Отбасы институты әлі толық зерттелген жоқ.. Ондағы өмірлік әрекеттері, құндылықтар, құпиялығы сақталып,бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауды қаламауы байқалады. Отбасындағы барлық адамдарды зерттеу қиын.Сондықтан ең дұрысы отбасы мүшелерін зерттеуге қатыстыру.
Отбасын зерттеу мақсаты: отбасындағы кері әсерлердің ықпалынан туындататын мәселелерді табу, көмек беру жолдарын белгілеу. Ол үшін психолог отбасын зерттеу әдістерін білуі керек.
Отбасы мәселелерін зерттеген ғалымдар: Е.П. Арнаутова, Л.В.Артюнова, В.В. Котырло, С.А. Ладывир, В.И. Безлюдная, Г.Н. Грен, Н.А. Стародубова, Г.В. Лушина, В.М. Иванова, М.Р.Битянова т.б.
Битянова М.Р. ұсынған психодиагностикалық қызметті ұйымдастырудың келесі принциптерін басшылыққа алуға болады:
1. Баланы тиімді психологиялық сүйемелдеудің мақсаты мен міндетіне нақты әдістемелер мен тәсілдерді таңдау;
2. Тексерудің қорытындысы басқаларға түсінікті тілде, аударуға жеңіл болып құрылуы қажет;
3. Пайдаланған әдістемелердің болжамы, яғни олардың негізінде әрі қарай оқыту мен тәрбиелеу кезеңдерінде баланың даму ерекшеліктерін болжай алу;
4. Әдістің жоғары дамытушы потенциалыУзнать стоимость
5. Процедураның үнемділігі. Жақсы әдістеме жеке де, топтық нұсқада да қысқа көпфункционалды процедура болуы керек, жекелей, әрі топтық нұсқаларда болуы, алынған мәліметтерді бағалауда біркелкі және жеңіл болуы тиіс.
В.В. Котырло және С.А. Ладывир отбасын зерттеуді төмендегідей жоспар бойынша жүргізуді ұсынады:
1. Отбасының типі, құрамы, айналысатын кәсібі, білімі;
2. Отбасындағы микроклимат, қарым - қатынас ерекшеліктері;
3. Отбасындағы бала тәрбиесі;
4. Отбасы мүшелерінің денсаулығы;
5. Педагогикалық- психологиялық білімі, тәжірибелік іскерлігі;
6. Ата- аналардың өз міндеттерін, рөлін түсінуі;
7. Тәрбиелік ықпал жасау ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық деңгейде қолданылады. Эмпирикалық жолмен отбасын сипаттауға мүмкіндік беретін нақты әдістер арқылы материалдар жинастырылады. Теориялық деңгейде саралау, салыстыру, қортындылау, жүйелеу әдістері қолданылады.
Отбасының зерттеу әдістерінің түрлері:
1.Бақылау әдісі;
2.Әлеуметтік сауалнамалар, анкеталар;
3.Интервью;
4.Тренингтер өткізу;
5.Жағдаяттар шешу;
6. Шығарма жазу;
7.Сөйлемді жалғастыру;
8.Сурет салу әдісі т.б.
Диагностикалық жұмыс бақылау әдісінен басталды.
Бақылау–зерттелуші объектінің мақсатқа бағытталған, арнайы ұйымдастырылған зерттеу түрі. Бақылау табиғи жағдайдағы ата-ана мен баланың психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Бақылау барысында біз өз назарымызды ата-ананың баламен қарым-қатынастына, оның сәттіліктері мен сәтсізділігіне, реакцияларына, ата-аналардың балалар өміріне араласуына көңіл аудару т.б. Балалардың құрбылармен қатынасы қандай екенін біліп, ойын немесе сабақ кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктерін анықтап, мәліметтер жинастыруға болады.
Анкета арқылы нақты сұрақтарға мәліметтер жинастырылады.Анкета екі түрге бөлінеді:
1.Тікелей анкета; 2.Сырттай анкета.
Анкетаның сұрақтары үшке бөлінеді:
а/ Ашық сұрақ – сұраққа жауап беру.
ә/ Жабық сұрақ – жауап нұсқалары бар сұрақтар.
б/ Аралас – жауап нұсқалары бар және өз пікірін жазу керектігі.
Эксперимент жұмысы екі бағытта жүзеге асырылды. Бірінші бағытта ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас жағдайы, екінші бағытта ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдері анықталып, қорытынды жасалынды.
Сурет салу әдісінде балаларға өз отбасының суретін салғызу арқылы оның отбасындағы орнын, отбасының жағдайын, баланың отбасында кімді жақсы көретінін,т.б. байқауға болады. Сурет бойынша сұрақтар қойып кейбір мәселелерді анықтаған жөн. Тәжірибеде сурет салу әдісі жиі қолданылады.интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалайды, оны мақтан тұтады, баланың инициативасы мен дербестігін қолдайды, онымен бірдей деңгейде болуға ұмтылады. Ата-ана өз баласына сенеді, даулы жағдайларда оның көзқарасын қолдауға ұмтылады.
3. Симбиоз. Шкала баламен қарым-қатынаста тұлғааралық дистанцияны көрсетеді. Бұл шкаланың жоғары деңгейінде ата-ана өзінің баласымен симбиотикалық қарым-қатынасқа ұмтылады деп есептеуге болады. Бұл шкаланың мазмұны былай суреттеледі: ата-ана өзін баламен біртұтас етіп сезінеді, баланың барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысады, оны өмірдің қиыншылықтары мен жамандықтарынан қорғап қалуға ұмтылады, ата-ана үнемі балаға үрейлену сезімінде болады, оған дербестілікті ешқашан рұқсат етпейді, бала оған әрі кішкентай, әрі қорғансыз болып көрінеді.
4. Бақылау. Бұл шкала үлкендердің бала іс-әрекетін бақылауын, яғни ата-ананың балаға авторитарлы қарым-қатынасын көрсетеді. Ата-ана баладан сөзсіз тыңдау мен тәртіпті талап етеді. Бала өзінің еркін ойы мен көзқарасын айта алмаса, қатал жазалайды. Ата-ана баланың жетістіктерін бақылап, оның жеке ерекшеліктері, әрекеттерін, ойларын, сезімдерін реттеп отырады.
5. Кішкентай жолы болмағыш. Бұл соңғы шкала ата-аналар баланы өз жасындағы балалардан кішкентай деп, олардың қызығушылығы, ойы, сезімі әлі жетілмеген деп есептейді. Оның жеке тұлғалық, әлеуметтік жетістіктері төмен деп ойлайды. Сондықтан оны барлық қиындықтардан қорғаштап, барлық іс әрекеттерін бақылауға тырысады.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу үшін математикалық және статистикалық әдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |