Векторы. Операции над векторами


Нуклеоид – бір сақиналы тұйық хромосома, 4000 гендері бар, гаплоидты. Плазмида



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі0.91 Mb.
#477637
1   2   3
№7 Микроорганизмдер генетикасы

Нуклеоид бір сақиналы тұйық хромосома, 4000 гендері бар, гаплоидты.
Плазмида – хромосомадан тыс тұқым куалаушылық факторлары.
Ген,түрлері. Генотип.Фенотип
Ген (qenus – туғызады ұғымы) – бірғана белгі, не қасиетке жауап беретін ДНҚ –ның бір фрагменті.
Микроорганизмдер жасушасындағы гендердің толық жиынтығы генотип ,ал олардың морфологиялық белгілері мен физиологиялық процестерінің сыртқы көрінісі -фенотип болып салалады.
Геннің үш түрін ажыратады:
құрылымдық ген,
реттеуші ген,
tra – оперон.

Хромосомадан тыс тұқым қуалаушылық факторлар

Плазмида

Генетикалық өзгергіштіктің маңызды факторына плазмида жатады.

Плазмидалар- бактериялардың хромосомадан тыс мобильді генетикалық құрылымы, екі жіпшелі ДНҚ-ның тұйықталған сақинасы түрінде. «Плазмида» терминін АҚШ ғалымы Дж. Ледерберг (1952) енгізген.

Түрлері: конъюгативті және конъюгативті емес.

Плазмидалар қызметі

Мутация

Mutatio– латынша өзгеріс ұғымын береді.

Мутациялық өзгергіштік кезінде геном өзгеріске ұшырайды.

Мутация түрлері:

- спонтанды және индуцияланған (шығу тегіне қарай);

-нүктелік, хромосомдық (санына сәйкес).

Мутагендер түрі:

физикалық , химиялық, биологиялық.


Генетикалық рекомбинациялар
Екі жасуша арасында гендерді өзара алмастыру арқылы микроорганизмдерде тұқымқуалайтын өзгерістерді алу үшін трансформация, трансдукция, конъюгация әдістері қолданылады.
Генетикалық рекомбинацияларда белгілердің донор клеткасынан реципиент клеткасына тасымалдануы түрлі жолдармен жүреді.

Трансформация ( латынша transformation – тасымал) бактерия ДНҚ-сының донор клеткадан рецепиент клеткаға тікелей берілуімен сипатталады және ол бактериялар бір-біріне туыстас болған жағдайда жүреді, гомологиялық (ұқсас) бөлімдері алмасуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет