Қаулысы № 2011 ж. Орал қаласының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер



Дата09.07.2016
өлшемі10.36 Kb.
#186521
Жоба

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

_______ «___»_____________2011 ж.



Орал қаласының аумағында бейбіт

жиналыстар, митингілер және пикеттер

өткізетін орын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" Заңының 4-бабын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында,Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орал қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізетін орын болып, Гагарин көшесі, 105/3 мекенжайындағы жастар шығармашылық орталығы қасындағы гүлбақ белгіленсін.

2. "Орал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 3 наурыздан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С.Сафималиевке жүктелсін.


Қала әкімі                        С. Оразов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет