Авторлық таңдау курсының бағдарламасы
HTML тіліде web- құжаттар жасау негіздері
8 сынып
34 сағат
Бағдарлама авторы:
Қасымов
Берікжан Сырымұлы
дарынды балаларға арналған «Зерде»
мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Астана-2010
«Екпей егін бітпес,
Ұйренбей білім бітпес»
Түсініктеме хат
Бұл оқу құралы Web-технология пәнінің бастапқы негіздері ретінде дарынды балаларға арналған мектептер мен гимназияларға арналып құорылған. Осы курсты бізде дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебіне енгізіп отырмыз. Келтірілген материал оқу стандартына сәйкес пәннің өзгеріп отыратын үрдісін есепке ала отырып құрастырылған. Оқу құралының негізгі мақсаты оқушыларға Интернет желісінде орналасатын құжаттар жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету негізінде нақты жұмыс істеуге үйрету болып табылады.
HTML тілінде web-құжаттар жасау негіздері 8 сыныптағы «Телекоммуникация технологиясы» тақырыптарын түйіндеп тереңдетеді және «Құжаттардың гипермәтіндік тілдері», «Web беттерін құру» тақырыптарынан алған білімдерін жалғасытыра отырып күрделендіреді.
Бұл курс оқушының информатика саласына деген білімін тереңдетуге, практикада қолдана алуға үйретеді және жаңа компьютерлік технологияларға деген түсініктерін
кеңейтеді, сонымен қатар Web дизайнердің бастамаларымен танысады. .
Берілген курс жүктемесі бір оқу жылына аптасына 1 рет өткізуге негізделген және ол тек ақпараттық–технология, математикалық профилдерге ғана емес, әмбебап оқытуларға да бағытталған.