2013 жылғы 10 маусым № 14-5/1
"Әлеуметтік көмек алу үшін
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарын және қажетті құжаттардың
тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы
12 шілдедегі № 5-3/2) шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 13 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 5-3/2) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2620 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 9 тамызында № 64 «Жұлдыз» және «Новая-жизнь» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін :
2 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Жотабаев
Аудандық
мәслихатының хатшысы Р.Беспаев
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 5 шілдеде 2986 нөмірімен тіркелген
Достарыңызбен бөлісу: |