В. А. Митерев н. С. Реметова


Беткейлiк қабаттағы молекулалардыі бағыты және биологиялық мембрананың құрылысы



бет89/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

18.3. Беткейлiк қабаттағы молекулалардыі бағыты және биологиялық мембрананың құрылысы

БАЗ-дың молекулалары дифильдi болып келедi, яғни олар екi бөлiктен: полюстi гидрофильдiк және полюссiз гидрофобтық топтардан тұрады. Мұндай молекулалардың құрылысын шартты түрде былай көрсетуге болады:

гидрофильдiк бөлiк (СООН, ОН, Н)

гидрофобтық бөлiк (радикалдар)

Мысалы : С2Н5 – ОН

гидрофобты гидрофильдi

СН3 – СООН

гидрофобты гидрофильдi

Фазалардың бөлiну шекарасындағы БАЗ-дың орналасу бағыты олардың дифильдiлiгiмен тңсiндiрiледi. Бұл ереже, яғни Ребиндердiң бағытталу ережесi былай оқылады: фазалардың бәлiну шекарасында БАЗ-дың молекулалары өздерiнiң полюстi бөлiгiмен полюстiфазаға қарай, ал полюссiз бөлiгiмен полюссiз фазаға ғарай бағытталады.

су О О О О бензол ауа ауа



О О О ОО О ОО О О

Көмір силикагель субензол

БАЗ бөлiну шекарасында бiрдей қатпарланады. Олар концентрация жоғарылаған сайын көбiрек шоғырланады, яғни бұл кезде беткейлiк қабат қалыңдап, Ленгмюр жиiлiгiдеп аталатын қатпар түзедi.

БАЗ-дың Ребиндер бойынша бағытталуы клетка мембраналарында да орын алады. Тiрi организмдерде БАЗ-дыңөздерi бөлiну шекараларын түзуге қатысады. Мысалы, липидтер белгiлi бiр концентрацияда липидтiк биқабат түзедi. Осы липидтiк биқабат клетка мембранасыныңқабығы (каркас) болып есептеледi, ол Ребиндер ережесiне сәйкес гидрофобтықәрекеттесулердiң нәтижесiнде түзiлген

Яғни, клетка мембранасы клетканы сыртқы ортадан бөлiп тұратын беткей болып есептеледi. Липидтiк биқабат клетка мембранасының каркасы ғана болып қоймайды, сол сияқты белок молекулалары адсорбцияланатын матрица да болады. Белок молекулалары мембрана беткейiнде де, мембрананың iшiнде де орналасуы мүмкiн, себебi құрылысы әр түрлi белоктарда амин қышқылдарының жиынтығына байланысты гидрофобтық немесе гидрофильдiк бөлiктер артық болуы мүмкiн.

Мембрана клетканың қорғаны болып есептелгендiктен физикалық, химиялық және биологиялық әсерлерге бiрiншi ұшырайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет