УСТЬ-ТАЛОВКА КЕНТІНІҢ ӘКІМІ Е.И.ШАБАНОВАНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІҢ ТЕЗИСІ
Әкімшілік-аумақтық бірлік, Усть-Таловка кенті жалпы саны 6256 адамнан тұратын 4 елді мекен кіреді. Усть-Таловка кенті - 5667 адам, Березовка аулы – 363 адам, Половинка аулы – 147 адам, Заречное аулы – 79 адам. Округ аймағы – 7762 га,оның ішінде елді мекен жерлері 1667 га, ауыл шаруашылық жерлері 2170 га, егістік 1430 га, жайылым 604 га.
Өнеркәсіп.
Кент аумағында 5 өнеркәсіп орындары бар: 4200 адам жұмыс істейтін "Шығыстүстімет" ЖШС, "мырышталған ыдыс Зауыты" ЖШС, "Промстрой" ЖШС, "Рынок" ЖШС, "Уба" ЖШС. Округ аумағында 100 шағын және орта бизнес субъектілеріне: 2 ШҚ, 41 дүкен, 24 нысан тұрмыстық қызмет көрсету, 5 қоғамдық тамақтану нысандары, 1 базар, 1 наубайхана және басқалары бар. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны - 240 адам.
2015 жыл ішінде "Шығыстүстімет" ЖШС-нан Усть-Таловка өнеркәсібі үшін негізгі 16 млн. тг. қаражат бөлінді.
Ауыл шаруашылығы.
Округ аумағында 3 ауыл шаруашылығы құрылымдары: 2 шаруа қожалығы, 1 ҚС. Округ жерлерінің көп бөлігіне (2777 га) "Камышинское-2" ЖШС егін егеді, "Абеков Б. Н." ШҚ және "О. В. Шенгальц" ШҚ 991 га жер бекітілген. 01.01.2015 жылға мал басы (бас): ІҚМ - 581, сиыр - 283, жылқы - 76, ҰМБ - 392. Жалпы жиналған астық көлемі 6841,3 тонна – дәнді дақылдар және 1800 тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі - 20,85 ц/га құрады, күнбағыс – 12 ц/га. 1 901 724 тг. субсидия бөлінді.
Инфрақұрылым.
2015 жылы ағымдағы жолды жөндеу Комсомольская көшесінде орындалды, 871 шаршы метр, соммасы 2 959 737 тг құрады. Кентте «ТКШ жаңғырту бағдарламасы» бойынша Вокзальная көшесі 25 үй шатырын күрделі жөндеуге (45 млн. тг), Советская көшесі 5 үй шатырын ағымдағы жөндеуге (8 млн. тг.) жұмсалды. Елді мекендердің қоқыс тастайтын жерлерін санитарлық тазалау мақсатында 2015 жылы 398 мың тг. бөлінді және игерілді.
Білім беру.
Округ аумағында: 280 балаға арналған балабақша, тәрбиешілердің саны 24, 256 бала; балалар өнер мектебі: айналысушы балалар саны 214,оқытушылар 14; Астафьев атындағы орта мектеп: 659 оқушы. 2 компьютерлік класс, 2 мультимедиялық кабинет, 4 кабинетте интерактивті тақта, интернет жұмыс істейді, тегін тамақпен қамтылған бала саны – 58. Балаларды 3 округтен мектепке жеткізу жүзеге асырылады (Заречный а. – 4, Половинка а. – 10, Березовка а.– 26). 2015 жылы оқушылардың білім сапасы 41,8 %, ҰБТ бойынша орташа балл – 69,7 (2014 жылы – 71,6). Мектеп бітірушілер саны - 11, оның ішінде жоғары оқу орындарына түскендердің саны – 9, тегін негізінде - 6 адам. Колледждерге – 2 мектеп бітіруші түсті.
Денсаулық сақтау.
Медициналық мекемелер: "Уба" шипажайының 3-ші корпусы, медициналық пункт с.Березовка, ауылдық учаскелік аурухана (10 төсек күндізгі стационар, тәулік бойы жұмыс істейтін 10 төсек), санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету - 1 машина, мед. персоналдың жалпы саны - 34 адам, оның ішінде 11 дәрігер, 23-орта медперсонал.
Мәдениет және спорт.
Усть–Таловка кентінде 288 орынды "Горняк" клубы және тәулігіне өткізу қабілеттілігі 300 адам "Жұлдыз" спорттық клубы, айналысушылар саны – 564 адам, жаттықтырушылар саны – 12 адам, 2 кітапхана бар. Аудандық спорт жарыстарында және көркемөнерпаздар байқауларында дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болуда.
Құқық тәртібі.
Жыл басынан бері 57 қылмыс орын алды, оның ішінде ашылмағаны 19. Округ аумағында АІІБ өкілдерінің, жол полициясының, мектеп, әкім аппаратының, қоғамдық ұйымдар қатысуымен 39 "жедел – профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Алдын алу мақсатында және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті жедел - алдын алу шаралары: "Қару", "Подросток", "Безопасная дорога" және т.б шаралар жүргізілді. Учаскелік инспектормен 375 жеке тәрбиелік-профилактикалық әңгіме өткізілді. Профилактикалық есепте 130 адам, оның ішінде алкогольді асыра пайдаланатын 65, нашақорлар - 15 адам, Өскемен қ. МЕПМ-де ресімделгендер 4 адам, жағдайлары қолайсыз отбасылар - 5, кәмелетке толмағандар есепте - 12. 2015 жыл ішінде 135 әкімшілік хаттама толтырылды. Жыл бойы есепке алу барлығы 54 адам, олардың ішінде: отбасы-тұрмыстық қатынастарда жіберетін құқық бұзушылық 21 адам, алкогольді асыра пайдалану – 20 адам.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Есепте тұрған жұмыссыздар саны - 48 адам, олардың ішінен 23 адам жұмыспен қамтылды, қоғамдық жұмыстарға – 22 адам жіберілді. 2015 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасы (7 адам) сомасы 222,963 мың теңге берілді. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар - 4 отбасы (13 бала) 111,623 мың теңге. Тұрғын үй көмегін 13 отбасы алды жалпы соммасы 155 мың теңге.
Көріктендіру.
Өткен жылы округ елді мекендерінің көшелерін қоқыстан тазарту жүргізілді, 4 саябақ аймағы, 29 бірлік аумақтардың маңындағы көп қабатты үйлер мен мекемелерден 2500 м3 қоқыс шығарылды, санкцияланбаған 1 қоқыс орны жойылды, 600 түп ағаш, 200 бұта отырғызылды. "Горняк"клубы аумағындағы шахтерлер аллеясында көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
Меморандум.
Усть–Таловка кентінде шаруашылық субъектілерімен 24 ынтымақтастық туралы келісім жасалды, осы шеңберде абаттандыру, әлеуметтік әріптестік және мұқтаждарға көмек көрсету мәселелері шешілуде.
Қоғамдық қалыптасу.
Барлық округ өміріне қатысты негізгі мәселелер, алқалы түрде қоғамдық қалыптастыру арқылы шешіледі: жергілікті қоғамдастық жиналысы, әлеуметтік - экономикалық даму Кеңесі, құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі, ардагерлер Кеңесі, селолық комитеттер, көшелік және үй комитеттері.
Қаржы-бюджеттік сала.
2015 жылы жергілікті салық түсімі 15 612 286,4 теңге.
2016 жылға арналған міндеттері.
Әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау. Усть-Таловка кентінде ағымдағы жол жабынының жөндеу жұмыстарын жүргізу. Усть-Таловка кентінде көшелерді жарықтандыру, Усть-Таловка кенті жолдарын жөндеу, Комсомольская көшесінің № 7 және № 9 үйлерінің шатырларын күрделі жөндеу жоспарланған.
Усть-Таловка кентінің әкімі Е.Шабанова
Достарыңызбен бөлісу: |