазіргі кезде дәнді өндіру үшін пневматикалық және статикалық тоқты әдістер қолданылады.
Тоқты әдіс тегіс асфальтталған немесе бетондалған едені бар бөлмеде тоқты уыт өсіргіштерде іске асырылады. Жібітілген дән дезинфекцияланған еденге жұқа қабатталып (25-30 см) жайылып, ашық түсті уытты алу үшін 7-8 тәу ішінде 10-120С температурада, күңгірт уытты алу үшін, керекті температураны және ауаның енуін қамтамасыз ету мақсатында оқтын-оқтын араластыра отырып 9 тәу өндіріледі. Бұл әдіс көп еңбекті қажет етеді және өнімділігі аз, температураны реттеуге мүмкіндік бере алмайды.
Пневматикалық уыт өндіру жәшік немесе барабан типті пневматикалық уыт өсіретін қондырғыда іске асырылады. Әдісте көміртек диоксидінің жойылуын, аэрация және температураның реттелуін қамтамсыз ететін, өніп жатқан дән арасына салқындатылған ауамен үрлеу қарастырылған.
Жәшікті уыт өндіргіш сырты (цементтелген) судың ағуы үшін қиғашынан жасалған, ішінде (торлы) дәнді өндіру жүргізілетін тікбұрышты пішінді бірнеше ашық жәшіктен тұрады. Жәшіктің үстінде шнекті араластырғыш қозғалып тұрады. Салқындатылған ауа ішкі және сыртқы түптері арасына желдеткіш арқылы беріліп тұрады. Жәшік саны өндіру тәулігінің санына сәйкес болуы керек. Өндіру кезінде дайындалған дән жәшікке 0,8-1,2 м биіктіктегі қабатпен салынып, керекті салыстырмалы ылғалдықта (≥90) және температурада ауамен желдетіледі. Жәшіктегі уыттың температурасы 12-16 0С деңгейде ұсталып тұруы керек. Өндіруді жақсарту үшін дәнді тәулігіне 2 рет жәшіктің ана басынан мына басына дейін араластырып тұрады.
Жәшікті уыт өндіргіштің 8-16 бөлімнен тұратын арақабырғалармен бөлінген, әрқайсысына салқындатылған ауа жіберіліп, жылжымалы қатарласып тұратын ұзын түрі бар (9.6-сурет).

6-сурет. Жылжымалы қатарласып тұратын пневматикалық уыт өндіргіш

Жібітілген дән күбіден 1 торлы ыдысқа бірінші екі бөлімге салынады. Әр 12 сағатта араластырғыш 3 (ковшты конвейерлі жылжымалы каретка) жәшіктің көлденеңінен қозғалады, уытты алып және оны торлы ыдыстың түбінің арнайы бөлігіне 2 шашады. 7-8 тәуліктен кейін дән барлық жәшіктің көлденеңінен өтеді де, жаңа өнген уытқа айналады, араластырғышпен шнекті камераға 4 тиеліп шығарылып отырады. Мұндай уыт өндіргіштің жәшіктермен салыстырғанда артықшылығы араластырғыш қондырғының қарапайымдылығы және құрылысына аз капиталдың кетуі. Бірақта мұндай уыт өндіргіште салқындатуда камераның бірігіп қалғандығынан жеке секцияда уыт өндіру үдерісін реттеу қиындығы, сонымен қатар ковшты араластырғыш уытты зақымдайды.


Барабан типті уыт өндіргіш жабық және ашық түрде болады. Жабық барабанның екі түрі: тегіс елекпен және електі құбыр кеңінен тараған.
Тегіс електі барабан ішінде тік тегіс торы бар цилиндр, ал електі құбыр барабан ортасында және шетінде торлы құбыр орналасқан болат цилиндрден тұрады. Өндіріліп жатқан дән барабанның айналымы (45-60 минутта бір айналым) бойынша араласады. Периферинді електі құбыр арқылы берілетін салқындатылған ауа дәннің қабаттары арқылы өтіп орталық електі құбырға түсіп, жойылады. Ауамен желдету оқтын-оқтын жүргізіледі. Дән салынады да дайын уыт барабанның шеткі үстінде орналасқан қабылдағыш арқылы алынып отырады.
Статикалық уыт өндіргіште сулау, дәнді өндіру және уытты кептіру бір аппаратта іске асырылады (9.7-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет