77
Көптеген қауіпті жағдайлар адамның әрекетіне де
байланысты. Зауыттар дың,
фабрикалар мен көліктің
жұмыс істеуі зиянды қалдықтардың бөлінуіне әкеледі.
Олар қоршаған ортаға ауаны, суды, топырақты ластайтын
қалдықтар ретінде таралады. Осылайша, адамның өмір
сүру ортасы ластанады.
Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып (қосымша әдебиет,
интернет желісі), табиғи ортадағы
қауіп-қатерлерді анық-
тап, бағалаңдар:
Өзім жасаймын
1. Өз жақындарыңның төтенше жағдайларға кездескен
сәттері болды ма? Сұрап біл.
2. Төтенше жағдайда не
істеу керектігі және қайда
хабарласу қажеттілігі жайында сұра.
3. Әрбір адам өз өмірінің сақталуы мен жақындарының
амандығы үшін жауапты. Ол туралы айтылған мақал-мәтел-
дерді тап.
Қауіп-қатерден өзіңді қорғаудың ережесін құрастыр.
– қыс мерзімінде
табиғат аясына шыққан кезде;
– көктемде табиғат аясына шыққан кезде;
– жазда табиғат аясына шыққан кезде;
– күзде табиғат аясына шыққан кезде.
Біз мұндай қауіп-
қатерлердің алдын
алып, сақтануымыз
керек!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
78
–
Картаға қарап, біздің еліміздегі тұрғындардың қоныста-
нуына қалай талдау жасауға болады?
– Туристік саяхаттың маршрутын қалай таңдауға болады?
– Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді қалай бағалауға болады?
– Қауіпті, төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстауың керек?
Достарыңызбен бөлісу: