2.2 Сот – срапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
Сот – срапшылық зерттеу әдістерін ғылыми практикалық қызмет ретінде жіктеу әр түрлі – ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы, әдістер алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу обьектісіне әсер ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.
Ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы бойынша әдістер былайша бөлінеді:
-
Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логика)
-
Жалпы әдістер: бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, эксперимент, модельдеу және т.б.
-
Жеке ғылыми әдістер. Т.В. Аверьянов дәл атап көрсеткендей, негізінде өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудің арнаулы әдістері санатына ұқсас. Жеке ғылыми әдістерді қолданудың аясы бір текті немесе пайдаланылатын сипаты бойынша бір – біріне жақын бірнеше білімдердің сараптамасы болып табылады. Мұндайға фотографиялық, физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады.
-
Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген обьектіні зерттеу үшін әзірленеді. Мысал ретінде адсорбциондық – люминесцентті, диффузиялық – көшірме әдістерді келтіруге болады.
Обьектілердің зерттелетін белгілеріндегі бейнеленіп алынатын ақпараттың сипаты бойынша, әдістер бейнелерді талдау, морфологиялық талдау, физикалық, химиялық және обьектілердің басқа қасиеттерін талдау әдістері деп бөлінеді.
Обьектілерге әсекр етудің дәрежесінен шыққанда, бұзылмайтын әдістерге бөлінеді, оларға обьектіге әсер етпейтін және сынама дайындықты іске асыруды қажет етпейтін әдістер жатады.
Сот – сарапшылық зерттеу әдістемелері де жіктеледі.Мысалы, орталық дәрежесі бойынша типтік және нақты әдістеме болып бөлінеді.
Типтік срапшылық әдістеме - типтік срапшылық міндеттерді щещудің жинақтап қорытылған тәжірибесінің көрінісі. Белгілі бір жағдайларда бұл әдістемені сарапшы қандай да бір бейімдеусіз, өзгертусіз қолднауы мүмкін.
Нақты немесе жеке әдістеме – типтік әдістемені бейімдеу, өзгертудің нәтижесі немесе сарапшылық міндетті шешуге шығармашылық түрде келудің жемісі болып табылатын нақты сарапшылық міндетті шешудің тәсілі.
Нақты әдістеме сарапшының қызметі нәтижесі ретінде мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
-
сарапшының практикада немесе сараптама процесінде жүргізген эксперименті нәтижесінде жаңадан, алғашқы рет туындаған сарапшылық міндетті шешу үшін өзінің жеке тәжірибесін іске асыруда;
-
сарапшының шығармашылық тәсіл көрсетуі: стандартты аспапты жетілдіруде, жалпы қабылданған әдістемені өзгеше ерекше амалмен толықтыруда;
-
әр түрлі ғылымдардың деретері мен әдістерін синтездеу арқылы осы зерттеу үшін құрылған сарапшылық әдістеме негізінде міндетті толық көлемде шешуде.
Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген, мақұлдап – қорытылған, сарапшылық әдістеме типтік мәртебе алу үшін, ол мақұлдану және ендіру сатыларынан өтуі керек. Осыған сәйкес әдістемелер алдын ала ғылыми сынаққа берілуі, оны сот сараптамасы органының ғылыми - әдістемелік кеңесінің бекітуі, арнаулы мемлекеттік тізілімінде стандартты ресімдеу мен тіркеуден өтуі керек.
2.3 Сот – сарапшылық технология түсінігі. Компьютерлік технология құралдарын сот – сарапшылық зерттеулерде пайдалану.
Қазіргі уақытта сот – срапшылық технологиялар сот – сарапшылық мекемелердегі сарапшылық зерттеуді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейінің моделі болып табылады.
Технология белгіленген жүйелікте тиісті кеңістік – уақыттық интервалдарда және таңдалған мақсатқа жету үшін белгілі бір техника негізінде іске асырылантын әр түрлі операциялар мен дағдылардың жиынтығы бон ұсынылады. Технологияның аталған белгілері тек технологияның элеметтері боп ұсынылатын әдістер мен әдістемелеріне оның айырмашылығын айтуға мүмкіндік береді.
Сарапшылық технология түсінігін М.Я. Сегай мен В.К. Стринжей енгізді. Олар: «Сарапшылық технологияны»
-
мемлекеттік сот – сарапшылық мекемелердегі сот сараптамаларын жүргізуді ұтымды және тиімді ұйымдастырудың ережелері, тәсілдері мен амалдарының жиынтығы;
-
технологиялық сұлбаларды, процестер мен карталарды сипаттау; аталған ережелерді, тәсілдерді, амалдарды, биологиялық сұлбаларды, процестер мен карталарды әрі қарай жетілдіру жөніндегі жалпы және жеке ережелерді әзірлеу болып табылады.
Жалпы сарапшылық технологияны құрудың элементтері нақты профиль мен рангтағы сот – сарапшылық мекемелерінің типтік сұлбасын әзірлеу, сарапшылық өндірісті жүзеге асырудың деңгейлерін анықтау, сарапшылық өндірістің барлық деңгейі мен операциялық сұлбалары үшін қызмет субьектілерін анықтау болып табылады.
Жеке сарапшылық технологияларды әзірлеуге мамандар мен қызметкерлер құрамын пайдаланудың технологиялық сұлбаларын, сондай- ақ құрал – жабдықтарды орналастыруды, сарапшылық міндеттерді шешудің негізгі және қосалқы операциялық сұлбаларын әзірлеуді, нақты сараптамаларды жүргізудің технологиялық карталарын әзірлеуді құру кіреді.
Қазіргі уақытта сарапшылық технологиялардың элементтері сот сараптама органдарының қызметіне табысты енгізілуде, оның мысалы ретінде, обьетілік принцип бойынша, сол сияқты әдістемелік прицип бойынша құрылғанг көп мақсатты сарапшы – кешенін құру болып табылады.
Қазіргі заманғы компьютерлік технология құралдарын кеңінен ендіру бүтіндей осы сот – сраптама қызметіне де қатысты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы сот сараптмасы органдарының пратикасында сот сараптмасына компьютерлік технологияларды ендірудің мына бағыттары іске асырылып жатыр:
-
Компьютерлік құралдарды аспаптық зерттеулер барысында алынатын эксперименттік деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандыру үшін пайдалану;
-
Бейнелерді талдау жүйелерін пайдалану Соның ішінде, олар: жазутану баллистикалық дактилоскопиялық, габитологиялық, құжаттардың срт – техникалық сараптама аумағындағы зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді;
-
Нақты сараптама обьектілері бойынша деректер қор мен автоматтандырылған ақпараттық – іздеу жүйелерін жасақтау;
-
Сарапшылық міндеттерді шешу ретінде, сондай- ақ дайындығы үшін бағдарламалық құралдарды әзірлеу;
-
Сот сараптамаларын тағайындау туралы қаулыны құруға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалар.
Сарапшының автоматтандырылған жұмыс орнын қаматамасыз ету құрылымына:
-
тиісті деректер базасы;
-
сараптаманың белгілі тегі мен түрінің міндеттерін шешудің математикалық модельдерді, алгоритмдері мен автоматтандырылған бағдарламалары;
-
автоматтандырылған жасақтау, жазбалар, редакциялау мен мәтінді сыртқы құрылғыға шығару жүйелері жатады.
-
Автоматтандырылған жасақтау, жазбалар, редакциялау мен мәтінді сыртқы құрылғыға шығару жүйелелерін қолдану сарапшылық қорытынды мәтіндерін ресімдеуге қызмет етеді. Негізінде, сарапшы қорытындысынң мәтінін жасақтау бағдарламаны пайдаланушының сұхбаты процесінде жүзеге асырылады.
2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу.
Сот сараптамаларын жіктеу оларды тағайындау, жүргізу, сондай – ақ сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі рөл атқаратын фактор болып табылады.
Сот сараптамаларын жіктеу туралы мәліметтерді білу сараптама тағайындаған органға сот сараптамасы органын дұрыс анықтауға ,сондай – сарапшының ғылыми құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай – ақ сот – сараптама қызметі ұйымында сараптамаларды жіктеу де маңызды рөл атқарады. Сараптамалардың нақ бөлініп алынған кластары, тектері, түрлері сот сараптамасы органдарының құрылымын, сарапшылық кадрлардың дайындығын ұйымдастыру мен біліктілігін жетілдіруді, сот – сараптама қызметінің даму келешегінің бағытын анықтайды.
Мақсаттық бағытына байланысты, сот сараптамаларын жіктеу әр түрлі негіздемелер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық сот ісін жүргізу үшін де, сондай – ақ сот сараптамасы органдарының қызметін ұйымдастыру үшін де сараптамаларды зерттеу тақырыбы бойынша жіктеу басты рөл атқарады.
Сараптаманың әр түрлерін және сол сияқты сарапшының құзыретін айырып көрсетудің критериі сарапшылық зерттеулердің тақырыбы, яғни сараптама жүргізу арқылы анықталуға жататын мән – жайлар болып табылады.
Бұл аспектіде тақырып жинақтап қорыту түрінде, сараптама обьетісінің қатысының жақтары ретінде түсіндіріледі, олар іс үшін мәні бар және білімнің тиісінше саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу мақсатында сараптаманың осы саласының құралдарымен зерттеледі және танылады.
Сот сараптамасы туралы ғылымда қабылданған жіктеуге сәйкес барлық сот сараптамалар тақырыбы бойынша кластарға, тектерге, түрге, түр тармақтарына бөлінеді.
Осы жүйенің ең ірі элементтері кластар болып табылады, кластар тектерге, сараптамалар тектеріне олардың түрлері, түрлерге – түр тармақтары кіреді.
Сараптамалар класы сот сараптамаларының теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастырудың көзі болатын білімдердің ортақтылығыменг біріктірілетін сарапшылық зерттеулерді құрайды.
Сараптамалар тегі – Ортақ тақырыбы, обьектісі, сарапшылық зерттеу әдістемесі мен сот сараптамасы туралы ғылымның тиісті саласы бойынша бөлініп алынатын белгілі бір кластағы сараптамалардың көп түрлілігі.
Сараптама түрі – обьекті тегі, әдістемелер, міндеттер үшін жалпы тақырыптың өзіндік ерекшелігімен сипатталатын сараптама тегінің элементі.
Сараптаманың түр тармағы – сараптама түрінің тақырыбына тән өзіндік топтық міндеттерімен жен зерттеу әдісінің кешенімен ерекшеленетін сараптама түрлілігі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінң сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сараптамаларды ескергенде, мынадай: криминалистік, медициналық және психофизиологиялық; инженерлік – техникалық; инженерлік – көліктік; инженерлік – технологиялық; экономикалық; өнертану кластарын қарастыратын сараптамаларды жіктеу қолайлы болып табылады.
2.5 Сот сараптамасының даму бағыты.
Сот сараптамаларының орнығуы мен дамуының заңдылықтары жалпы теория аумағындағы, сондай – ақ жалпы ғылыми заңдар ерекшелігінің көрінуіне сәйкес өтетін білімнің даму процестеріне негізделеді.
Сарапшылық практиканың негізі болып табылатын ғылыми білімнің дамуы үшін сарапшылық білімнің дифференциациясы мен интеграциясы және ғылыми танымдағы субьектілік – обьектілік қатынастары заңының үлкен мәні бар.
Дифференциация мен интеграция факторларының әрекетін сот сараптамасы саласындағы білім дамуының талдау және синтетикалық үрдістері анықтайды. Олардың әрекеттерінің бағыттары «зат + обьект - әдіс» танымдық жүйенің барлық элементтері болып табылады. Дифференциация факторы тереңдеу үрдісін, обьектілер туралы білімдерді нақтылауды, олардың байланысы мен қарым – қатынастарын көрсетеді.
Сот сараптамасындағы білім дифференциациясының базалық нысаны обьектілер түрлерімен сәйкес олардың шоғырлануы, обьектілердің жақтары мен қасиеттеріне сәйкес зерттеу бағыттарының бөлшектенуі болып табылады.
Дифференциация соңынан обьект бойынша зерттеу тақырыбының бөлінуі, оның нақтылануы, сарапшылық зерттеу аясына таным құралдарын тарту болады. Дифференциация процестері білімдердің қорытындылауы, кешенділігі, нығыздалуы талаптарын көрсететін интегративтік процестермен жалғасады.
Сараптамалардың жаңа түрлерінің пайда болуы кезіндегі дифференциация туындауының мысалы сот компьютерлік – техникалық сараптаманың дамуы болып табылады.
Қазіргі уақытта сараптаманың мынандай түрлері бар:
-
Аппараттық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбы компьютерлік жүйенің техникалық құралдарын зерттеу кезінде анықталатын нақты деректер болып табылады.
-
Бағдарламалық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбы зерттеуге ұсынылған компьютерлік жүйенің программалық жасауын құру мен пайдаланудың заңдылықтары болып табылады.
-
СКТЭ – нің негізгі түрі ретіндегі ақпараттық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбына «компьютерлік жүйедегі ақпараттық процестерді ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе бағдарламамен туындаған ақпаратты іздеу, табу, талдау және бағалау» барысында нақты деректерді анықтау кіреді.
-
Компьютерлік – желілік сараптама, оның тақырыбы іс бойынша шындықты анықтау үщін тергеушінің тапсырмасы бойынша желілік және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты фактілер мен жағдайларды зерттеуді қамтиды.
-
Телематематикалық сараптама, «оның тақырыбы қылмыстық не азаматтық іс бойынша қандай да бір факті немесе оқиға туралы ақпараттың материалдық жеткізгіштері ретіндегі телекоммуникация мен жылжымалы байланыс құралдарын зерттеу кезінде арнаулы танымдар қолдану негізінде анықталатын нақты деректер болып табылады».
осы кезеңде сот сараптамаларының орнығу және даму процестері кейбір ерекшеліктерге ие болады.Мысалы, сот –сарапшылық бөлуде артықшылық рөлді обьекті емес, іс бойынша дәлелдеуге жататын қандай да бір мән – жайлардың сарапшылық таным деңгейіндегі бейнесі болып табылатын, соңында талданатын оқиға механизмінің элементтерімен анықталатын зерттеу тақырыбы атқарады.
Адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптама тектерінің шегінде өзіндік дербес деңгейіндегі мына түрлерін: сот психологиялық – криминалистік; сот инженерлік – психофизиологиялық; сот психологиялық – филиологиялық сараптамаларды қалыптастыру мен бөлу болып табылады..
2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.
Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК –нің 249, 250, 255 - баптары) және Қазақстан Республикасының «Сот сраптамасы туралы» Заңы (Заңның 8 - бабы) сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:
-
қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық)
-
пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және кешенді)
-
жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша)
-
жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және қайталама).
Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (ҚІЖК – нің 249 – бабы 1-б).
Комиссиялық сараптаманың мынандай айрықша белгілері бар:
-
оны бір мамандықтық екіден кем емес сарапшылары жүргізеді. Егер сарапшылар комиссиясына екіден көп адамды енгізсе ол жөнінде ҚІЖК – де көрсетіледі (ҚІЖК – нің 249 – бабы 3-б);
-
оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады;
-
сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.
Біртекті сараптама оны жүргізу процесінде арнацулы білімдерді пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.
Кешенде сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән – жайды анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі мамандықтағы сарапшылары негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту қажеттілігі болып табылады.
Кешенді сараптамаға тән белгілер:
-
өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;
-
сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшылардың жүргізген зерттеулері негізінде қорытынды беру.
Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына қойылған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті аралық міндеттерді шешу кезінде, сараптамалардың бірнеше кластарының теориялық және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа интеграциялық міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.
Кешенді зерттеу дегеніміз, біртекті комиссиялық немесе жеке сараптамалар шеңберінде бір обьектіні зерттеу үшін әдістер кешенін пайдалану болып табылады.
Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы қорытындысынң жеткілікті түрде айқын немесе толық болмағаны, сондай – ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып табылады.Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және солайша ретпен кете беруі мүмкін.
Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл осы обьектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының алдына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін.
Қайталама сараптама тағайындаудың бір даулы негіздерінің бірі оны жүргізу кезінде болған іс жүргізудің елелі бұзушылықтарын анықтау болып табылады.
3 Сот сарапшысы
3.1 Сот сарапшысы түсінігі. Қазақстан Республикасында сот сраптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар
3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері
3.1 Сот сарапшысының түсінігі. Қазақстан Республикасында сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар
Сарапшы – ол белгілі бір білім саласындағы хабардар адам. “Сарапшы“ терминінің бірнеше мағынасы бар:
1) сот сараптамасын жүргізу үшін тартылатын хабардар адам ( сот сарапшысы), 2) сот сараптамасы органдарындағы штаттық лауазым, 3) қоғамдық өмірдің әр саласында туындайтын мәселелер бойынша консультация және сарапшылық бағалау үшін шақыртылатын адам.
Қылмыстық жүргізу мағынасында сөз ұғымның бірінші аспектісі жөнінде болып отыр. “Сот сараптамасы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 1 – бабының мазмұнында, сот сарапшысы қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе оның талабы бойынша сот сараптамасы органның басшысы сот сараптамасын жүргізуді тапсырған, істің нәтижесінде мүдделі емес арнаулы ғылыми білім – білігі бар адам болып табылады.
Сараптаманы жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының “ Сот сараптамасы туралы “ Заңының 10 – бабы 1 – тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сараптама жүргізу:
-
сот сараптамасы органының қызметкерлеріне;
-
лицензия негізінде сот – сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
-
аталған Заңының талаптарына сәйкес бір жолғы рұқсат бойынша өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының “ Сот сараптамасы туралы “ Заңының 10 – бабы 2 – тармағына сәйкес сот сарапшысының жоғары білімі және сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында арнаулы білімі болуы керек.
Сот сараптамасы органның қызметкерлері болып табылатын және лицензия негізінде сот – сараптама қызметін жүзеге асырушы адамдар белгілі бір сараптама түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі болуы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің комиссиясында аттестациядан өтуі тиіс.
Заңның 10 – бабы 3 – тармағына сәйкес сот сараптамасын:
-
Заңмен белгіленген тәртіпте іс - әрекетке қабілеті шектеулі және іс - әрекетке қабілетсіз деп танылған;
-
Бұрын сотталған;
-
Сот – сараптама қызметімен байланысты лауазымнан келеңсіз себептер бойынша жұмыстан босатылған адамдарға тапсыруға болмайды;
Сот сараптамасын жүргізуді тапсыру мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жағдаяттар іс жүргізу заңымен көзделген және сарапшыға қарсылық білдіру негізінде болады.
Сот сарапшысы біліктілігін алған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі комиссиясында аттестациядан өткен, сот сараптамасы органның қызметкердері болып табылатын, сондай – ақ сот сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы № 57865 қаулысымен енгізілген өзгертулерімен бекітілген “Сот сарапшыларының Мемлекеттік тізілімін жүргізудің Ережелеріне” сәйкес заңның 18 – бабы негізінде құрылатын Сот сарапшыларының Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Хабардар адам нақты қылмыстық іс бойынша мына шарттар болғанда сарапшы болады: 1) Сараптама тағайындау туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) қаулысының шығуы; 2) Сот сараптамасы органынан тыс сот сараптамасын жүргізу кезінде – қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) сараптаманы жүргізуді тапсыруы, сарапшының іс жүргізу мәртебесінен туындайтын құқықтары мен міндеттерін оған түсіндіруі, оларды орындамаудың жауапкершілігі туралы ескертулері мен оның бұл жөніндегі қолхаты; 3) Сотр сараптама органның сот сараптаманы жүргізуі кезінде – оның басшысының сараптаманы жүргізу туралы тапсырмасы.
3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
Процеске қатысушылар ішінен сарапшы ауыстыруға жатқызылады, сондықтан да қарсылық білдіру туралы ( өзіне - өзі қарсылық білдіру) өтінішін қанағаттандыру арқылы іске қатысушыдан шеттелуі мүмкін.
Сарапшының іс қорытындысына тікелей немесе жанама мүдделігінің жоқтығы іс мән – жайларын жан – жақты, толық, объективті зерттеуге жол береді. Соған байланысты осы аталған мүдделіктер болған кезде қылмыстық іс жүргізу заңнамасы сарапшыға қарсылық білдіруді көздейді.
Сарапшының тікелей жеке мүдделілігі деге,німіз – ол нақты іс бойынша сараптама жүргізуге байланысты оған материалдық немесе өзге де пайда беретін немесе берілуі мүмкін мүдделілік. Сарапшының жанама мүдделігі дегеніміз, ол сараптама жүргізу нәтижесінде сарапшының өзі емес, оның туысқандарының не өзге де онымен байланысты бар адамдардың мүдделілігі.
ҚІЖК – нің 90 – бабы 1 – бөлігі мен 96 – бабына сәйкес, мына мән – жайлардың кез келгені болған кезде:
1) егер ол аталған іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә ретінде шақыртылса не шақырылуы мүмкін болса; істі жүргізуде куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілі ретінде іс жүргізуге қатысса. Қарсылық білдіру үшін аталған негіздер маман мен өзге процеске қатысушылардың іс жүргізу функцияларының қиылысуына жол берілмеуіне байланысты:
- Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы, прокурордың, судьяның, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса; егер маман жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән – жайлар болса. Санамаланған мән – жайлар істің қорытындысына жеке мүдделі еместігі талаптарымен байланысты.
2) егер ол анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға, судьяға, сезіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкілдеріне, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне не маманға қызметтік немесе өзге де байланысты болса немесе болып отырса. “ Өзге байланыс “ деген терминді материалдық байланыс, бақылауға алыну деп түсіну керек. Материалдық байланыс туралы тұжырым жасау үшін процестің басқа қатысушылары жағынан сарапшыға материалдық қолдау кездейсоқ сипатта емес, жүйелі түрде болуы керек.
3) егер ол оның нәтижесі қылмыстық іс бойынша іс қозғау немесе қылмыстық ізге түсуді бастау үшін негіз болған ревизия немесе басқа да тексеру әрекеттерін жүргізсе. Тексеру әрекеттеріне нәтижесі қылмыстық істі қозғауға негіз болған кез келген ведомстволық, инспекциялық тексеру жатады;
-
егер оның құзыретті еместігі байқалса, яғни арнаулы ғылыми білім негізінде қойылған сұрақтарды шешуде кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі болған кезде сарапшыға қарсылық білдіріледі.
Сарапшыға қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық процесті жүргізуші орган шешеді. Егер сарапшыға қарсылық білдіру туралы мәселе ол сараптама жүргізгеннен кейін шешілсе, онда оның алдында берген қорытындысы ҚІЖК – нің 116 – бабы 1 – бөлігі 3 – тармағына сәйкес заңды күшін жояды.
3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері
Сарапшының жалғыз іс жүргізу функциясы қорытынды беру үшін арнаулы ғылыми білім негізінде дәлелдемелерді зерттеу болып табылады.
Сарапшының:
-
қылмыстық істің сараптама жүргізуге қатысты материалдарымен танысуға.
-
өзіне қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды беру, сондай – ақ істің нақты мән – жайлары жөнінде сұрақтар мен деректерді нақтылау туралы өтініш білдіруге құқылы. Сараптама тағайындау туралы қаулымен танысу, сонымен бірге оны жүргізу кезінде қосымша материалдар беру туралы өтініш білдіруге болады..
-
Қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу және басқа іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысуға және оған қатысушыларға сараптама тақырыбына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасымен, сондай – ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға құқылы;
-
Сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша іс үшін маңызы бар және өз бастамасымен анықталған, егер бұл анықталған мән – жайлар оның арнаулы ғылыми білімі ауқымына жататын болса, өзге мән – жайларды көрсетуге құқылы.
-
Қорытындыны және айғақтарын өзінің ана тілінде немесе еркін меңгерген тілде беруге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
-
өзінің арнаулы білімдер шегінен асып кететін мәселелер бойынша, сондай – ақ егер оған берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса, қорытынды беруден бас тартуға;
-
қылмыстық процесті жүргізуші органның сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтірген әрекетіне шағым жасауға;
- егер жұмысты қызметтік тапсырма ретінде орындаса, жұмыс орны бойынша жалақы;
- егер орындалған жұмыс оның лауазымдық міндеттер ауқымына кірмейтін және жұмыс уақытынан тыс кезде орындалған болса, ҚР Үкімет белгілеген ставкілер шегінде республикалық бюджет қаражаты есебінен сыйақы алуға құқылы
Сарапшының:
-өз бетінше қорытынды беруге арналған материалдар жинауға құқығы жоқ, өйткені бұл жағдайда ол өзінің іс жүргізу функцияларының шегінен шығып кетеді, ал бұл дәлелдемелерге жол беру принципін бұзуға әкеп соқтырады;
-егер оған сараптама тағайындаған органның арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.
Сарапшы:
-қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге міндетті. Сарапшының келмеуінің дәлелді себептері ҚІЖК – нің 158 – бабы 2 – бөлігінде белгіленген;
-жүргізілген зерттеулермен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге міндетті. Сарапшыдан жауап алу ережесі ҚІЖК – нің 253 – бабында баяндалған;Тергеу әреке,ттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға міндетті;
-сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Сарапшы сот сараптамасы органның қызметкері болғандықтан, қызметінің тегіне орай, құқықтарымен міндеттерімен танысқан және оған көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылатындығы туралы деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |