Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Зертханалық және сынамалық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі



бет6/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#124521
1   2   3   4   5   6

5. Зертханалық және сынамалық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Зертханалық жұмыстар
852. Зертхананың ғимараты мен үй-жайлары өндірудің зияндығына байланысты жабдықталады.

853. Ауамен жарылыс қауіпті қоспалар түзетін жанғыш сұйықтармен, жанғыш шаң және газдармен жұмыс жүргізілетін зертхана ғимараттарында, жарылыс қауіпсіз жарықтандырғыш құрылғыларын пайдалану тиіс.

854. Желдету жүйесiнің ақауы анықталған жағдайда, зерттеу жұмыс кезінде зиянды заттар, газдар және бу бөлінетін тартпалы шкафтардағы жұмыстар дереу тоқтатылуы тиіс.

855. Улы газдар немесе сынаптың булары бөлінетін өндірістік бөлмелерде жұмыс істейтін жұмыскерлер, газға қарсы құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

856. Қауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған бөлмелер, басқа зертхананың басқа бөлмелерінен бөлек болып, жеке шығу жолы және басқа бөлмелердің желдеткіштерімен байланыспаған тартпалы шкафы болуы тиіс.

857. Желдеткіштің қосқышы ғимараттың кірер аузында болуы тиіс және жарықтық, дыбыстық дабылдармен тұйықталуы қажет, сонымен қатар қосымша негізгі желдеткіш істен шыққан жағдайда пайдаланылатын қосымша желдеткіш қарастырылуы тиіс.

858. Зертханалық ғимараттың желдеткіші ағынды-тартылатын механикалық жолмен және тартпа шкафтардан ауаны сорып алуға арналған желдеткіш құрылғылармен жабдықталған болуы тиіс. Зертханалық бөлмелердің ауаалмасуы, ауадағы зиянды заттардың мөлшері шекті-рұқсат концентрациясынан аспайтындай болып ауысып тұратындай есептелуі тиіс.

859. Химиялық агрессивті заттармен жұмыс жүргiзiлетiн зертханалық ғимараттарында желдету құрылғылары химиялық төзімді материалдардан дайындалуы немесе тоттануға қарсы қабаттары болуы тиіс.

860. Ауасы тартпалы шкафтар төменгi және жоғарғы сору құрылғыларымен жабықталуы тиіс.

861. Өрт және жарылысқауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған ауа тартпалы шкафтар және жұмыс үстелдерінің беті жанбайтын және ұшқын шығармайтын материалдардан жасалуы қажет, ал қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химиялық белсенді заттармен-материалдармен жұмыс істегенде, басқа химиялық белсендi заттармен және қышқылдармен, материалмен, жұмыс істеу үшін олардың әсеріне төзімді кемінде 2,0 см биiктiгi бар жиектері болуы тиіс.

862. Ауа тартпалы шкафтардағы шамдар барлық орындаулары бойынша, сонда пайда бола алатын жарылысқауіпті қоспалардың тобы мен санатына сәйкес келуі тиісті. Штепсельді розеткалар мен қосқыштар ауа тартпалы шкафтың сыртында болуы қажет.

863. Шкафтардағы және жұмыс үстелдеріндігі су крандары мен газ крандары алдыңғы ернеуде (жиекте) және абайсызда кранның ашылуын борлдырмайтындай болып орнатылуы тиіс.

864. Барлық газды және ауалық өшіргіш құрылғыларда «Газ», «Ауа-Воздух» деп жазылған жазбалар болуы тиіс.

865. Пайдаланылмайтын газ құбыры жабық крандардағы тығындау құрылғысымен өшіріліп, жабық крандарға пломбалар қойылуы тиіс.

866. Көп мөлшердегі химиялық ыдыстарды жуу үшiн оқшауландырылған, олармен қызмет көрсетілетін зертхананың ортасында орналасқан, жуу ғимараты жабдықталуы қажет. Жуу орны арнаулы үстелдермен жасақталуы тиіс:

1) зиянды заттарды жоюға арналған ауа тартпалы шкафы бар бір үстел;

2) сода ерiтiндiсiмен және таза сумен жуу үшiн ашық түрдегі екі үстел қарастырылады.

867. Әрбір зертханалық ғимараттағы ауа тартпалы шкафта, ыдысты жууға арналған орын қарастырылуы тиіс.

868. Тері арқылы енетін және теріге, жұқа терілерге әсер ететін зиянды заттармен жұмыс жүргізілетін зертханалар орналасқан ғимараттарда, зақымдалғаннан кейін, 6-12 секундттан аспайтын уақытта, автоматты түрде іске қосылатын орны мен санын қамтамасыз ететін сусеберлер мен жуыну орындары болуы тиіс.

869. Қышқыл және сілті құйылған шыны бөтел ыдыстарды тоттануға қарсы қабаты бар немесе химиялық төзімді материалдардардан жасалған металдан жасалған түп ыдыстарда, мықты ағаш торларда сақтау тиіс. Шыны бөтел ыдыс пен тордың арасындағы кеңістік, алдын ала отқа қарсы құраммен сіңдірілген орағыш материалмен толтырылуы қажет.

870. Зертханаларда күшейтілген қышқылдар түп ыдыстарға орнатылған көлемі 1 литр болатын химиялық төзімді материалдардан жасалынған ыдыстарда сақталады және егер онда қышқылдың әсерінен тоттануға ұшырайтын кәріз жүйелері, құбыр жолдары, газ жолдары және басқа да құбыр жолдары іске қосылмаған болса, ауа соратын құрылғысы бар арнайы орында тартпалы шкафтың төменгі бөлігінде орналасады.

871. Cілтілерді және күшейтілген қышқылдарды жұқа бүйiрлi шыны ыдыстарда сақтауға жол берілмейдi.

872. Сiлтiлiк металлдар сусыздандырылған керосинде немесе майда, қалың қабырғалы, ауа өткізбейтін, мұқият тығындалған ыдыста сақталуы тиіс. Сiлтiлiк металлдары бар шыны қақпақтары тығыз жабылатын металлдан жасалған жәшіктерге қойылады, оның жандарына және түбіне асбест салынады.

873. Тез тұтанатын және оңай жанғыш сұйықтықтар, тығынмен тығыз жабылатын қалың қабырғалы шыны ыдыста, зертхана бөлмелерінде сақталуы тиіс, оның қабырғалары және түбі асбеспен қапталған болуы тиіс. Белгілі бөлмеде сақталатын жеңіл тұтанатын және оңай жанғыш сұйықттардың тізімі мен әрбір затқа сақтауға рұқсат етілген нормаларды зертхана меңгерушісі бекітеді және олардың сақтау орнында ілінеді.

874. Зертхана бөлмелерінде қайнау температурасы 50оС төмен болатын тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға болмайды.

875. Химиялық заттары бар ыдыстардың әрқайсысында, өнімнің аты көрсетілуі қажет. Зертханада химиялық заттарды, ыдысында заттың атауы жазылған жазбасы болмаса сақтауға болмайды.

876. Химиялық ыдыстарды тамақты сақтауға және тамақ ішуге пайдалануға болмайды.

877. Өзара химиялық белсенді заттарды бірге сақтауға болмайды.

878. Қауiптi заттар арнаулы бөлмелерде металл жәшіктерде құлыпталған және пломбыланған болуы тиіс. Бұларға арналған ыдыстар толық тұмшаланған болуы тиіс.

879. Қауiптi заттарды сақтау, есепке алу және жұмсауы жауапкершiлiгі зертхана меңгерушiсiне немесе оның орынбасарына жүктеледі. Бұл заттар жазбаша талаптар болғанда беріледі, талаптарда ұйымның техникалық жетекшісінің немесе зертхана меңгерушісінің қолы болу тиіс. Жұмсалған көлемдеріне акт жасалуы тиіс. Жұмсалған қауіпті заттар зертхана кітапшасында тіркеледі.

880. Әрбір қауіпті заттардың түріне қарай, жұмыс орындарында және қоймаларда бейтараптағыш құралдар болуы тиіс.

881. Зертханаларда көрініп тұратын, жеңіл алынатын орында алғашқы дәрігерлік көмек көрсету дәрі-дәрмектерімен қобдиша болуы тиіс,.

882. Зертхана ғимаратында отты пайдалана отырып (газ бен электрмен дәнекерлеу), жөндеу жұмыстары, жоғары қауіпті жұмыстардың өндірілуіне наряд-рұқсатнама беріліп рәсімделген соң жүргізіледі.

883. Тоттануға қарсы желдеткiштерді қолдану тиіс, жиынтығында дыбыс басқышы бар ауаны қыздыратын және салқындатын құрылғымен жабдықталған немесе сәйкестендірілген калорифер кондырғыларымен жабдықталған болуы тиіс.

884. Ауа тартпалы шкафтардағы ауаның жылдамдығы және соруы улы заттардың жұмысшылар ағзасына зиян келтіретін мүмкіндігін болдырмайтындай болуы тиіс және жылдамдығы 0,25 м/с кем емес не тең және қысымы 10 мм.су.дең. (100 Па) болуы тиіс. Ауа тартпалы шкафтардың құрылымы тазалауға және желдету құрылғыларына қосуға жеңіл болуға тиіс. Шкафтың артқы қабырғасы отқа төзімді заттармен бекітіледі.

885. Жұмысы кезінде ауаға шаң-тозаң шығаратын зертханалық жабдықтар, желдеткіш құрылғыларына қосатын келте құбыршалары бар, тұмшаланған жабынмен қолдалынады.

886. Дистилляторларды орнату үшін отқа төзімді тұғырлармен қамтамасыз ету тиіс, ал түтікшелердың жалғаулары тұмшаланады.

887. Қышқыл таратқыш қондырғылар жеңіл ашылатын және жабылатын төккіш шүмектермен жабдықталуы тиіс.

888. Сынап құралдары тесіктерді жабатын тығындармен және бетті ашық сынап беттерінде шыны қалпақ жасалуы тиіс (поляриметрлерде және полярографтарда). Құралдарды сынаптан тазалауға және қалдықтарды жинауға арналған төгетін ыдыс саймандармен жиынтықталады.

889. Сынап құралдарының шығып тұрған шыны бөлшектерін қоршау тиіс.

890. Сынапты сақтауға арналған ыдыс болаттан жасалған және тығыз жабылатын тығыны болуы тиіс немесе қалың қабырғалы шыныдан және үйкеленіп жабылатын тығыны болуы тиіс. Сынапқа арналған шыны ыдыстың көлемі 500 см3 артық болмауы тиіс.

891. Улы газдардың ауадағы рұқсат етілген концентрациясын сақтай отырып, ауа тазалығын толық сақтау үшін жылжымалы химиялық зертханалар тиісінше қажетті желдеткіштермен жабдықталады.

892. Спектральдық сараптама жұмыстарына арналған аспаптардың ток өткізгіш бөліктерінің сыртқы орамдарының кедергісінің 100 МОм кем емес көрсеткіші пайдалынады.

Ауыстырып қосқыш және реттегіш аспаптарының ток өткізбейтін тұтқалары сыртқа шығарылады.

893. Спектографтың электрод бекіткішінің кабелдері (сымдары) бұралымсыз, дәнекерлеусіз, иiлгiш жылуға шыдамды орамдарымен болуы тиіс.

894. Спектрографтың штативiнiң құрылымы ыңғайлы, реттеуге қауіпсіз және электродты жылдам ауыстыруға ыңғайлы болуы тиіс. Электродтардың қысқыштары ұстағыштарға сенімді бекітілуі тиіс.

Штатив, доғаның жануын (ұшқынды) көру терезесі арқылы қауіпсіз бақылауға арналған, қорғалған сәуле сүзгіші бар, қорғау құралымен жабдықталады. Спектральдық құрылғының жиынтығына сақтандырғыш сүзгі- көзілдірік кіреді.

895. Сепараторлар шаңды, буды және газды соруға арналған тартпалы құрылғылармен жабдықталады. Электрлік сепараторлардың, бақылауға арналған тұмшалап жабылатын және піскілейтін тесіктері бар, шаң, ылғал өткізбейтін қаңқасы болуы тиіс. Сеператорлардың ішкі бөліктеріне жетуге қамтамасыз ететін есіктері, сеператордың жұмысы кезінде ашылып кетпеуі үшін бұғаттау құрылымдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

896. Центрифугалар қызмет көрсетуші жұмыскерлерді, бөлінетін зиянды бу мен газдан қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тиісті және сору желдеткіштерге қосылады.

Центрифуганың қақпақ-жабынының және қаңқасының арасында сору желдеткішінің жұмыс істеп тұрған кезінде тұрақты таза ауа келіп тұрып, зиянды газдардың сыртқа шығуына кедергі жасайтын, саңылау қалдырылады.

897. Люминесценттiк сараптама жұмыстарына арналған құрал-саймандар, сынап шамдар үшiн қорғаныстық бүркенiштермен, сонымен қатар, манипуляция жасау үшiн жиынтықпен және тиiстi қорғаныстық көзәйнекпен жабдықталуы тиіс.

898. Люминесценттік құрал-саймандар, сынап шамдары жұмысы кезінде пайда болатын, озонды және азоттың тотықтарын сорып шығару үшін, желдеткіштермен жабдықталады.

899. Жылулық сараптама құралдары, ұлпа қосындыларды сорып шығару үшiн сорғылармен жабдықталады.

Құрамында улы қоспалары бар минералдарды жылулық сараптауға арналған құрылғыларда, газ түрінде бөлінетін токсиндерден қорғану үшін арнайы қондырғылар қарастырылады.

900. Тапсырмаға қатысы жоқ және жұмыс нұсқаулықтарында ескерiлмеген жұмыстарды зертханада орындауға жол берілмейдi.

901. Жұмыс басталардан 30 минут алдын, зертхананың барлық бөлмелерінде, шке тарту-сыртқа шығару желдеткіштері іске қосылуы тиіс, бұл кезде алдын – сыртқа сору желдеткіші, сонан соң ішке тарту желдеткіші іске қосылуы тиіс. Жұмыс аяғында желдеткіштерді өшіру кері бағытта жүргізілуі тиіс: алдын – ішке тарту желдеткіші, кейін – сыртқа сору желдеткіші өшіріледі.

902. Шашылған, төгiлген қауiптi сұйықтықтар тез арада залалсыздандырылып және жинап алынуы тиіс.

903. Ағымдағы жұмыс үшiн қажеттi қауiптi заттардың ерiтiндiлерiнің қалдықтары, күн сайын, жұмыс күнi аяқталған соң, қауiптi заттарды сақтауға, жұмсалуына және есепке алуға жауапты өндірістік жұмыскерге тапсыруы тиіс.

904. Қышқылдарды құйып-қаттау жұмыстары, арнайы бөлмелерде жүргізілуі тиіс. Қанықтырылған қышқылдар, зертханаға сыйымдылығы 1 литрден аспайтын ыдыста әкелінуі тиіс тиіс.

905. Күкірт, азот және басқа сұйықтықтарды дайындау үшін, қышқылды суға жіңішке ағынмен құйып, үздіксіз араластырылады. Суды қышқылға құюға рұқсат етiлмейдi.

906. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды зертханаға, арнайы, металдан жасалған, тұтқасы бар, жәшікке салынған, тығыз жабулы ыдыста жеткiзiлу тиіс.

907. Зертхананың әрбір жұмыс бөлмесінде бір мезгілде сақталатын тез тұтанатын сұйықтықтардың қоры бiр тәулiктiк қажеттiлiктен аспауы тиіс. Жұмыс барысында, сақталатын тез тұтанатын сұйықтықтардың көлемін ұлғайту тиіс болса және осыған байланысты жұмыс жетекшісі, ұйым басшылығынан жазбаша түрде рұқсат алуы тиіс.

908. Заттарды дөңгелек түпті немесе ыстыққа төзімді колбаларда, сулы, майлы немесе құмды суқайнатқыштарда немесе жабық спиральді электрлік плиталарда қыздыру тиіс. Ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде пайдаланылған сүзгі қағаздар және қағаздар сәйкес келетін ерітіндіде залалсыздандырылып және жойылуы қажет.

909. Кеуекті, ұнтақ тәрізді және басқа да соларға ұқсас заттарды (активтендiрген көмiр, кеуектелген темір, пемза және соларға ұқсас) қыздырылған оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарға салуға жол берілмеуі тиіс.

910. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәріз жүйелеріне төгуге рұқсат етiлмейдi. Пайдаланылған қалдық сұйықтықтар, арнаулы тұмшаланған ыдыстарда бөлек-бөлек жиналып, сол ыдыстарда, жұмыс күнiнiң аяғында, зертханадан регенерацияға немесе жойылуға тапсырылуы тиіс.

911. Тотықтарды сутегімен қалпына келтірген кезде, түтікшелерді және тигелдерді, сутегі түтікшедегі немесе тигелдегі ауаны толық ығыстырғаннан соң кыздыру тиіс.

912. Натрий тотығымен, құрамында органикалык заттары немесе көмірі бар кендерді балқытуға болмайды.

913. Жанып тұрған газды шiлтерлерiнiң және қыздырылған беттердiң жанында күкiрт көмiртекпен, жанармаймен және басқа да от қауiптi сұйықтықтармен жұмыс жасауға рұқсат етiлмейдi.

914. Жанармайдың, эфирдің және басқа тез тұтанатын заттардың тұтанған кезде сумен өшіруге болмайды, оларды тез арада құммен немесе өртсөндіргішпен сөндіру қажет.

915. Барлық құрғақ реактивтерды, әсіресе сілтілі металдарды мен олардың тотықтарының гидраттарды (улы сілтілер) қысқыштармен, фарфор қасықтармен, қалақша көмегiмен немесе резеңке қолғаптармен ұстау тиіс.

916. Пиросульфат балқымасын даярлап жатқан кезде, тостағанды тартпалы шкафтағы мықты тұғырға орнату тиіс.

917. Толық суып болғанға дейiн, тостағанды тұғырдан түсіруге рұқсат етiлмейдi.

918. Улы заттармен жұмыс орындалған жұмыс орнының аумағы әбден жуылып, залалсызданады.

919. Сақтағыш ағаш қалпақтармен (Бунзен шыны сауыты) вакуумда жұмыс iстеуге арналған ыдыс, алдын-ала вакуумды сорғының көмегімен сақтандырғыш қақпақшалардың астында сыналу тиіс.

920. Ацетилендік жалынмен жұмыс кезінде:

1) арнайы жуғышта қысқыштардың (қамыттар) көмегімен қыздыру аспаптарынан және басқа да жылу көздерінен ашық оттан 10 метрге дейін жақындамай 2 метр қашықтықтан ацетиленді баллон орналастыру;

2) тек қана тексерiлген редукторларда, құбырлар және манометрлерде жұмыс істеу тиіс;

3) ацетиленi бар баллонның ашуға дейiн, тұтандырудың алдында жалынды айдайтын сорғы от шiлтерiне ауа жіберуіне көз жеткiзу тиіс;

4) жұмыстың аяқтауынан кейiн ацетиленнің берiлуін өшiру тиіс, тек қана содан кейiн ғана, ауа айдайтын сорғы өшіріледі.

921. Спектраль құралдың тұғыр астындағы үстел беті асбестпен қаптайды немесе басқа отқа төзімді материалмен қапталады.

922. Спектрлердi қоздыру көзін қосу үш ажыратқыштары (техникалық токтiң қалқанындағы жалпы ажыратқышпен, желі ажыратқышпен және жоғары жиiлiктi токтарды ажыратқышпен) бар тетікпен іске қосылады.

923. Жұмыс уақытында электродқа және ұстағышқа жақындауға рұқсат етiлмейдi. Ортақ ажыратқыш әр түсiруден кейiн өшiрiледi. Электродтарының ауысымының алдында генераторды өшіріп және оның сыйымдылығын сөндіру тиіс.

924. Рұқсат етiлмейдi:

1) егер зертханада екiншi жұмыскер болмаса доғамен, ұшқынмен қондырғыларда, көтерiлген қауiп-қатердiң басқа құрылғыларымен және жалынмен бiр кiсi жұмыс iстеуге;

2) ғимараттарда жұмыс істеуге, шырақ газ немесе ацетиленнің шығуы, басқа ұшқынмен, жалынмен немесе ашық отты пайдалануға, сонымен қатар кез келген ажыратқыштарды қосуға болмайды.

925. Рентген қондырғылары жеке баспаналарда орналастыру тиіс. Басқару пульттерi, көршiлес бөлмелерде орналасуы тиіс.

926. Рентген зертханалары қондырғыларды қуаттандыру көзінен бөлек, жеке жарықпен қамтамасыз етіледі.

927. Рентген қондырғысын қоректендіру басты ажыратқыш арқылы iске асырылады. Басты ажыратқышты жұмыс аяқталған соң өшiру қажет.

928. Дұрыс емес бұғаттаумен жұмыс iстеуге рұқсат етiлмейдi. Жоғарғы вольтті желілер, сымдар мен қлемма тетіктерге абайсызда жанасу немесе тиіп кетуді мүлдем болдырмайтындай етіп орнатылуы тиіс. Тосқауыл нүктелері және құрылғылар аптасына бір реттен кем емес аралықта тексеріліп тұруы тиіс.

929. Жөндеу жұмыстары рентген қондырғысын қоректендіргіш ажыратылып өшірілгенін ескерту кестесі хабарлағаннан соң жүргізіледі.

930. Рентген камераларын немесе кассеталарды ренгген спектографтарына орнату кезінде түтікшенің алдында тікелей сәулелену әрекеті жүріп тұрғанда қызметкерлерге тұруға болмайды. Көрсетіліп отырған операцияларды қорғасын шынысынан қорғаныс экранын қолдана отырып жүргізу тиіс.

931. Түтікшелерді тексеру кезінде сондай-ақ жұмыс тәртібінің орнатуы кезінде түтікшелердің барлық терезелерін қорғасынмен жабу тиіс. Жұмыстық кернеуде 50кВ дейін қорғасын пластинкалардың қалыңдығы 1мм, 100 кВ дейін - 2мм, 150 кВ-қа дейiн - 3 мм болып орнатылуы тиіс.

932. Жұмыс істеп тұрған (іске қосылған) рентген қондырғысын қараусыз қалдыруға жол берілмеуі тиіс.

933. Сұйық хлормен жұмыс істеу кезінде сыйымдылығы 0,5 кг-нан асатын баллондармен жұмыс істеуге, оларды қыздыру аспаптарына жақын орналастыруға, жүйелердегі саңылаудың болмауына тексеру жүргізбей, олардың аспаптарын іске қосуға рұқсат етiлмейдi.

Сұйық хлормен жұмыс істеу және оны сақтау орындарында залалдандыру заты (зәрлi натрий) және әрбір өндірістік жұмыскер үшін - газға қарсы құрылғылар болуы тиіс.

2-параграф. Сынамалық жұмыстар
934. Пайдаланудан қалған және тау кен жұмыстарын барлау, пайдалану және сынама алу жұмыстары бойынша, сонымен қатар байыту фабрикаларының қайырмаларында жұмыстар жүргізу сынамалатын учаскедегі қауіпсіздікке жауап беретін адамның рұқсат етуімен жүргізіледі.

935. Қолданыстағы кен орындарында жұмыс істеу орындарына бару және керісінше қайту, осы ұйымның техникалық қызметкері бекіткен бағыты бойынша жүргізіледі.

936. Сынама алынатын орындардан тікелей өтетін жарықтандыру және жеткізетін кабельдері, сынама алу кезінде электрлік монтермен ажыратылады немесе сынама алу жұмыстары кезінде, басқа қауіпсіз қашықтыққа ауыстырылады.

937. Сынама алу үшін арнайы сұйықтық шашыратпайтын автоматты сынамаалғыштар және арнайы құрылғылар немесе құралдар қарастырылды. Қолмен сынама жасауға тек ерекше жағдайларда ғана, ұйымның техникалық басшысымен бекітілгенде ғана рұқсат беріледі. Қолмен сынама алған жағдайда сынама алушының қолғабының ұзындығы 20 см кем болмауы қажет.

938. Сынама алушылар және басқа да құралдар сынама алуға арналғансынама жасалатын ортаға қатынасына қарай химиялық инертті материалдардан жасалуы тиіс.

939. Бір сынама алғышты екінші рет қайтадан қышқыл және сілтілі ерітінділерден сынама алуға пайдалануға болмайды.

940. Бұрғылау құрылғысында керннен сынама алу үшін арнайы алаңша бөлінуі тиіс. Жәшіктердің кернмен қатталуының биіктігі олардың құлауын болдырмауы тиісті.

941. Бұрғылау шламын сынамасын алу ауысымның бұрғылау шеберінің бақылауында жүруі тиіс. Бұрғылау құрылғысы жұмыс істеп тұрған кезде, шлам жинағыштарды шешуге және құруға рұқсат етілмейді.

942.Сынама алатын ғимараттарда құрамында зияны бар заттарды сақтауға рұқст берілмейді.

943. Сынама алу жұмыстары, тек осы мақсатта берілген орындарда ғана жүруі тиіс.

944. Сынамаларды механикалық алуға арналған жабдықтар, дірілді басатын сенмді тұғырларда пайдаланылу тиіс.

945. Сынамаларды ұсатуды және майдалауды қолмен жүргізу, тек жабық келілерде жүргізіледі.

946. Ұнтақталған сынамаларды қолмен елеу жұмыстары тығыз жабылатын қақпақтары бар елеуіштерде жүргізіледі.

947. Сынамаларды қолмен алу кезінде жұмыскерлер бір-бірінен 0,5 метр қашықтықта орын алулары қажет.

948. Салмағы бірнеше тонна келетін, ірі кесекті массалардан жалпы сынама алу жұмыстары, қорғаныс борттары бар қоршалған алаңдарда өткізілуі тиіс.

949. Сынамаларды ұнтақтау және елеу бойынша жұмыстар қосылған тартылып тұртын желдеткішпен, ал құрамында зиянды заттарды сынамалар – шатыр тәрізді сорғу зонттың астында жүргізеді; жұмыстарды желдеткіш өшірулі тұрғанда жүргізуге болмайды.

950. Сынамаларды механикалық өңдеуге арналған ғимараттар ағынды-сорғыш желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі.

951. Сынамаларды құрғату желдеткішпен жабдықталған арнайы ғимараттарда жүргізіледі.

952. Шаңтұратын ошақ көздерінің стында жеке сорып алатын құрылғылар орнату тиіс.

953. Улы заттары бар заттармен және улы заттармен сынама алу кезінде сору желдеткішіне біріктірілген органикалық шыныдан жасалған бокстар қолданылады.

954. Сынамаларды өңдеуге арналған құрылғылардың арасындағы өту жолдары және құрылғылар мен ғимараттың қабырғаларының арасынан өту жолдарының ені 1 м аралықтан кем болмауы тиіс.

955. Сынаманы алуға арналған құрылғылар (ұсатқыштар, майдалағыштар, елегіштер және тағы басқалары) тұмшаланып және жергілікті желдеткіш жүйелеріне жалғасқан құрылғыларымен пайдаланылады. Шаң болатын жабдықтарды тұмшалауға арналған жабындар алынып-салынатын болуы тиіс.

956. Желдеткіш жүйесіне қосылмаған ұсатқыш-ұнтақтағыш құрылғысының салу, түсіру және ауысу орындары жергілікті сорғы жабынмен жабдықталады.

957. Ұнтақтағыш-ұсатқыш құрылғыда шаңтұтқыш құрылғыларды шешу, түсіру тесіктерінің енін ретке келтіру, жұмыс тораптарын тазарту кездеріндегі олардың қосылып кетуін болдырмайтын тосқауыл қоятын құрылғы қарастырылады.

958. Ұсатқыштардың арту және түсіру тетіктері жұмысқа ыңғайлы биіктікте орнатылады.

959. Ұсатқыш-ұнтақтағыш жабдықтардың құрылымы өңделетін кеннің тасталымын болдырмауды қамтамасыз етеді.

960. Ортадан тепкіш диірмендердің айналатын корпусы қарау терезесі бар қаптамамен жабдықталады.

961. Диірмен жетектерінің тісті дөңгелектері бүтндей металлдан жасалған қаптамамен, трансмиссиямен, біліктер, торцтар, біріктіргіш муфталар шешілетін қаптамамен қапталады.

962. Ортадан тепкіш диірмендердің арту және түсіру орындарында шаңды басуға арналған сушашатын саптамалар орнатылады.

963. Инерциялы ұсатқыштар дыбыс шығармайтын оқшаулағыш қаптамалармен жабдықталады.

964. Электрқыздырғыш ұсатқыштар жұмыскерлерді ток және күйіп қалудан сақтайтын қоршаулармен жабдықталған.

965. Инерциялы дірілдегіш ұсатқыштардың қалыпсыз айналатын дөңгелектері мықты қаптамалармен қоршалады.

966. Өз салмағының әсер етуімен материалды тасымалдауға арналған арықша, тасталым орнында, шаң жұтуға арналған құрылғымен жабдықталады.

967. Пневматикалық жетектегі сынама алғыштармен ауажеткізетін келте құбырлардан сынама алу жұмыстары, сынама алу орнынан 3 м қашықтықта, тек сынама алудың алдында ғана ашуға рұқсат етілетін қосымша (сақтандырғыш) бұрама бекітпе орнатылады.

968. Қолмен сынама алуға қолданылатын аспаптың массасы 8,5 кг артық болмауы тиіс. Сынама алатын аспапқа жұмыс процесінде түсетін статикалық жүктеме 5 кгс мөлшерінен артық болмауы тиіс.

969. Кесу арқылы сынама алатын аспап, сенімді бекітлген алмазды дөңгелекпен және қорғаныс қабымен жабдықталады.

970. Кесуге арқылы сынама алатын аспаптармен сынама алу кезінде, шеті кесілген дөңгелектерді және қорғаныс қабықтарының немесе дөңгелектері әлсіз бекітілгенін пайдалануға жол берілмейді.

971. Бұрғылау ұңғымаларының керндерін сынамадан өткізу керн кесетін (тас кесетін) станоктар немесе кернді кескіштерін пайдалана отырып жүргізіледі. Төсте керннен сынаманы қолмен ажыратуға болады.

972. Кернкескіш станоктар жұмыскерлерді сулы пульпадан қорғауға арналған мөлдір экранмен жабдықталады.

Керн кесетін станоктардың электрлік қозғалтқыштары ылғалды шашулардан қорғалған орындауларда болады.

Керн кесетін станоктарда керосин буын (немесе керосин эмульсиямен алмастырылған) соруға арналған құрылғы қарастырылған. Керн кесетін құрылғылардың және керн тескіштердің құрылымы қайта өңделетін кеннің тасталу мүмкіндігінсіз қолданылады.

973. Бұрғылау ұңғымаларының керннен сынама алуға арналған ұңғылау құрылғыларында арнайы алаңша бөлінеді. Алаңшаның орнын ұңғылау шеберімен келісіп белгілеу тиіс.

974. Керні бар жәшіктер штабельдерінің биіктігі құламайтын биіктктегі оның тұрақтылығына қамтамасыз ету шартымен қолданылды.

975. Колонкалы бұрғылаудың ұңғымаларының шламдарынан сынама алуды бұрғылаушының бақылауымен жүргізу қажет. Ұңғыма станогі жұмыс істеп тұрған кезде шлам жинақтағышын шешуге және орнатуға болмайды.

976. Жүктерді көтеру және түсіру жұмыскердің шурфқа (дудкаға) түсуіне дейін немесе оның сыртқа шығуынан кейін болады.

Шурфта (дудкада) тұрған жұмыскерге жүкті беруге немесе қабылдауға рұқсат етілмейді.



6. Уранды өндірумен және өңдеумен айналысатын

нысандарды жою тәртібі
977. Кен орнындағы жұмыстар аяқталған соң, кен орны немесе оның уран өндіру және өңдеу блоктарының кейбір бөліктері жоюға жатады және рекультивациялық жұмыстар жүргізіледі.

978. Уранды өңдеумен және шығаруға қатысты ұйымның немесе олардың жеке объектiлерiнің жойылуы, пайдалы кендерді өндіру жұмыстарының түбегейлi тоқтатулары толық шығаруға қатысты болып табылады және жүргiзiледі:

1) егер кеніштің одан әрi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық зерттемесi бойынша, экономикалық немесе басқа негiздемелерге байланысты жұмыспен өтеуi аяқтағаннан соң немесе реттiң баланстық қорларын есептен шығаруына байланысты тиімсіз болса;

2) сақтап қалуы техникалық мүмкiн емес тау кен орындарының қирауымен немесе су басып қалуына қатысты техногендi аварияның пайда болу жағдайларындағы, немесе экономикалық тиiмсiз болса.

Уранды өндіру және өңдеу нысандары, оның бөліктерін жою, рекультивациялық жұмыстарды жүргізу тиісті талаптарға сай дайындалған және мемлекеттік сараптамадан өткен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

979. Игерілген, өндірілген және толық өңделген кен орындарын жоюға арналған жобаны дайындау алдында кен орнының гидрогеологиялық және геофизикалық зерттеулер жүргізіледі. Жобада технологиялық үдіерісте қолданылатын химиялық реагенттердің әсерінен, өңделген кен орындарынан ығысқан жерасты суларынан сақтандыру және ұңғымаларды және жерасты қабаттарды толық залалсыздандыру шаралары қарастырылуы қажет. Рекультивациялық жұмыстарға арналған, қалпына келетiн жер телімдері, барлық шараларды орындаудан кейiн тиiстi құжаттаманы ресiмдеу арқылы, жер телімдерін пайдаланушыларға қайтарып берілуі тиіс.

980. Жобада өндіріліп біткен кен орындағы жер асты суларының, зиянды заттардың онындағы бар болуын миграцияға бақылаудың таратушы мониторинг және өлшемдердi жүйесі ескеруi тиіс, периметр бойынша тескен бақылау ұңғылары арқылы бақылануы тиіс.

981. Өндіріліп біткен кен орындарының аумағындағы бақылағыш және технологиялық ұңғылар бекітілген тәртіпте жойылуы тиіс.

982. Ғимараттар мен құбырлардың жер бетiндегi желiлері, коммуникациялары барлығы ажыратылып, жиналуы тиіс. Өнеркәсіптік қалдықтармен ластанған жер телімдерінің бөлiктері тазартылып, өнеркәсiптiк қоқыстар арнайы орынға көмілуі тиіс.

983. Жобада штабельдердегі технологиялық процесс кезінде қолданылған химиялық реагенттер толық бейтараптандырылып, зиянды химиялық заттардың жерасты және жер бетіндегі су қоймаларына түсуіне жол бермеу шаралары қарастырылуы қажет.

984. Өңдеуден шыққан және штабельдерден өндірілген тау массасы, толық бейтараптандыру өткiзуден кейiн жобамен анықталған немесе басқа жерлерге көміледі. Штабельдердiң негiзi тегістеледі, бүлінген жерлерге рекультивациялық жұмыстар жүргiзiлуі тиіс.

985. Өңдеуден шыққан тау кен массасын штабельдерді толтыруға жол беріледi, бұл жобада мыналар ескерілуi тиіс:

1) гидрооқшаулау табанға қарай 1800 аспайтын еңкіштікпен штабельдерді толтыру;

2) өңдеуден шыққан үйінділерді құнарлы топырақпен жабу арқылы рекультивациялық жұмыстарды жүргізу;



3) жер бетіндегі су тоғандарында зиянды заттардың бар-жоғын тексеріп, бақылау жұмыстарын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет