Усть-Таловка кентінің әкімі Е. И. Шабанованың 2013 жылғы есептік кездесулеріндегі сөйлеу тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі45.82 Kb.
#10316
Усть-Таловка кентінің әкімі Е.И.Шабанованың 2013 жылғы есептік кездесулеріндегі сөйлеу тезистері.
Усть-Таловка кенті әкімшілік-аймақтық бірлігіне 7133 адам санымен 4 елді мекен кіреді. Усть-Таловка кенті – 6563 адам, Березовка селосы – 313 адам, Половинка селосы – 150 адам, Заречное селосы – 107 адам. Округтің көлемі – 7762 га, олардың 1667 га елді мекеннің жері, ауыл шаруашылыққа арналған жер 2170 га, олардың жыртылған жері 1430 га, мал жаятын жері 604 га.
Өнеркәсіп. Кент аймағында 3 өнеркәсіп кәсіпорны бар: «Мырышталған ыдыстар зауыты» ЖШС, «Промстрой» ЖШС, 4200 адам жұмыс істейтін «Қазақмыс» Корпорациясы Мыс-химимялық комбинаты. Округ аймағында шағын бизнестің 100 субъектісінен: 3 ШҚ, 37 дүкен, 16 тұрмыстық қызмет көрсету объектісі, 4 қоғамдық тамақтану объектісі, 1 базар, 1 наубайхана және басқалар. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 237 адам.

2013 жылдың басынан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Усть-Таловка өндірістік алаңына 8,5 млрд тенге бөлінді. Қазіргі таңда Николаев кең байыту фабрикасын қайта құруы жүргізілуде, инвестициясы 80 млрд долларға дейін жетеді.


Ауыл шаруашылығы. Округ аймағында 4 ауылшаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, 3 шаруа қожалығы, 1 ӨТ. Округте жердің негізгі бөлімі (2777га) «Камышинское -2» ЖШС, 991га жыртылған жері округтің басқа ауылшаруашылық тауар шығаратындарына бекітілген. 01.11.2014 жылға малдар басы (бас): ІҚМ-571, сиыр- 270, жылқы – 65, шошқа – 500. Егін шығымы 731,2 тонн- дәнді бұршақты және 399 тонна – күнбағыс құрайды, астықтың шығымы – 15 ц/га, күнбағыстың – 21,ц/га. 386600 млн.тг. субсидия бөлінді.
Инфраструктура. 2013 жылы Березовка елді мекенін жарықтандыруға- 1,387 млн теңге қаржы пайдаланды, бұл жұмыс ары қарай жүргізіледі. Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз ету үшін 2013 жылы 424 мың теңге және игерілген 423,7 (2014 жылға 428 мың теңге)
Білім беру. Округ аймағында 455 мектепке дейінгілер (Заречное - 4, Половинка - 12, Березовка - 21, Усть-Таловка - 408) және 784 бала 6 жастан 18 жас аралығындағы (Заречное - 6, Половинка - 28, Березовка - 46, Усть-Таловка - 702) тұрады, 280 орынды бала бақша қызмет жасайды. Астафьев атындағы мектеп- гимназиясында (620 оқушы: 538+68 мектепке дейінгі +25 шағын орталықтарда) және 2 компьютерлік сыныбы, 2 мультимедийный кабинеті бар, 4 кабинетте интерактивтік тақтасы бар, интернет жұмыс істейді, 240 бала тегін тамақпен қамтылған. Мектеп-гимназиясына округтің 3 селосынан жеткізіледі (Заречное - 5, Половинка - 11, Березовка - 20). 2013 жылы оқушылардың білім сапасы 51,4 %, ҰБТ орта балы 70,84 (2012 жылы – 86,3). Мектеп бітіушілері -27, олардың жоғары оқу орындарына түсетіндер -19, тегін негізінде – 16 адам. Колледжге түскендер -14.
Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер: МХК медсанбөлімі (29 төсектік стационар), МХК профилакториясы, Березовка селосында ФАП. Санитарлық тарнспортпен қамтамасыз ету – 1 машина, медперсоналдардың барлық саны – 47 адам, оның ішінде 15 дәрігер, 32 адам - орташа медперсонал. 2013 жылы ғимараттың шатыры әлеуметтік жауапкершілік бизнесі шеңберінде 1 млн.тенгеге ауыстырылды
Мәдениет және спорт. Усть-Таловка кентінде 288 орынды «Горняк» клубы және денешынықтыру кешені бар. 2013 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік нысандар денешынықтыру кешені және «Горняк» клубы тұрғынүй коммуналдық меншігіне берілді. Нысандарды күтуге қаржы бөлінді, қаржыландыру ақпан айынан басталады. Округте 2 кітапхана бар. Аудандық спорт жарыстарында және көркемөнерпаздар байқауында дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болады.
Құқықтық тәртіп. Жыл басынан 65 қылмыс жасалды, оның 21 қылмысы ашылмады. Округ аймағында АІІБ, жол полициясының, мектептің, әкім аппаратының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 37 жедел алдын алу шаралары өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту, қоғамдық тәртіп күзеті, қоғамдық қауіпсіздік мақсатында жедел-алдын алу шаралары: «Қару», «Тұрмыс», «Жеткіншек», «Жол» және т.б өткізілді. Учаскелік инспектормен 287 жекелей тәрбиелік-алдын алу әңгімелері өткізілді. Алдын алу есебінде 41 адам тұр. Олардың 37 ішімдікпен қиянат жасайтындар, есірткі құмарлар -12 адам, Өскемен қаласындағы СЛПУ-ға 3 адам ресімделген, жағдайлары қолайсыз отбасылар - 10, кәмелетке толмағандар -8. 2012 жыл бойы 135 әкімшілік хаттамалар ресімделді. Жыл көлемінде Волчанка селосындағы «Сәуле» балалар үйіне жағдайлары қолайсыз отбасылардан 8 бала анықталды.
Халықты әлеуметтік қорғау. Есепте тұрған жұмыссыздар саны - 47 адам, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер- 18. «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасына 8 адам қатысты. 2012 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 4 отбасы (19 адам 539,2 мың теңгеге. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 5 отбасы (15 балаға ) 249,3 мың теңге. Тұрғынүй көмегін 9 отбасы 123 мың теңгеге алды.
Көріктендіру. Өткен жылы округтің елді мекендерінің көшелерін қоқыстан тазалау жүргізілген. 4 саябақ аймағы, көп қабатты үйлерге және мекемелерге жататын 29 аймақтары тазаланып көріктендірілді. 2500м3 қоқыстар шығарылды, 1 санкцияланбаған қоқыс төгетін жер жойылды, 1300 ағаш көшеттері, 240 бұталар отырғызылды. «Горняк» клубы аумағында шахтерлер аллеясында 50 шырша, 70 қайың отырғызылды.
Меморандумдар.МХК профсоюзы балалардың демалуын ұйымдастыруына қаржы бөлді («Ивушка»профилакториі, туристік база «Алтайская бухта»). Школьная көшесінде қоршаулар орнатылып, сонымен қатар киіз үй тұғыры 1,5 млн.тг жасалынды «НСТ Шығыс» ЖШС (директоры Б.Т.Игликовпен) меморандум жасалып орындалды. Усть-Таловка кентіндегі шаруашылық субьектілермен 24 меморандум жасалып, көгалдандыру және көмекті қажет ететін адамдарға көмек көрсету аясындағы мәселелері шешілуде.
Қоғамдық қалыптасу. Округтің өміріне тиесілі барлық негізгі мәселелер қоғамдық қалыптастыру арқылы ұйымды шешіледі: әлеуметтік экономикалық даму Кеңесі, құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі, ардагерлер Кеңесі, селолық комитеттер, көшелік және үй комитеттері.
Қаржы-бюджеттік сала. 2013 жылы 819522 теңге жергілікті салықтар түсті.
2012 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде қойылған тұрғындардың сұрақтары.

  1. Есептік кездесулерде жиі көтерілетін сұрақтардың бірі ол- электроэнергия қызметін көрсететін «Жезқазғанэнергосбыт» ұйымынан «Шығысэнерготрейд» ұйымына өтуі. Кент тұрғындарының және облыс әкімі мен аудан әкімдерінің қолдауымен ШҚ АК «Энергосети»ЖЭЖДБ Қазақмыс ЖШС директоры И.В. Морозовпен кент желілерімен электроэнергияны тасымалдауға келісім шарт жасалынды. Қазіргі уақытта кент тұрғындарымен 1900 келісім шарт жасалынды, жоспар 2200.

  2. Тұрғұн үй коммуналдық меншігіне әлеуметтік нысандардың берілуі.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйегіндегі №1103 қаулысымен бекітілген сыйға беру келісім шарты бойынша мемлекеттің мүлікке деген құқығын алу ережелеріне сәйкес, 2012 жылдың наурыз айында Корпорациямен хат жолданған.

Берілген нысандарды тұрғын үй коммуналдық меншігіне 2013 жылдың 1 қаңтарынан өткізу келісілді.



2013 жылдың желтоқсанында тұрғын үй коммуналдық мекемесінің меншігіне «Горняк» клубы және денешынықтыру кешені берілді, 2014 жылы «Ивушка» профилакториі, Мед-санитарлық бөлім және «Дошкольник» жеке мекемелерінің берілуі жоспарлануда.
2013 жылға арналған міндеттер. Әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқынын сақтап қалу. Усть-Таловка кенті көшелерінің ағымдағы жөнделуі. Березовка ауылындағы Южная көшесін жарықтандыру.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет