ПЕРВОМАЙСКИЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ Д.В.ДОБРГИННІҢ
2015 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІҢ ТЕЗИСІ
Первомайский округінде саны 5294 адам болатын 3 елді мекеннен тұрады. Первомайский кентінде 4310 адам, Барашки а.– 526 адам, Ново-Ильинка а.– 458 адам. Первомайский округінің аумағы – 24489 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің жерлері 3472 га, ауыл шаруашылығына арналған жер - 17954 га, өнеркәсіп, байланыс, көлік және басқа да ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер-443 га, су қоры жерлері-548 га, запастағы жер 2072 га.
Ауыл шаруашылығы.
Округ аумағында 22 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде өсімдік өсіру шаруашылығымен айналысатын 2 ірі құрылым бар («Ново-Ильинское»- ЖШС – 2880 гектар егіндік жері бар, «Феденев А.М.» шаруашылық- фермерлік қожалығы -3098,5 гектар егіндік жері бар).
01.12.2015 жылдағы мал басы: ІҚМ – 1100 бас, шошқа – 1100 бас, жылқы саны 285 бас; қой мен ешкі басы – 1570 бас, құс саны – 5500. 352 тонна ет өндірілді, сүт - 2100 тонна. Жалпы жиналған астық – 6640 тонна дәнді дақылдар және 5814 тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі 14 ц/га құраған, күнбағыстікі – 12 ц/га.
Білім беру.
Округ аумағында 3 мектеп жұмыс істейді – 1 орта, 2 негізгі, онда 550 оқушы оқиды. Барлық мектептер компьютермен жабдықталған. 2015 жылы ҰБТ бойынша орташа бал – 80%. Мектеп түлектерінің ішінен 9 оқушы тегін оқу негізінде жоғарғы оқу орындарына түсті.
Денсаулық сақтау.
Округте 3 медициналық мекеме бар, оның ішінде 1 аурухана (Первомайский к.) және 2 ФАП (Барашки а., Ново-Ильинка ауылы). Аурухана мамандандырылған автокөлікпен жабдықталған. Медициналық қызметкерлердің саны 64 адам, оның ішінде 6 дәрігер, 29-орта медициналық персонал, 12 кіші медперсонал, басқа қызметшілер -17 адам.
Мәдениет және спорт.
Первомайский округі аумағында мәдениет үйі жоқ. 2 кітапхана жұмыс істеп тұр. Округте 1 мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы, 1 музыкалық жетекші жұмыс істеуде, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған дәрістер, концерттер, бұқаралық қыдырулар тәрізді әртүрлі нысанда өткізілетін іс шаралар жүргізіледі. Первомайский МӘМ мен мектеп кешенінде көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді. Первомайский округі аумағында шаңғы жарыстары, волейбол, футбол сияқты спорт түрлері белсенді дамып келеді. «Металлург» стадионында үлкен футбол алаңы бар, онда спорт секциясы ұйымдастырылған және жұмыс істеп тұр. Шаңғыдан қысқы жарыстарға дайындық Жоғарғы Спорттық Шеберлік Мектебі филиалында өткізіледі, онда жаттықтырушы Захарченко В.П. жетекшілігімен 12 бала жаттығады. Спортшы- балалар барлық спартакиадаларға, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады.
Өнеркәсіп және шағын бизнес.
Округ аумағында өнімдерді шығару бойынша 3 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген және жұмыс істеп тұр: «ИРЗК» ЖШС- жұмыс істеушілер саны 50 адам, «ПМЗ» ЖШС - жұмыс істеушілер саны 30 адам, «Востоксельхозпродукт» ЖШС -жұмысшылар саны 227 адам. Округ аумағында шағын-орта бизнес субъектілерінің саны 79 бірлік, оның 44 дүкен, 4 дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсететін 7 нысан, 4 нысан қоғамдық тамақтану орындары, 2 базар, 3 наубайхана, 1 қонақ үй, 2 тігін цехы, 1 стоматология, қарақұмық өңдейтін 1 ЖШС, 2 дөңгелек жөндеу шеберханасы.
Инфрақұрылым.
Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қаражаты есебінен округ аумағында елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде жолдарды қысқы және жазғы кезеңде ұстау, жүрдек жолдарды жарықтандыру, шаңғышы-спортшыларды ұстау, мерекелік іс шараларды ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету, Карбышев атындағы мектептің аз қамтылған отбасы оқушы-балаларының тамақтануын қаржыландырумен қамтамасыз ету, Карбышев атындағы мектептің балаларын тасымалдау үшін қысқы кезеңде жылытылатын бокстағы аялдама ұйымдастыру, қоқыс шығару, жеммен қамтамасыз ету және тасымалдау, бақша жырту, көлік шығындары, Карбышев атындағы мектепте шахмат ойыны үшін (жөндеу жұмыстары, жабдықтарды алу) бөлмелерді жабдықтау. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2015 жылға кәсіпкерлер Сергей және Иван Глушковтар 4,1 млн. теңге сомадағы спорттық киімдерді, құралдар алуда, жолақысын төлеу, Қазақстан бойынша жарыстар қатысушыларының тұрған жерін және тамағын төлеу, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі өткізілетін жарыстарға, жаттықтырушы В.П.Захарченконың жетекшілігімен олимпиялық резерв мектебін ұстауда көмектерін көрсетті.
Инфрақұрылымды дамытуға 2015 жылы жергілікті бюджет қаражатынан бөлінді және толықтай игерілді:
254,6 мың теңге сомаға ұзындығы 12,5 км электр бергіш желілерді техникалық ұстауға және қызмет көрсету, жолдарды қысқы кезеңде ұстау 622 м.тг., көшелерді санитарлық тазалауға 600 м.тг.
Қоғамдық-саяси жағдай.
Үкіметтің атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен бірігіп, округ азаматтарының моральды-психологиялық климатын, округ азаматтарының әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілді. Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді.
Құқықтық тәртіп сақтау.
2015 жылы ішкі істер органдарының қызметі келесідей негізгі бағыттарда жүргізілген – қылмыспен, нашақорлыққа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқықбұзушылықты ескерту, тыю және оның алдын алу мақсатында, полиция қызметкерлерімен күнделікті көшелерде патрульдік бақылаулар жүргізіледі.
Шемонаиха ауданы әкімінің 2015 жылғы есебінде тұрғындардан түскен сұрақтар:
- елді мекендер көшелерін жарықтандыру. Соңғы төрт жылда Первомайский кенті, Барашки ауылы, Ново-Ильинка ауылы көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде, елді мекендердің көшелері 49 % жарықтандырылды. Жұмыс жалғасатын болады.
-Ново-Ильинка ауылында орталықтандырылған су желілерін салу. Ново-Ильинка ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленді.
Қаржылық-бюджеттік сала.
2015 жылға салықтар түсті: жер-433 мың теңге, мүлік-283 мың теңге, көлік құралдарына салық 7576,4 мың теңге, жеке тұлғалардан ИПН 2731,3 мың теңге.
2016 жылға Первомайский округінің даму проблемалары: Ауыз сумен қамтамасыз ету (Ново-Ильинка а.). Қираған көпқабатты үйлердің қоқыстарын шығару. Мәдени орталықтың құрылысы. Первомайский кентінде сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне жөндеу жүргізу. Көшелер жолдарын жөндеу.
2016 жылға қойылған міндеттер: Елді мекендерді абаттандыру, елді мекендерді санитарлық тазалау, елді мекендерді жарықтандыру, елді мекендер жолдарын жөндеу; Ново-Ильинка ауылында орталықтандырылған су құбырының құрылысы, Первомайский кентінде сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарын жалғастыру.
Первомайский кентінің әкімі Д.Добрыгин
Достарыңызбен бөлісу: |