94
Қоғам – құндылығы мен мақсаттары
бір ұлттардың ортақ-
тасқан қауымы.
Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы.
Қыстау – қысқы маусымдық жайылым.
масштаб – сызбадағы нақтылы өлшемдер мен қашықтықтар-
дың бірнеше есе кішірейтілген көрсеткіші.
мереке – белгілі бір күндер мен мезгілдерге арнап өткізілетін
салтанатты той-думан. Мейрамның іс-әрекеттегі көрінісі.
Ой еңбегі – шығармашылықпен, есеппен, жазба
ісімен айна-
лысатын еңбектің түрі.
Петроглифтер – ежелгі адамдардың тасқа қашап салған су-
реттері.
Синквейн – шумақ құрастыру.
Тәуелсіздік – мемлекет саясатын өз еркімен жүргізуге қабілет-
ті, біреуге бағынышты емес еркіндігі мен бостандығы бар ел.
Толеранттылық –
өзгенің ойына құрметпен, төзіммен қарау.
Триумф – даңқ.
Триумфалды арка – салтанатты қақпа түрінде нақышталған
сәулет өнерінің үлгісі.
Түріктер –
қазақтар,
әзірбайжандар, қырғыздар және т.б.
түркі тілдес халықтарды қамтитын туысқан халықтар мен тілдер
тобы.
ұлттық мәдени орталық – Қазақстанда өмір сүретін ұлт
өкілдерін біріктіретін қоғамдық бірлестік.
хан – байырғы хандық құрған мемлекеттегі ең жоғарғы лауа-
зым,
билік иесі, ел билеуші.
Шежіре – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих
ғылымының тармағы. Яғни тарихи оқиғаларды жазып отыратын
жылнама.
Шешен – сөз өнерінің шебері.
ЮнеСкО – БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Білім,
ғылым
және мәдениет жөніндегі ұйымы.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217