Аннотация
В данной статье проведен обширный анализ процесса становления пофессионального Парламента в РК и разносторонне исследован исторический путь формирование этого института.
Abstract
The given article analyzes extensively the process of establishing of the professional Parliament in the republic of Kazakhstan and also investigates various aspects of formation of this institution.
Пұсырманов Нұрбек Серікұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Саясаттану мамандығының магистранты
КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МӘСЕЛЕСІНЕ
Заман қарқын алып дамыған сайын, өз уақытына сай жаңа мәселелер туындап отырады. Бұл – қоғамның тарихи заңдылығы. Осы тұрғыда бүгінгі жаһандану заманын ескерсек, онда бұл уақытқа сай бейімделу қажет. Сондай-ақ бірқалыпта қалмай, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін үнемі жаңартып, өз уақытына қарай инновациясын да қолдану керек.
Өткен күнге көз жіберіп, тәуелсіздігімізді қайта алған кезді ойласақ, еліміздің тәуелсіздік алуы уақытқа сай жаңа саяси жүйені талап етті. Осы орайда ғалым-зерттеуші Н.Қалиев Қазақстанның саяси жүйесіндегі эволюциялық өзгерістерді шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсетеді:
Бірінші кезең – 1985-1991 жылдар;
Екінші кезең – 1991-1995 жылдар;
Үшінші кезең – 1996 жылдан басталады [1, 51]. Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанын есепке алсақ, бұл жердегі екінші кезеңмен сәйкес келеді. Алайда алғашқы кезеңдегі саяси жүйеде орын алған өзгерістер Қазақстанның қайта күш алуына мүмкіндік берді. Бұл ұтымды сәтті пайдалану елімізге тәуелсіздікті қайта сыйға тартты. Осыдан бастап Қазақстан өз жолын айқындап, демократиялық жолды таңдады. Демократиялық қоғамда мемлекетті басқарудың басты негізі – биліктің бөліну принципі екені баршаға мәлім. Соның бірі заң шығарушы орган деп атап жүрген – Парламенттің бүгінде тарихи қалыптасу жолы, өзіндік алғышарттарын біреу білсе, біреуі білмес.
Отандық ғалымдар арасында Парламенттің қалыптасуы туралы түрлі пікірлер айтылып, жазылыпта жүр. Бір тобы Парламентті Жоғарғы Кеңестің жалғасы десе, екінші біреулері Парламентті мүлдем бөлек орган деп белгілі негіздерге сүйеніп қарайды. Бірақ бұл жерде «Парламент» деген атау мен оның қызметін бөлек, бөле-жара қарастыру мүлдем дұрыс емес.
Он үшінші сайланған (1994ж. сәуір – 1995ж. наурыз аралығы) Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә.Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр»,- деген сөзді қолдай отырып, бұл атқарған XIII Жоғарғы Кеңестің ерең еңбегіне «Қазақстанның тұңғыш кәсіби Парламенті» деп бағалаған [2]. Біздің ойымызша мынадай негіздерге сүйенген: елімізде тұңғыш рет оның құрамына енген саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, тұрақты жұмыс жасады. Елімізге керекті маңызды мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал етті.
Бұл кездері зерттеушілер, халық қалаулылары арасында да Парламент атауы ауыз-екі тілде тарағанымен, заңдық күші бар құжатта «Парламент» ұғымы көрсетілмеді.
Өткенге зер салсақ, 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Президенті қызметіне кірісуіне байланысты сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев мемлекеттік басқару саясатында биліктің айқын бөлінуімен байланысты депутаттық корпус пен жергілікті кеңестердің далиып кеткен аппаратын біршама қысқарту арқылы республика Жоғарғы Кеңесін кәсіптік парламент етіп объективті түрде қалыптастыру міндетін қойғанды [3, 20-21]. Бұл туралы төменде кеңінен тоқталамыз.
Зерттеуші-ғалым Ә.Бәкір: «Еліміз тәуелсіздікке жеткен кезден бастап жұмыс жасаған ХІІ және ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңестер де өздерінің табиғаты, құрылымы жағынан бір палаталы Парламент еді. Бұл кезде мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас аса күрделене түсті. Сондықтанда бұрынғы Жоғарғы Кеңестерден табиғаты өзгеше ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңестің де мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен қатысын көрсете кеткен артық болмайды. Оның үстіне бұл кеңес ресми Парламент деп аталды [4, 116]. Бірақ та, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыған дейін ешқандайда заңдық күші бар құжатта қолданылмаған болатын.
Сонымен, Жоғарғы Кеңес пен Парламенттің айырмашылығы неде және еліміздің кәсіби Парламенті қалай қалыптасуда? Заң шығарушы органымыз қандай тарихи кезеңдерден өтті? Осы сұрақтарға көңіл бөлсек.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес (1938-1990)
|
ХІІ сайланған Жоғарғы Кеңес (1990ж. наурыз –1990ж.желтоқсан),
ҚР Жоғарғы Кеңесі
(1990ж. желтоқсан- 1993ж.)
|
ХІІІ сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесі (1994ж. сәуір – 1995ж. наурыз)
| -
Жалпыға бірдей тең және төте сайлау;
-
Компартия қатаң бақылады;
-
Депутатқа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді.
-
Сайлау басталмастан бұрын қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украйн, т.б. ұлт өкілдері, әйелдері, жастар т.с.с. белгілі болады.
-
Мемлекеттік органдардың жоғарғы шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депутаттыққа кандидат болып ұсынылатын.
-
Жоғарғы Кеңес Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын.
1938-1990жж. дейін республи-када одақтық заңдарды қайталаған 457 заң қабылдады.
| -
Алғашқы неғұрлым демократиялық сайлау (360 депутаттық мандат үшін 2 мыңнан аса үміткер);
Атқарған басты қызметі:
-
Қазақ КСР Президентін тағайындауы, Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «1990ж. 24 сәуірдегі Қазақ КСР-ң заңымен Қазақ КСР Президенті қызметі» тағайындалды.
-
1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдады. Онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіні және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
-
1993ж. 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясын («Негізгі заң») қабылдауы. Осы Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңеске көп өкілдік беріліп, биліктің бөлінуі мен тепе-теңдігін қиындатты.
-
Сайлау туралы Кодекс, Республика Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы заң және Жоғарғы Кеңес өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады.
-
ХІІ шақырылым басым бөлігі тәуелсіз елдің маңызды мәселелерін реттейтін 276 заң мен 747 қаулыларын қабылдаған.
| -
Көппартиялы, қоғамдық қозғалыстар да енді (Қазақстан Халық Бірлік Одағы (32 адам), Қазақстан Халық Конгрес партиясы (12 адам), Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутат).
-
Атқарушы билік өкілеттілігіне жиі араласты. Парламент үкіметтің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық саясатына сенімсіздік білдіретінін айтты. 1994 жылы атқарушы билік пен заң шығарушы арасында келісімге келіп, елдің тұрақсыздығы мен құлдыраушылы-ғынан арылудағы аса маңызды қадам болды.
-
Бұл кезеңде Жоғарғы Кеңестің қызметіндегі басты жаңалық – қазіргі парламенттік тыңдаулар-ға ұқсас құрылымның болуы.
-
Өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізіл-меген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде іске кіріскен еді.
|
1978жылғы Конституцияда: «Қазақт КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылады және барлық мәселелерді шешуге өкілетті»,-деп көрсетілген.
|
Басты ерекшелігі:
1.Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адам сайлануы тоталитаризмге соққы болып, бір партияны әлсіретті.
2. ХІІ сайланған Жоғарғы Кеңес тығырыққа тіреліп, Кәсіби Парламент керектігін дәлелдеді.
3. Өзін-өзі таратуы.
|
Шиеленіскен мәселе депутаттардың экономика министрі, кезінде Сатпаев сайлау округінен депутаттыққа сайланған М.Үркімбаевты қылмыстық жауапкершілікке тартуға және оны тұтқынға алуға өздерінің келісімдерін беруі, бұл шешімге 128 депутаттың 100-нің қолдауы сенімсіздік тудырды. Аз уақыт ғана жұмыс жасаған ХІІІ шақырылымды 1995 жылы 6 наурызда Конституциялық сот заңсыз деп табуына байланысты Жоғарғы Кеңес өз жұмысын тоқтатты.
|
1995 жылы 30 тамыз – Жалпыхалықтық референдумда (қатысқан халықтың 81,9%-ы қолдады) жаңа Конституция («Ата заң») қабылданып, елімізге ірі өзгерістер ала келді:
-
Биліктің бөліну принципі тежемелік пен тепе-теңдік нақты жүйесімен баянды етілді.
-
Басқаруда Президенттік республика екендігі анық көрсетілді.
-
«ҚР Парламентің және оның депуттарының мәртебесі туралы», «ҚР Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
-
Республиканың Жоғарғы өкілді органы және Парламент тұрақты жұмыс жасайтын екі Палатадан: Сенат және Мәжілістен тұратындығы жазылды.
-
«Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді.
ҚР-НЫҢ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
|
1 сайланған ҚР Парламенті (1996-1999жж)
|
2 сайланған ҚР Парламенті (1999-2004жж)
|
3 сайланған ҚР Парламенті
(2004-2007жж)
|
4 сайланған ҚР Парламенті (2007-2011жж)
|
5 сайланған ҚР Парламенті (20.01.2012ж.
бастап)
|
СЕНАТ – 40 депутат
(19 облыстан және ҚР аста-насынан екі-екі адам сайланды),
7 депутатты Президент тағайындады.
-
4 әйел адам,
-
60 жастан асқан 4 адам.
-
10 заңгер, 10 экономист, 9 инженер,8 ауыл шаруашылық маманы.
-
4 ғылым док-торы, 11 ғылым кандидаты.
-
Сенат төрағасы: Өмірбек Байгелдин.
МӘЖІЛІС – 67 депутат сайлан-ды (ерлер-58, әйел-9)
-
7 ғылым док-торы, 10 ғылым кандидаты.
-
19 адам – жер-гілікті атқару органдарынан және мәслихат-тың басшылары мен қызметкер-лері.
-
Мәжіліс төрағасы: Марат Оспанов
|
СЕНАТ – 1999ж. дейін 44 депутат, 2003- 39 депутат
-
39 депутаттың 3-і әйел,
-
9 заңгер, 6 экономист, 11 инженер, 7 ауыл шаруашылық маманы, 6 педа-гог, саясаттану-шы, журналист.
-
4 академик, 6 ғылым докторы, 3 профессор,
3 ғылым канди-даты.
Сенат төрағасы: Оралбай Әбдікәрімов (2004ж. 10 наурызға дейін), одан кейін Нұртай Әбіқаев. МӘЖІЛІС – 77 (8 әйел)
-
Конституцияға өзгерістерден кейін 1999ж. ал-ғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау өтті.
-
Партиялық тізім бойынша сайлау (10 саяси партия қатысты)
-
Жетіпайыздың межені өткерген төрт партия (Отан, Азамат, Аграрлық, Коммунистер)
-
1 академик, 7 доктор, 20 ғылым кандидаты,
-
30 инженер,
22 заңгер, 16 экономист, 14 педагогикалық білімі бар, 8 ауыл шаруашылығы мамандары еді.
-
Мәжіліс төрағасы: Жармұқан Тұяқбай
|
СЕНАТ – 2005ж. 16 сенаторға сайлау өтті.
-
Сенат төрағасы: Нұртай Әбіқаев, 2007ж Қасым-Жомарт Тоқаев.
МӘЖІЛІС -77
-
Сайлауға 12 саяси партия қатысып, 4-і екі сайлау блогы құрамында.
-
67 депутат – Рес-публиканың әкімшілік аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған сайлаушылар саны тек бір мандатты аумақтық сайлау округы бойынша сайланды.
-
10 депутат – тең өкілдік жүйе бойын-ша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округы аумағы бойынша партиялық тізім бойынша (Отан-7, Асар-1, Ақжол-1, Аграрлық және Аза-маттық партиялары-ның «АИСТ» сайлау блогынан-1).
-
Жалпы, 59 депу-татты саяси партия-лар ұсынды (42-Отан, 11-«АИСТ» блогы, 4-Асар, 1-Ақжол, 1-Қаз.Дем. Партиясы, 18- Өзін-өзі ұсынғандар).
-
67 ер адам, 8 әйел.
-
Орташа жас 53.
-
Ең жасы 28, ең үлкені – 73жаста.
-
28 –ның ғылыми атағы бар (13 ғылым кандидаты, 15 ғылым докторы).
-
21 инженер, 14 заңгер, 16 экономист.
-
29 депутат бұрынғы сайланымда жұмыс жасаған (3-бірінші, 3-екінші сай-ланымда, 2-Сенатта, 12-і Жоғарғы Кеңес депутаттары).
-
Мәжіліс төрағасы: Орал Мұхамеджанов
-
2007ж. 20 мау-сымда ҚР Президенті жарлы-ғымен таратылды.
|
СЕНАТ – 2007ж. Конституцияға өз-герістер мен толық-тырулар енгізіліп, жаңа құрамы қалып-тастырылды (Пре-зидент тағайындай-тын сенаторлар саны 15-ке ұлғай-ды). Осыған сәйкес қосымша 8 сенатор-ды тағайындады.
МӘЖІЛІС-107 депутат
-
98-і партиядан, 9-ын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын болды.
-
2007ж. 18 тамызда 7 саяси партияның ішінде жеті пайыздық межені бағындырған «НұрОтан» Халықтық-Демократиялық партиясы барлық 98 орынды иеленді.
-
98-дің 39-депу-таттық корпуста бұрын болғандар, 24-мемлекеттік бас-қару органдарынан, 19-жергілікті мем-лекеттік басқару органдарынан, 8-бизнес құрылым-дарынан, 8-білім, ғылым, мәдениет өкілдері, 9-бас-қалар.
-
11 ғылым док-торы, 10 ғылым кандидаты.
-
42 инженер, 24 заңгер, 23 педагог, 21 экономист, 9 ауыл шаруашылық білімі бар.
-
82 қазақ ұлтынан және түрлі этнос өкілдерінен 17 орыс, 2 неміс, 1 беларусь, 1 балкар, 1 кәріс, 1 украйн, 1 өзбек, 1 ұйғыр кірді.
-
Құрамында 17 әйел адам.
-
Орташа жас-52.
-
Мәжіліс төрағасы: Аслан Мусин. 2008ж. қазаннан бастап Орал Мұхамеджанов
-
Төртінші сай-ланған ҚР Парла-ментінің Мәжілісі ҚР Президентінің «Төртінші шақы-рылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парла-менті Мәжілісі де-путаттарының кезектен тыс сай-лауын тағайындау туралы» 2011 жыл-ғы 16 қарашадағы Жарлығына бай-ланысты өз жұмы-сын аяқтады.
|
СЕНАТ – өз қыз-метін жалғастыру-да.
МӘЖІЛІС-107 халық қалаулы-лары (9-Қазақстан халқы Ассамблея-сы тағайындай-ды).
-
Жеті саяси партия қатысып, 98 орынның
83-НұрОтан,
8-Ақжол,
7-Қазақстан ком-мунистік халық партиясынан ие-ленді.
-
Бұрынғы сайла-нымның депу-таттық корпусы-нан 43 депутат өтті.
-
Орта жасы – 56, бұл төртінші сайланымдағыдан төрт жасқа жоғары. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылатын – 47 депутат, 60 жастан асқандар – 34, содан кейінгі топ 40 жастан 47 жасқа дейінгілер – 22 депутат және ең аз топ 30 жастан 39 жасқа дейінгілер - 4 депутат.
-
Ең жасы 32 жас (А.Тортаев), ең жасы үлкені 74 (В.Косарев).
-
107 депутаттың 27-і әйел.
-
Инженерлер – 30 депутат, 21 педагог, 13 заңгер депутат бар. 21 депутаттың экономикалық білімі, 10 депу-таттың ауыл шаруашылығы білімі бар.
-
Мәжілісте 2 академик, 17 ғы-лым докторы жә-не 25 ғылым кандидаты,
-
60 парламен-тарийдің екі жоғары білімі бар.
-
Депутаттық корпус құрамын-да 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс, өзбек және ұйғыр бар.
-
Мәжіліс төрағасы: Нұрлан Нығматулин
|
Жоғарыдағы кестеден Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасу жолын, олардың құрамын толық байқауға болады. Басым бөлігі техникалық білімі барлар және соңғы партиялық тізім бойынша іріктеу нәтижесінде әйелдердің үлесі көбейіп келеді.
Қазақстан Республикасы кәсіби Парламентінің заң шығару қызметі
|
1 сайланған ҚР Парламенті
(1996-1999жж)
|
2 сайланған ҚР Парламенті
(1999-2004жж)
|
3 сайланған ҚР Парламенті
(2004-2007жж)
|
4 сайланған ҚР Парламенті
(2007-2011жж)
| -
Барлығы 664 заң келіп түсті (591-Үкімет, 53-депутат-тардан).
-
Мәжіліс депутат-тары 558 заң жоба-сын мақұлдады, оның 31-і Палата-лардың бірлескен отырысында талқы-ланды.19 заң жобасы қабылданбады.
-
Мәжіліс мақұлдағаннан кейін Сенат 308 заң жоба-сын қабылдады. Мәжіліске өзгерістер мен толықтырулар-мен бірге 167 заң жобасы қайтарылды.
-
ҚР Президенті 497 заңға (Үкімет бастамасымен 468, депутаттар бастама-сымен 29) қол қойды. Солардың ішінде 106-ы дербес заңдар, 153-і қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 194-і халықаралық келісімдер мен шарттарды ратификациялау.
| -
Парламент Мәжілісіне 827 заң жобасы келіп түсті (Үкімет 646, депу-таттар бастамасы-мен 181). Бұлардың ішінде Елбасы 11 заң жобасын Парламент Палата-лары шұғыл түрде қарауы тиіс, ал 15 заң жобасын басым деп жариялаған.
-
Мәжіліс 622 заң жобасын мақұлдап Сенатқа жіберді, 25 заң жобасы қабылданбады. 93 заң жобасын заң шығару бастамашы-лары болған субъек-тілер кері қайтарып алған.
-
Палаталардың бірлескен отыры-сында 30-ға жуық заңды талқылап, қабылдады.
-
Ел Президенті Парламент қабылда-ған 604 заңға қол қойды. Оның ішінде жаңа дербес заңдар-120, дербес заңға өзгерістер мен толықтырулар-223, қолданысы тоқта-тылған немесе қол-данысқа енгізілген-17, 244-халықаралық келісімдер мен шарттар ратификацияланды.
-
Мемлекет басшысы қол қойған 52 заң депутаттар бастамасымен.
| -
03.11.2004-01.07.2005жж. аралықта Мәжіліске 79 заң жобасы келіп түсті (Үкімет-63, депутаттар бастамасымен-16).
-
Екінші сайланған Мәжілістің 6-сессиясынан ауысқан 125 заң жобасы болды (Үкімет-58, депутат-тар бастамасы-67).
-
Мәжіліс жұмыс жасаған сегіз ай ішінде 82 заң жоба-сы қаралып, мақұл-данып, Сенатқа жі-берілді. Сенат 30 заң жобасын қабылдап, 45 заң жобасын өз-герістер және толықтыруларымен Мәжіліске қайтарды
-
ҚР Президенті 76 заңға қол қойды. Оның 17-негізгі, жаңадан қабылдан-ғандар, 39-негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгі-зілген, 19-ратифи-кацияланған халық-аралық конвенция-лар мен хаттамалар, келісімдер мен шарттар, 1-ҚР мемлекеттік басқару саласындағы кейбір заңнамалық акті-лерінің күші жойыл-ды деп тану туралы.
| -
Мәжіліске енгі-зілген заң жобалары-ның саны-883.
-
Мәжіліс 525 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді.
-
ҚР Президенті қол қойған заңдар-дың барлығы 493 (1-Конституцияға өз-герістер мен толық-тырулар енгізу, 252-ратификациялар, 4-күшін жоғалту қолданысқа енгізу, 182-заңдарға өзге-рістер мен толық-тырулар).
-
Мәжілістің заң жобаларын жұмысқа қабылдау туралы қаулыларының күші жойылды деп таны-луына байланысты қарастырылмаған заң жобалары-20.
|
Жоғарыда аталған даму кезеңдердің барлығы Парламенттік сайланымдарға байланысты кезеңделді. Сонымен Кеңестік жүйедегі Жоғарғы Кеңес, Тәуелсіздік тұстағы заң шығарушы орган және бүгінгі кәсіби Парламенттің ең басты қызметтері мен ерекшелігін мына сызбадан байқауға болады:
Кеңестік кезеңдегі Жоғарғы Кеңес
(1938-1991жж)
|
Тәуелсіздік кезеңдегі Жоғарғы Кеңес
(1991-1995жж)
|
Қазақстанның кәсіби Парламенті ( ҚР 1995 жылғы Конституциясынан бастап)
|
1.Биліктің бөлінбеуі, Жоғарғы Кеңес Конститу-цияға сәйкес барлық мем-лекеттік аппарат пен билік-тің негізін құрады.
2.Өкілдік орган тұрақты жұмыс істемеуі.
3. Республиканың Жоғарғы сотын және халық комиссар-ларын сайлады.
4.Халық комиссарлары, Министрлер кеңесі Жоғары кеңес алдында жауапты, оған есеп беріп отырды.
5.Атап көрсетілмегенімен өкілдік және бақылау фунциясы жұмыс жасады.
6.Көбіне-көп квазипарла-менттік сипатта қызмет етуі.
|
1.Биліктің бөлінуі.
2.Бір палаталы құрылым
3.Республика Консти-туциясын қабылдап, өзгерістер мен толық-тырулар енгізе алатын.
4.Конституциялық Сотты, Бас Прокурор-ды, Ұлттық Банк Төр-ағасын тағайындайтын және өз міндеттерінен босата алатын.
5. Коммуинистік сарың санада басымырақ болды.
6. Тұрақты жұмыс жасауы(ХІІІ сайланым).
7.Көппартияның енуі (ХІІІ сайланым).
|
1.Биліктің бөлінуі Конституция-да толық шешімін тапты (3-бап, 4 тармақ): «Республикада мемле-кеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
2.Парламент – ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
3.Тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі Палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады.
4.Парламент Конституцияға Президент ұсынысы бойынша өзгерістер енгізеді.
5.Төменгі өкілетті органдардың жоғарыларынан тәуелсіздігі.
6.Жоғары мемлекеттік лауазым-ды тұлғаларды Президент пен Парламент келісе отырып тағайындайды.
7.Парламентте депутаттық ұйымдардың құрылуы.
8.Кәсіби Парламент аз болса да заңды қайта Үкіметке қайтаруы.
9.Депутаттардың кәсібиленуі (Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады).
10.Ең бастысы – көп партияның енуі.
|
Қайта тәуелсіздігін алған жас еліміз үшін биліктің бөлінуі басты жетістігі екендігін жоғарыда айтқан болатынбыз. Алайда, әлі де ХІІ шақырылым елге керекті маңызды заңдар қабылдағанымен уақыт жағдайына бейімделе алмады. Осы орайда Елбасының «тәуелсіздік жағдайында жұмыс істесе де, бұрынғы таптаурын ізден шыға алмаған Жоғарғы Кеңес сапалық жағынан мүлдем жаңа, күн сайын өзгеріп отырған экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес тиімді жұмыс істеуге дәрменсіз болып шыққанын білеміз [5, 8]. Сонымен қатар 1993 жылы Конституцияға сәйкес Қазақстандағы басқару Парламенттік республикаға келетін. Алайда өмірінің ұзаққа созылмауының бірнеше себептері бар. Бұл туралы көптеген ғалымдар өз зерттеулерін арнаған болатын. Соның ең негізгісі – қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістер аса қайшылықты әрі дағдарыста жүріп жатыр еді. Бұл қатаң әрі икемді басшылықты қажет етті. Ондай күшті нысан Президенттік басқару болатын [4, 154]. Екіншіден, қоғам кешегі ком-мунистік санадан арыла қоймаған еді.
1995 жылы 30 тамыздағы Конституциямызда еліміз Президенттік басқарудағы нысан екендігі айқындалып, осы басты заңда Парламенттің рөлі жоғарылатылды. Кәсіби Парламент деген атау алған заң шығарушы органымыздың алғашқы сессиясында 1996 жылы 30 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаев: « ... біз Қазақстанның шынайы өркениетті парламентаризмінің мөлдір бастауында тұрмыз» деген ойының мәні зор [5, 8]. Осыдан бастап еліміздегі зерттеушілердің пікірінше кәсіби Парламент қалыптаса бастады. Енді кәсіби деп өз атауына сай Парламентте өз жұмысын арттыра түсті. Парламент депутаттары енді тек сессияларға жиналып қана қоймай тұрақты негізде қызмет жасай бастады. Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Президенті: «Жоғарғы Кеңестің орнына тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы кәсіби Парламент келіп, осы жылдар ішінде еліміздің келбетін өзгерткен заңдар қабылдады» деп атап көрсетті [6, 3].
Қазіргі таңда кәсіби Парламенттің рөлін арттыруда түрлі зерттеулер жүргізіліп жатқанымен бұл мәселе бірнеше зерттеулермен біте қоймайды. Өйткені, 2007 жылы еліміздің Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, еліміз Президенттік басқарудан Президенттік-Парламенттік басқаруға бет бұрып, Парламенттің рөлі күшейтіле түсті. Сондай-ақ Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес көппартиялық негізде жаңа Мәжілісті сайлап қалыптастыру керек еді. Бірақ бұны жүзеге асыру қиын да күрделі. Белгілі түрлі себептерден Мәжіліске бір-ақ партия өтті. Бұл айқын көрсетілген заңға қайшы келгені белгілі. Осылай алдағы уақытта да жалғаса берсе, екінші және үшінші сайланған Мәжіліс депутаты Ұ.Қарамановтың осыдан біраз жыл бұрын Парламенттің төменгі палатасының жұмыс стиліне байланысты айтқан: «Парламент Үкіметтің заң шығарушы бөліміне айналуы мүмкін» деген ащы да бейнелі ескертпесінің бүгінде практикалық сипатта көріну қаупі бар [7, 196]. Дегенменде, Ұ.Қарамановтың ащы сөзінен айналып өтіп, 2012 жылдың 15 қаңтарында болған Парламент Мәжілісі сайлауында көппартиялықтың негізін анық байқаймыз. Мәжіліс құрамына жоғарыда аталып көрсетілгендей, басты көп мандатпен НұрОтан Халықтық Демократиялық партиясы (83 орын), Ақжол (8), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7) иеленді.
Әлі де болса кәсіби Парламенттің толық қалыптасып болмағандығы Парламентке байланысты зерттеулерді заманға сай күрделендіре түсері анық.
Қорыта келгенде, кәсіби Парламенттің қалыптасу жолындағы бүгінде ең өзекті мәселе - жаһандану заманында жаңару мәселесі. Осыған сәйкес кәсіби Парламенттің жаңаруы тек заңдық тұрғыда емес, сонымен қатар мамандардың да кәсіби денгейі жоғары болуы, уақыт ағымына икемделе алуы қажет. Бұл еліміздің қарыштап даму жолындағы мақсаттарын жедел түрде қайшылықсыз бағындыруға септігін тигізері сөзсіз.
Пайдаланған деректер:
1. Қалиев Н.Қ «Қазақстан Парламентаризмі», Алматы:Қазақстан, 2003.-51б.
2.Электронды ресурс (www.parlam.kz/Қазақстандағы Парламентаризмнің даму тарихы).
3.Н.Назарбаев «Тәуелсіздігіміздің бес жылы». Алматы: Қазақстан. 1996. -20-21бб.
4. Бәкір Ә.Қ. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуы. Астана: Сарыарқа, 2009.-346б.
5. Президент және Парламент. - Алматы: Атамұра, 2000. -8б.
6. Қалиев Н.Қ. Қазақстан Парламентаризмі: саяси талдау, саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация, - Алматы, 2005.-3б.
7. Парламентаризм в Казахстане: состояние и перспективы развития//Халық-аралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қалиев Н.Қ.:Қазақстан Парламентаризмі қалыптасуының қиыншылықтары мен даму перспективалары. - Астана, 2007.-196б.
Достарыңызбен бөлісу: |