В090100 «КӨлікті пайдалану және жүК ҚОЗҒалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 1-Өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұСҚаулары павлодар 2011



Дата13.06.2016
өлшемі222 Kb.
#131497


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Көліктік техника және

логистика» кафедрасының зертханаларында, Павлодар облысының ішкі істер департаментінің жол полиция басқармасында, «Автодорсигнал» ЖШС-де, Павлодар мемлекеттік автомобиль жол мекемелерінде, автокөлік және университетпен келісім шарты бар қозғалыс қауіпсіздігі мен ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын басқа кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеулік институттар мен сынау ұйымдарда өткізілетін

050901/5В090100 «КӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖҮК ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ

1-ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Павлодар 2011



УДК 621.436

ББК 31.35


К. 21

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған

Рецензент:

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор М. М. Суйіндіков.



К-21 Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б.

050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 1-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары. Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев. –2-басылым, түзетіліп және толықтыры-лып шығарылған. –Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2011. – 21 б.


050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығында оқитын студенттерге арналған 1-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұс-қаулары келтірілген.

1-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаула-ры студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және басқа ізденген адамдар мен ұйымдарға, соның ішінде студенттер тәжірибелерді өткенде және түлектердің жұмыс орнына барғанда-да пайдалы.

ПМУ-нің «Көліктік техника және логистика» кафедрасында және ПМУ-нің медиатекасында 1-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары және әдебиеттер тізімінде келтірілген материалдардың [1-17] компьютерлі түрлері (варианттары) бар.



УДК 621.436

ББК 31.35

© Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б., 2011

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2011


1- өндірістік тәжірибе Нысан

бағдарламасының және Н СО ПМУ 7.18.3/22

әдістемелік нұсқауларының

бекіту парағы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН

ММжКФ деканы

__________Тоқтағанов Т. Т.

20___ж. «___» ____

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Көліктік техника және логистика» кафед-расының зертханаларында, Павлодар облысының ішкі істер департаментінің жол полиция басқармасында, «Автодорсигнал» ЖШС-де, Павлодар мемлекеттік авто-мобиль жол мекемелерінде, автокөлік және университетпен келісім шарты бар қозғалыс қауіпсіздігі мен ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын басқа кәсіпо-рындарда, ғылыми-зерттеулік институттар мен сынау ұйымдарда өткізілетін 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 1-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары.


1-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары Мемле-кеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 3.08.367-2006 және ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 «Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Кәсіптік тәжірибе. Негізгі талаптары» бойынша құрастырылған.
Құрастырушылар: т.ғ.д., профессор Қарақаев А. Қ.,

оқытушы, магистр __________ Имангазинова Д. Б.


«Көліктік техника және логистика» кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылған, 20 ж. «___»_______, Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі ____________ Ордабаев Е. Қ.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ж. «___»_____, Хаттама № ____.

ОӘК төрағасы _______________ Ахметов Ж. Е.


Норма бақылау:

СМБ біліктілігі жоғары

деңгейлі маманы Баяхметова Г. С. 20 ж. «____»_________

Аббравиатура тізімі
ҚР - Қазақстан Республикасы;

ПМУ - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті;

МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

ҚР ІІМ - Қазақстан Рсепубликасының ішкі істер министрлігі;

АКК - Автокөлік кәсіпорны;

ТКС - Техникалық күтім станциясы;

ЖКО - Жол-көлік оқиғасы;

АТЖ - Антиблокты тежеуіш жабдықтандыру;

ЖҚҰ - Жол қозғалысын ұйымдастыру;

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

КЖЖ - Көше-жол желісі;

ҚҚ - Қозғалыс қауіпсіздігі;

ТҚК - Техникалық қызмет көрсету;

АМПБ - Арнаулы монтажды пайдалану бөлім;

БТП - Бақылау-техникалық пункті;

БӨП - Бақылау өткізу пункті;

ҚҰҚ - Қозғалыс ұйымдастыру қызметі;

ҚБАЖ - Қозғалыспен басқару автоматталған жүйе;

ОТҚ - Оқудың техникалық құралдары;

ЭЕМ - Электроесептеуіш машина;

ӘИ - Әдістемелік инструкция;

ӘН – Әдістемелік нұсқау;

МАК - Мемлекеттік аттестация комиссиясы.
Алғы сөз

1-өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемелік нұс-қаулары 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Тәжірибе атауы

1-өндірістік
Курс

2
Кредит саны

4

Семестр

4

Мерзімі

5 апта


1-өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемелік нұс-қаулары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.367-2006 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 «Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Кәсіптік тәжірибе. Негізгі талаптары» бойынша құрастырылған.

Кіріспе
Өндірістің және жоғары мектептің кейінгі дамуы жоғары мек-тептің мамандар дайындау сапасына және өндіріс шарттарындағы жас мамандардың икемделу (адаптация) үрдісінің үдеуіне көбеюші талап-тар ұсынады. Маманды тәжірибелі дайындаудың мақсаты студенттер-дің машықтанған (профессионалды) қабілеттерін қалыптастыру бо-лып келеді.

1-өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының оқу жоспарына сәйкес құрастырылды.

1-өндірістік тәжірибе негізінде студенттердің кәсіпорында, кәсіпорын ұжымының мүшесі ретінде олардың өндіріс үрдісіндегі тікелей қатысуы активті іс-әрекеттілігі жатыр, бұл олардың теория-лық білімдерін қолдануға, қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәжірибелі жұмыстардың дағдыларын алуға рұқсат етеді.



1-өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары 1-өндірістік тәжірибесінде берілетін мақсаттардың, әдіс-темелік талаптарын анықтайды және оқытушының жеке тапсырмала-ры мен жеке студенттердің әр бір кәсіпорындарында тәжірибе өтудің нақты кестелерін (графиктерін) дайындау үшін басшылық етеді.
1 1-өндірістік тәжірибе
2 курс студенттеріне арналған 1-өндірістік тәжірибе оқу үрдісі-нің негізгі бөлігі болып келеді, университтегі оқу үрдісі кезінде алынған студенттердің теориялық білімдерін бекіту және өндірістік және ғылыми мәселелерді өз бетімен шешу дағдыларын алу мақсаты-мен, кәсіпорындарда, оқитын кафедрасында, мекемелер мен ұйымдар-да өткізіледі.

«Көліктегі автоматты басқару жүйелері», «Тасымалдау ұйым-дастыру және қозғалыспен басқару», «Көліктік логистика» пәндерін үйренуге дайындау және «Жанармай, жағармай материалдары және техникалық сұйықтар», «ЖҚҰ техникалық құралдары» пәндерді үйрену кезінде алынған теориялық білімдерді бекіту тәжірибе мақсаты болып келеді.

Тәжірибе өту кезінде студенттер жұмыс мамандықтарында жұ-мыс істеуі керек. Алдыңғы шешімдер мен өндіріс ұйымдастыру әдіс-терін, заманауи қозғалыс басқару тәсілдері мен техникалық құралда-рын, жолдағы қауіпті аймақтарын талдау кезіндегі зертханалық зерт-теулер, сызбалар құруын үйренеді.

1-өндірістік тәжірибе студенттердің алған теориялық білімдерін бекітеді, жол қозғалыс қауіпсіздігі мен ұйымдастыру саласындағы ұйымдастырушылық және тәжірибелік инженерлік-техникалық дағ-дыларын алуға көмектеседі, студенттердің техникалық ой-өрісін ке-ңейтеді және де ғылыми-зерттеулік және өнертабыс іс-әрекетін дамытады.




    1. Тәжірибе базалары

1-өндірістік тәжірибе университетпен келісім шарты бар қозғалыс қауіпсіздігі мен ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын кәсіпорындарда, Павлодар облысының ішкі істер департаментінің жол полиция басқармасында, «Автодорсигнал» ЖШС-де, Павлодар мемлекеттік автомобиль жол мекемесінде, автокөлік кәсіпорында-рында, ғылыми-зерттеулік институттар мен сынау ұйымдарда және С. Торайғыров атындағы ПМУ «Көліктік техника және логистика» кафедрасының зертханаларында өткізіледі.

Кәсіпорындармен жасалған келісім шартқа сай студенттер кафедрамен тәжірибе орындарына жіберіледі.

Өндірістік тәжірибе өту кезінде жұмыс түрлері бойынша жұмыс уақыты келесідей бөлінуі мүмкін:

- құжаттарды толтыру және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау - 1 күн;

- кәсіпорын құрылымын және оның негізгі технико-экономика-лық көрсеткіштерін үйрену - 1 күн;

- технологиялық үрдістерді үйрену - 4 күн;

- жұмыс мамандығын меңгеру - 14 күн;

- еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған орта сұ-рақтарын үйрену - 1 күн;

- мағлұмат жинау, есепті дайындау және оның кафедрада қорғауы - 7 күн.

Есеп дайындауды және құрастыруды аяқтау үшін студент жұмыс орнының жұмысынан тәжірибе аяқталғанға дейін бір аптаға босатылады.


1.2 Тәжірибе мазмұны

Кәсіпорынға сәйкес жеке тапсырмалар әр бір студентке тәжіри-бе басталғанға дейін 050901/5В090100 «Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік тәжірибенің жеке тапсырмалар тізіміне сәйкес беріледі.


1.2.1 Жолдық полицияда тәжірибе өту

Кәсіптенген (машықтанған, профессионалды) дағдыларды иге-ру: жол қозғалысын ұйымдастырудың (ЖҚҰ) техникалық құралдарын монтаждау және дайындау бойынша монтажшының және темір ұста-сының (слесарьдің), бағдаршам және басқа басқару объектілерді жөндейтіндердің және реттейтіндердің, автомобильге құралдық бақылау өткізу бойынша темір ұстасының және басқа мамандардың.



Жолдық бақылау қызметі.

Қозғалысты ұйымдастырудың сызбасын, көшелі-жолдық желі жөніндегі қозғалыстың ұтымды тәртіптерін тағайындауын үйрену және суреттеу. Көшелі-жолды желі (КЖЖ) бойынша ұсыныстарды жобалау. Жаяу жүру ағындарының және қоғамық сапар желісінің (жолдың, маршруттың) көліктік қозға-лысын, автомобиль тұрағын ұйымдастырудың, олардың инженерлі жабдықтарын, жол қозғалысын ұйымдастыру техникалық құралдарын монтаждау мен орнату тапсырмаларын дайындауын, қозғалысты басқару автоматты жүйелерінің енгізілуін жетілдіру. Көшенің, авто-мобиль жолының, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын жол құрылыстар жағдайын бақылау. Жолдың, көшенің, қоғамдық көлік маршруттарының, теміржол торабының, жол өтпенің тексеруін өткізу және көше мен жолдың жаңартылған жерлерін қабылдау бойынша коммисия жұмысына қатысу.



Жолдық-патрульді қызметі.

Көшелер мен жолдағы көліктік құралдар қозғалысының жыл-дамдық тәртібін бақылау әдістерін, қолдану жабдықтарын, арнайы шараларды ұйымдастыру мен өткізуді оқу және суреттеу (балаларды тасымалдау, колонналарды (тізбектерді, саптарды) шығарып салу және т. б.). Стационарлы посттағы жол қозғалыс бақылауын ұйымдас-тырудың негізгі әдістері, қолданатын техникалық құралдар мен ас-паптар; жол қозғалыс ережелерін бұзуға арналған құжаттама, толтыру түрлері мен реттері; габаритті емес арнайы жүк тасымалдау рұқсатын беру, олардың тасымалдауын бақылау.



Көлік құралдары жағдайының техникалық бақылау қызметі.

Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық бақылауын өткізу; автокөліктік кәсіпорындарының жинақты (комплексті) зерттеу; қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын агрегаттар, түйіндер бақылау әдістері, қолданылатын құралдар мен жабдықтар; техникалық құжаттама, оларды толтыру реттері мен түрлері.



Ақпаратты-аналитикалық бөлімше.

Жол-көлік оқиғалары (ЖКО) есебінің ережелері, қолданылатын құжаттама, ЖКО санын және олардың зардап ауырлығын төмендету ұсыныстарды жобалау; жылдық аналитикалық есептер дайындау.



Жол қозғалысының қауіпсіздігі (ҚҚ) бойынша үгіттілік (агитация) жұмысы және насихаттау (пропоганда) қызметі.

Мектепке деійнгі мекемеде, мектепте, ЖОО-да, халық арасында жол қозғалыс насихатын, ҚҚ бойынша байқау, тексеру рейдін, жарыс, викторина дайындау, ұйымдастыру және өткізу шаралары; балалық ойнау алаңын және автодром ұйымдастыру; ҚҚ бойынша радио, теледидар арқылы хабар ұйымдастыру, автокөлік кәсіпорнында (АКК) апат ескерту жұмысы.



Тіркелу-емтихандық бөлімше.

Көлік құралдарын есепке тұр-ғызу реті, құжаттама; теориялық емтиханды өткізу әдістемесі, пайда-ланатын техникалық құралдар мен аспаптар; автомобиль жүргізудің тәжірибелік емтиханын ұйымдастыру және өткізу; көлік құралығын басқару құқықтарының куәлігін беру реті; оқу орындарында жүргі-зуші кадрларын дайындау бақылауын ұйымдастыру.



Арнайы монтажды пайдалану бөлімшесі («Автодорсигнал»).

ЖҚҰ техникалық құралдарын пайдалану, жылдық және болашақ жос-парларын жобалау, керекті материалдар мен жабдықтардың қажет-тілігін анықтау; керекті материалдарға, жабдықтарға, кабельді құрал-дарға, реттегіш техникалық құралдарға, арнайы көліктік құралдар мен механизмдерге, олардың орындауын бақылау, реттегіш құралдары-ның техникалық жағдайын бақылау, олардың техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен жөндеуіне, арматураны, түйіндерді, тетіктерді дай-ындау технологиясы, мәлімдемелер дайындау және көрсету, реттеу техникалық құралдары мен материалдарын сақтау; арнаулы монтаж-ды пайдалану бөлімдегі (АМПБ) іс-әрекетінінің техникалық құжатта-маларын қолдану.


1.2.2 Автокөліктік кәсіпорындарда тәжірибе өту

Кәсіптенген (профессионалды) дағдылар алу: жұмысшының, темір ұстасы (слесарь) диагносшының, жинақтаушының, вулканиза-тордың, аккумуляторшының және де басқа мамандардың.



Автокөліктік кәсіпорынның бақылау-техникалық пункты. Автокөлік кәсіпорнының бақылау-техникалық пункт жұмысын оқу және суреттеу. Бақылау-техникалық пункті (БТП) жабдықтармен, құрылғылармен, мехиназациялау құралдарымен жоспарлау. БТП механигінің құқықтары мен міндеттері. БТП құжаттамасы, оны толтыру. БТП пайдалану қызметі мен инженерлі-техникалық қызметі аймақтарымен байланысы.

Техникалық көмек автомобильдерінің жабдықтары мен жұмысы. Тоқтап қалу себептері бойынша автомобильдердің бағыттан түсуін талдау (тежеуіш жүйесінің, рульдік басқарудың, жарықтандырудың және т. б. ақауы).



Қозғалыс қауіпсіздігінің қызметі. Кәсіпорындағы ҚҚ қызметі-нің іс-әрекетін оқу және суреттеу. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз-дандырудағы ҚҚ инженерінің рөлі. АКК жетекшілерінің жұмысы. Соңғы 5 жылдағы ЖКО статистикалық талдау. ЖКО негізгі себептері. Жүргізушілермен жұмыс. Жол полициясымен байланыс.

Рейс алдындағы жүргізушіні медициналық қарау. Медицина қызметін жоспарлау, оның жұмысы, құжаттамасы. Медпункттың жабдықтары. Эмоционалды жүк түсіру посты, АКК профессионалды ауру.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің іс-әрекетін оқу және суреттеу. ҚҚ инженерімен орындалатын жұмыс. Кабинет жоспарлау. Жабды-қтар мен құрылғыларды орналстыру. ҚҚ кабинетіндегі оқу құрал-дары. Құжаттама формасы және оларды толтыру. Жүргізушілермен жұмыс жасау.



Автомобиль диагностикасы. ҚҚ қамтамасыздандыратын ме-ханизмдерді диагностикалау постымен, бағыт немесе станция жұмы-сын оқу және суреттеу. Оператор-диагностшының жұмысы, оның құқықтары мен міндеттері. Стендтардың, құрылғылардың сипаттама-сы, олардың жұмысын суреттеу. Автомобильдерді диагностикалау журналы, дигностиканың басқа құжаттары.

Техникалық жағдай талаптарын, құрылғыны, мерзімділікті, күтімді, диагностикаға арналған жабдықтар мен құралдарды және де төменде жазылған түйіндер мен жүйелердің тоқтап қалуын және ақаулығын тереңдетіп оқу:

- автомобильдің тежеуіш жүйесін;

- рульдік басқаруды;

- жарықтандыруды және дабылдауды;

- автомобильдер мен доңғалақтардың шиналары;

- автомобильдің ҚҚ әсер ететін қалған агрегаттар мен түйіндер-ді.

Желідегі (жолдағы) автомобиль жұмысын жетілдірілуі. Қа-лалық автобустардың жол қауіпсіздігін жоғарылатуды оқу және су-реттеу. 4-5 автобус бағдарламарының (маршруттарының) сипаттама-сы. Осы маршруттардың әр түрлі аймақтарында ЖКО статистикасы. ЖКО түрлерін талдау. ЖКО себептері. Қалалық автобустардың қаты-суымен ЖКО туралы ақпараттың жүйелеу. Бағдарламардағы авто-бустардың жұмысын жетілдіру бойынша мінездеме. Жолаушыларды күтуді жақсартуға және ЖКО төмендетуге әкелетін бағдарламардағы тар орындарын қысқарту. Бағдарламардағы жолаушы ағындарын оқып білу, үйрену. Қалалық бағдарламардағы автобустар қозғалысы-ның аралығы. Орталық диспетчер қызметінің жұмысы. Қаладағы жеңіл және автобустардың жұмысын бақылау.
1.2.3 Автомобиль жолдарын басқару ұйымында тәжірибе өту

Кәсіпшілік дағдыларды меңгеру (жұмысшының, қалаушының, таңбалаушының, жол-құрастыру машиналарын жөндеу бойынша темір ұстасының, асфальтқалаушы жүргізушінің және басқа маман-дардың).

Автомобиль жолдарының облыстық басқару және ҚҚ бөлімінің құрылымы. ҚҚ бойынша инженердің құқықтары мен міндеттері. Жолдардың қауіпті аймақтарын анықтау әдістері және оларды бел-гілермен немесе басқа құралдармен қоршау. Жолдық жағдайдың ЖКО санына әсері. Жолды жөндеу кезінде оның қозғалысын ұйым-дастыру. Жер төсемінің тұрақтылық бағасын оқып білу, үйрену. Жол бар аймақтағы апаттық жерлерді табу және қозғалыс жылдамдығын оқып білу, үйрену. Жаңадан құрастырылған, жөнделген, қайта құрыл-ған автомобиль жолдарын пайдалану сапаларын зерттеу әдістері. Жобаланатын жолдың көріну арақашықтықтарын оқып білу, үйрену. Автомобильді магистральдің бойлық жол пішініндегі және жоспарын-дағы қисықтардың ең кіші радиустарын оқып білу, үйрену. Автомо-биль магистралінің жер төсемі мен жүру бөлігінің көрсеткіштерін оқып білу, үйрену. Жол жамылғысының тептегістігі қозғалыстың тәр-тібіне және апаттылығына тиетін әсері. Жол жамылғысының ілінісу сапасы мен оның кедір-бұдырлығы қозғалыстың тәртібіне және апат-тылығына тиетін әсері. Автомобиль жолдардың өткізу қабілетін бағалау. Жол жамылғысының тептегістігі қозғалыстың қауіпсіздігіне тиетін әсері.
1.2.4 С. Торайғыров атындағы ПМУ «Көліктік техника және логистика» кафедрасының зертханаларында тәжірибе өту

Тәжірибе кафедраның зертханалық базасын жетілдіру және сту-денттердің кәсіптенген дағдыларын (жұмысшының, темір ұстасының, станокшы және басқа мамандардың) алу мақсатымен өткізіледі. Уни-верситеттің басқару, ұйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін оқып білу, үйрену: кәсіпорын құрылымын, оның бөлімшелерінің функциялары мен тағайындалуын, негізгі жоспарлы көрсеткіштерін. Университеттің автошеберханаларындағы тозған техниканы қайта құ-ру және жөндеу әдістерін оқып білу, үйрену. Машиналардың техника-лық күтімін ұйымдастыруды, автомобильдердің техникалық пайдала-нуын оқып білу, үйрену. Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау сұрақтарын оқып білу, үйрену: жұмыс орындарында техника қауіп-сіздігі бойынша инструкция оқу. Макеттер, плакаттар, стендтар, авто-мобильді техниканың түйіндерінің қимасын кафедраның оқу зертха-налары үшін дайындау, ғимарат жөндеу, университеттің автомобиль техникасын күту.




    1. Тәжірибені ұйымдастыру

1-өндірістік тәжірибе автокөлік кәсіпорындарында, автобаза-ларда, ҚР ішкі істер департаментінің жолдық полиция бөлімшіле-рінде, ұйымдарда, фирмаларда, ғылыми-зерттеулік, жобалық-зерттеу-лік, эксперттік, оперативті-кримимналдық, жолды-пайдаланушылық ұйымдарда, «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны студент-терінің профессионалды тәжірибесі туралы жағдай» және тәжірибе бағдарлама негізіндегі сертификат бойынша органдарында өткізіледі.

Студенттерді тәжірибе орны бойынша бөлу, тәжірибе өту мер-зімін анықтау, тәжірибе жетекшілерін тағайындау тәжірибе бастал-ғанға дейін 10 күннен кем емес университет бойынша бұйрықпен бекітіледі.

Зауыттар мен фирмалар үшін студентті тәжірибеге жіберудің негізі осы кәсіпорында тәжірибе өту туралы келісім шарт болып келеді. Келісім шарт немесе кепілдеме хат тәжірибе басталғанға дейін бір ай бұрын толтырылуы керек.

Тәжірибе өтудің мазмұны мен жүйелілігі өндірістің нақтылы шарттарын қолданып тәжірибе жетекшісімен берілетін тапсырмада қойылады.


1.4 Тәжірибе қорытындысы

Тәжірибе соңында студент өзінің профессионалды деңгейінің көтерілуін және оның алдына қойылған мақсатты түсінуін көрсететін есеп дайындауы керек.

Есепте тәжірибе мерзімі, ұйым атауы, қайда өткені, өткізілген зерттеулердің нәтижелері, әдеби-патенттік материалдар мен тәжірибе кезінде меңгерілген техникалық құжаттама көрсетіледі, олардың қысқаша талдауы келтіріледі. Тәжірибе кезінде жиналған барлық материалдар есепте беріледі.

Тәжірибе өту нәтижелері туралы студент кафедраның тәжірибе жетекшісінің алдында есеп береді.

Кәсіби тәжірибенің бағасы келесі түрде қойылады:

– тәжірибе бойынша бір жетекші тағайындалған кезде баға көрсетілген есептің қорғау қорытындысы бойынша дайын есепке және көрсетілген білімге сай қойылады.

– тәжірибе бойынша екі жетекшіні тағайындаған кезде тәжірибе базасының тәжірибе жетекшісінің меншікті салмағы қорытынды баға-дан 40 % құрайды, ал ПМУ жетекшісінің бағасы меншікті салмағы қорытынды бағадан 60 % құрайды. Баға 100 баллдық шкала бойынша қойылады.

2 Есепті дайындаудың негізгі ережелері

Тәжірибе бойынша есеп ӘИ ПМУ 4.01.3-09 «Оқу құжаттарын толтыру ережелері. Текст құжаттарының жалпы талаптарына» сай толтырылады. Тексттік құжаттар А-4 (210х297 мм) үлгісімен (МЖМБС 2.301) қағаздың бір жақ парағында орындалады; кесте және сүреттер орындау үшін АЗ (297х420 мм) үлгісімен парағын керек кезде пайдаланады.

Тексттік құжаттардың түп нұсқасы келесі тәсілдердің біреуімен орындалады:

– қолдан жазылған әріптер мен цифрлардың биіктігі 2,5 мм. Барлық құжат бойы цифрлар мен әріптерді тушпен, сиямен немесе қаламмен (көкпен, қарамен, күлгінмен) анық жазу керек. әр түрлі сиялар, туштар және астын сызу рұқсат етілмейді;

– машиналық тәсілмен ЭЕМ графикалық және басылу қондыр-ғыларын қолдану. Шрифт Times New Roman KZ әдеттегі, кегль 14 пункт, жол аралығы жалаң қабат ара.

Машиналық тәсілмен дайындалған тексттік құжаттарға бөлек сөздер, формулалар, шартты белгілер (қолдан жазылған тәсілмен) жазу және де сүреттерді қара сиямен, тушпен орындалады.

Текстте парақтың барлық төрт жағынан ақ шет болу керек. Сол ақ шектің өлшемі - 30 мм, оң ақ шектікі - 10 мм, үстіңгі және астынғы ақ шектердің өлшемдері - 20 мм.

Тексттегі жол басындағы бос жер, колдан жазылған текстте 15-17 мм тең немесе машинамен жазылған текстте бес белгіге тең (1,25 см). Текст шектерінде жол басындағы бос жер бірдей болуы керек.

Қолдан жазылған текст жолының арасындағы қашықтық 10 мм кем емес болуы керек.

Тәжірибе бойынша есеп кіріспеден, жеке тапсырма мен тәжіри-бе мазмұнына сәйкес әр сұрақ бойынша бөлімдерден, қорытынды мен ұсыныстардан, қолданылатын әдебиет тізімдерінен тұрады. Суреттеу-де және есептерде эскиздар, ықшамсызбалар, сызбалар, технология-лық карталар болу керек.

Мамандық бойынша жеке тапсырмаларды орындау нәтижелері жеке реферат түрінде толтырылып ғылыми-техникалық конференция-ға ұсынылуы мүмкін.

Есепті дайындау тәжірибе өткен кезде аяқталуы керек және кә-сіпорынның тәжірибе жетекшісінің қолы қойылуы керек. Жетекші қо-лына ұйымның мөрі қойылады. Баға 100 баллдық шкала бойынша қойылады. Тәжірибе нәтижесінің бағасы келесі түрде қойылады:



Баллдағы қорытынды баға (Қ)

Баллдардың цифрлік баламасы (Ц)

Әріп жүйедегі баға

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

Емтихан, дифферен - циалды сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Есептелді

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы


80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағатталған

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

Қанағатталған жоқ

Есептел - мейді

2.1 Әдістемелік нұсқаулар


Кәсіпорын қызметтерінде және құрылымдық бөлімшеде қоғам-дық және өндірістік іс-әрекетті үйрену ұжымның қоғамдық және өндірістік жұмыстарында тікелей қатысу. Кәсіпорын қызметтерінде және құрылымдық бөлімшеде бар нормативті-техникалық құжаттар-ды үйрену жолдарымен жүзеге асырылады.

Тәжірибе бағдарламаларының әр бөлімін және жеке тапсыр-маларды орындау кезінде студентке кәсіпорынның тәжірибе жетекші-сі көмек көрсетеді. Ол тәжірибешілерді ақпараттандырады: қай бөлім-шеде керекті мағлұматтар бар екенін және кәсіпорында құрастырыл-ған тәртіпке сай оларға рұқсат береді. Кәсіпорынның тәжірибе жетекшісі талапты графикалық мағлұматтың көшірмесін дайындауға өтінішті құрастыруда көмек көрсетеді.

Бірақ ескеру керек: тәжірибенің негізгі мақсаты нақты матери-алды жинау емес, ал теориялық білімдер негізіндегі олардың кең және жан-жақты талдауы және осының негізінде техникалық деңгей мен кәсіпорын шығаратын өнім сапасының және заманауи талаптарын орындайтын жұмыстың сәйкес дәрежесі болып келеді. Осындай тал-даудан кейін тетіктер мен түйіндер конструкцияларын жетілдіру, үдеу технологиялық үрдістерді қолдану, еңбек ұйымдастыруды жақсарту, еңбек сіңірудің және дайындаудың өздік құнын төмендету бойынша ұсыныстарды жобалаған дұрыс. Студенттермен ұсынылатын шешім-дер курстық және дипломдық жобаларда пайдаланылады. Кәсіпорын іс-әрекетінің комплексті бағасын құру және оның бөлімшелерінің қызметтерін өзара байланысын анықтау үшін, кәсіпорын құрылымын, оның бөлімшелерінің қызметтері мен тағайындауын, және де кон-структорлық және технологиялық қызметтердің жұмысы мен олардың өзара әрекетін қарау керек. Стандартизациялау мен өнертабу, өнім сапасымен басқару, еңбек қорғау және қоршаған орта қызметтерінің жұмысына ерекше назар аударған дұрыс.

Әдебиеттер
Негізгі:

1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті «050901-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша ҚР білім және ғылым министр-лігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 779 бұйрығымен бекітілген және іске 01.09.2006 ж. енгізілген білім беру стандарты ҚР МЖМБС 3.08.367-2006 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ереже-лері». –Ресми басылым. –Астана: ҚР БҒМ, 2006. -34 б.

2 Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан по специальности «050901-Организация пере- возок, движения и эксплуатация транспорта» ГОСО РК 3.08.367-2006 «Образование высшее профессиональное. Бакалавриат. Основные положения», утвержденный приказом МОН РК от 23.12.2005 г. № 779 и введенный в действие 09.01.2006 г. –Издание официальное. –Аста-на: МОН РК, 2006. -32 с.

3 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының біліктілік сипат-тамасы/А. Қ. Қарақаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева және Д. Б. Иманғазинова; Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев.

-3-басылым, түзетіліп және толықтырылып шығарылған. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «КЕРЕКУ» баспасы, 2011. -11 б.

4 Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б. 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының оқу тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқау-лары; Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев. –2-ба-сылым, түзетіліп және толықтырылып шығарылған. –Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2011. -16 б.

5 Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б. 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» ма- мандығының 2-өндірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары; Редакциясын басқарған т.ғ.д.,проф. А. Қ. Қарақаев.–2-ба-сылым, түзетіліп және толықтырылып шығарылған. –Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемле-кеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2011. -21 б.

6 Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б. 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының диплом алдындағы тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары; Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев. –2-басылым, түзетіліп және толықтырылып шығарылған.

–Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2011. -20 б.

7 Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б. 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» ма- мандығық тәжірибелерінің сабақтас бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары; Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев. –2-басылым, түзетіліп және толықтырылып шы ғарылған. -Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2011. – 31 б.

8 Қарақаев А. Қ., Иманғазинова Д. Б. 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының мемлекеттік қорытынды аттестациясына ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар; Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев. –2-басылым, түзетіліп және толықтырылып шығарылған.

–Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ-ситетінің «Кереку» баспасы, 2011. -24 б.

9 Қарақаев А. К., Иманғазинова Д. Б. 050901/5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының бітіру жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар; Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. А. Қ. Қарақаев.–2-ба-сылым, түзетіліп және толықтырылып шығарылған. –Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2011. - 35 б.

10 Квалификационная характеристика специальности 050901/ 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация тран- спорта»/А. К. Каракаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Иман- газинова; Под ред. А. К. Каракаева. –3-е изд., перераб. и доп. –Пав- лодар: Издательский центр ПГУ им. С. Торайгырова «Кереку», 2011.

-12 с.

11 Программа и методические указания по прохождению учеб-ной практики для студентов специальности 050901/5В090100 «Орга-низация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»/А. К. Каракаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Имангазинова; Под ред. А. К. Каракаева. – 2-е изд., перераб. и доп. –Павлодар: Издатель- ский центр ПГУ им. С. Торайгырова «Кереку», 2011. -16 с.



12 Программа и методические указания по прохождению произ- водственной практики № 1 для студентов специальности 050901/ 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация тран- спорта»/А.К.Каракаев,Х.З.Бейсенова,З.А.Усенбаева и Д.Б.Имангази-нова; Под ред. А. К. Каракаева. –2-е изд., перераб. и доп. – Павлодар: Издательский центр ПГУ им. С. Торайгырова «Кереку», 2011. -22 с.

13 Программа и методические указания по прохождению произ- водственной практики № 2 для студентов специальности 050901/ 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация тран- спорта»/А. К. Каракаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Иман- газинова; Под ред. А. К. Каракаева. –2-е изд., перераб. и доп. – Павло- дар: Издательский центр ПГУ им.С.Торайгырова «Кереку»,2011.-20 с.

14 Программа и методические указания по прохождению пред- дипломной практики для студентов специальности 050901/ 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»/А. К. Каракаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Имангазинова; Под ред. А. К. Каракаева. –2-е изд., перераб. и доп. – Павлодар: Издатель- ский центр ПГУ им. С. Торайгырова «Кереку», 2011. -21 с.

15 Программа и методические указания по прохождению сквоз-ной практики для студентов специальности 050901/5В090100 «Орга-низация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»/А. К. Кара-каев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Имангазинова; Под ред. А. К. Каракаева. –2-е изд., перераб. и доп. – Павлодар: Издательский центр ПГУ им. С. Торайгырова «Кереку», 2011. -32 с.

16 Методические рекомендации и указания к итоговой государ- ственной аттестации для студентов специальности 050901/5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»/А. К. Каракаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Имангазинова; Под ред. А. К. Каракаева. –3-е изд., перераб. и доп. –Павлодар: Издатель- ский центр ПГУ им. С. Торайгырова «Кереку», 2011. -27 с.

17 Методические указания по выполнению выпускных работ для студентов специальности 050901/5В090100 «Организация перево-зок, движения и эксплуатация транспорта»/А. К. Каракаев, Х. З. Бейсенова, З. А. Усенбаева и Д. Б. Имангазинова; Под ред. А. К. Каракаева. –3-е изд., перераб. и доп. – Павлодар: Издательский центр ПГУ им. С. Торайгырова «КЕРЕКУ», 2011. -37 с.

18 Кременец Ю. А., Печерский М. П., Афанасьев М. Б. Технические средства организации дорожного движения. –М.: ИКЦ Академкнига, 2005. - 279 с.

19 Клинковштейн Г. И., Афанасьев М. Б. Организация дорожного движения: Учеб. для ВУЗов. –М.: Транспорт, 2001. - 247 с.

20 Правила дорожного движения Республики Казахстан (сбор-ник документов). – Новосибирск: Сиб. унив. изд-во, 2007. - 64 с.

21 Макенов А. А. Инженерные расчеты параметров светофор-ного регулирования: Учебное пособие. –Усть-Каменогорск: ВКГТУ им. Д. Серикбаева, 2003. - 86 с.


Қосымша:

22 Самойлов Д. С., Юдин В. А., Рушевский П. В. Организация и безопасность городского движения: Учеб. для ВУЗов. –М.: Высш. шк., 1991. -256 с.

23 Буга П. Г., Шелков Ю. Д. Организация пешеходного движения в городах: Учеб. пособ. –М.: Высш. шк., 1980. - 232 с.

24 Куперман А. И. Безопасное управление автомобилем. – М.: Транспорт, 1989. -160 с.

25 Волошин Г. Я., Мартынов В. П., Романов А. Г. Анализ до-рожно-транспортных происшествий. –М.: Транспорт, 1997. - 240 с.

26 Глухарева Т. А., Горбанев Р. В. Организация движения грузовых автомобилей в городах. – М.: Транспорт, 1998. -125 с.

27 О безопасности дорожного движения: Официальный текст Закона Республики Казахстан. – Алматы: Жеты Жаргы, 1996. - 48 с.

Қосымша

(міндетті)


Есептің титул беті
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП

ТЖ.050901.23-03.01.10.


№1 өндірістік_______________________________

(тәжірибе түрінің атауы)

Мысалы: ЖШС «Автодорсигнал»_________________

(тәжірибе және кәсіпорын орны)

____________

(баға)
Комиссия мүшелері Жетекші

___________________________ _____аға оқытушы ______

(қызметі, ғылыми дәрежесі) (қызметі, ғылыми дәрежесі)

___________________________ Бейсенова Х.З.

(аты-жөні, тегі) (аты-жөні, тегі)

__________ _______________ ____________ _________

(қолы) (күні) (қолы) (күні)


Нормобақылаушы Тәлімгер

___________________________ Жанайдарова Г. К.

(қызметі, ғылыми дәрежесі) (аты-жөні, тегі)

___________________________ __________

(аты-жөні, тегі) (қолы) (күні)

__________ _______________ _ҚТҰ-201_______

(қолы) (күні) (топ)
Павлодар 2011

Мазмұны
Аббравиатура тізімі 3

Алғы сөз 4

Кіріспе 5

1 1-өндірістік тәжірибе 5

1.1 Тәжірибе базалары 6

1.2 Тәжірибе мазмұны 6

1.2.1 Жолдық полицияда тәжірибе өту 7

1.2.2 Автокөліктік кәсіпорындарда тәжірибе өту 8

1.2.3 Автомобиль жолдарын басқару ұйымында тәжірибе өту 10

1.2.4 С. Торайғыров атындағы ПМУ «Көліктік техника және

логистика» кафедрасының зертханаларында тәжірибе өту 10

1.3 Тәжірибені ұйымдастыру 11

1.4 Тәжірибе қорытындысы 11

2 Есепті дайындаудың негізгі ережелері 12

2.1 Әдістемелік нұсқаулар 13


Әдебиеттер 15

Қосымша (міндетті). Есептің титул беті 19


Абылхан Қосмырзаұлы Қарақаев

Динара Балғабекқызы Иманғазинова

«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығында оқитын студенттерге арналған 1-өн - дірістік тәжірибе бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулары.

Техникалық редактор Айтжанова Д. Н.

Жауапты хатшы Темешова А. Т.


Басуға 27.10.2011ж.

Пішім 29,7 ´ 42 1/4 . Офсеттік қағаз.

Шартты баспа табағы 0,96 усл. печ. л. Таралымы 100 дана.

Бағасы келісім шартпен.

Тапсырыс № 0476
С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы


140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64

E-mail: publish@psu.kz






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет