V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының 5- сессиясы 2012 жылғы 14 шілде № Зырян қаласы



Дата07.07.2016
өлшемі31 Kb.
#183262


ШЕШІМ ЖОБАСЫ
V шақырылған Зырян ауданының мәслихатының

5- сессиясы

2012 жылғы 14 шілде №_______ Зырян қаласы


Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін және жеке тұлғалардың санаттарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 1- тармағының 14) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Әлеуметтік көмекті алуға құқықтары бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

  2. жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

  3. жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатынасқандармен теңестiрiлген басқа тұлғалар;

  4. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

  5. мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар;

  6. саяси қуғын-сүргін құрбандары;

  7. көп балалы отбасылар;

  8. 18 жасқа дейiнгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  9. балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп- интернаттардың түлектері, сондай- ақ аз қамтылған отбасы студенттері;

  10. аз қамтылған отбасылар (азаматтар);

  11. әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар (туберкулез, қатерлi iсiктер);

  12. өмірдің қиын жағдайларына душар болған азаматтар (табиғи апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, төтенше жағдайлар, баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар).

2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:

1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7) тиісті уәкілетті органмен берілетін, өмірдің қиын (төтенше) жағдайларына душар болғанын растайтын акті немесе құжат;

8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар, немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы;

9) туберкулезбен ауыратын аурулар үшін, туберкулезге қарсы диспансердің тізімі бойынша.



3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы Н. Горбачёва
Зырян ауданының

мәслихат хатшысы Г.Денисова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет