Верх-уба селолық округінің әкімі В. В. Фещенконың 2014 жылға есеп беру Тезисі



Дата29.02.2016
өлшемі43.15 Kb.
#30615
ВеРХ-УБа селолық округінің әкімі В.В. ФЕЩЕНКОның

2014 жылға есеп беру Тезисі

Верх-Уба селолық округіндегі адам саны 2236. Елді мекені: Верх-Уба а. - 2236 адам, селолық округ орталығы мен облыс орталығының ара қашықтығы - 65 шақырымды, аудандық орталық - 43 шақырымды, т/ж станциясы - 43 шақырымды құрайды. Округ аумағы - 108264 га, оның ішінде елді мекендердің жерлері 164 га, ауыл шаруашылық бағыттағы жерлер – 22894 га, жыртылатын жерлер - 11400 га, жайылымдар - 4780 га.



Ауылшаруашылық құрылымдардың саны - 28, оның ішінде шағын орындар - 20. Округ аумағында шағын бизнес субъектілері - 65 , оның ішінде 22 бірлік қызмет көрсету саласының нысандары, 18 - дүкен, 1 - тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, 1-қоғамдық тамақтандыру нысаны, 3 - наубайхана (оның ішінде 2 жабылған), 1 - май зауыты, 1 - тұшпара цехы. Шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны - 200 адам. ІҚМ – 690 (бас), сиыр - 370, жылқы - 225, шошқа - 1081, құс басы - 4500. 1818 ц - ет, 13420 ц - сүт өндірілді, 1 сиырдан сауылатын сүт – 3453 кг , 540 мың дана жұмыртқа өндірілді, жалпы өнім жинау: дәнді дақылдар - 12596,9 мың тонна және 3551,7 мың тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі- 21,5 ц/га, күнбағыстың өнімділігі - 15,3 ц/га құрады.

Білім беру. Округ аумағындағы орта мектеп саны - 1. Бала саны - 470, мектепке дейінгі жастағы бала саны – 157, оқушы саны - 305, мектеп компьютерлік техникамен жабдықталған және Интернет желісі тартылған. 2014 жылғы оқушылардың білім сапасы - 38%, ҰБТ орта балл - 72.5. Мектеп түлектерінің саны -12, жоғарғы оқу орындарына түскендер - 2, оның ішінде тегін оқитындар - 0 адам, колледжде оқитындар - 9. Мұғалімдердің саны -32 адам.

Медициналық мекемелер 1 (бірлік), санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген - 1, мед. қызметкерлердің саны - 6 адам, оның ішінде 1 - дәрігер, 4 - мед. қызметкер, тех.қызметші - 1 адам.

Округтегі қоғамдық–саяси жағдай тұрақты.

2014 жылы полиция учаскелік инспекторымен жүргізілген жұмыстар: қылмыстық пен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу, қылмысты болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Әкімнің 2014 жылғы есеп беру кездесуіндегі округ тұрғындарының қойған сауалдары

- селолық амбулаторияда лаборанттың болмауы;

- селолық амбулаторияда лаборант жқмысын қайта бастады.

- 2014 жылы жергілікті салықтан 596 510 мың теңге түсті, 2013 жылғы салықтар 599 659 теңгені құрады.

Өткен жылы жұмысқа орналастырылған азаматтар саны - 2 адам, есепте тұрған жұмыссыздардың саны - 12 адам, жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны - 40. Жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер - 13 адам.

Күнкөріс табысы төмен тұрғындардың саны - 15 адам, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны - 5 отбасы, тұрғын үй көмегіне мұқтаж жандар - 19 адам, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны - 5 отбасы.

Елді мекеннің ішіндегі жолдарды жөндеу – ауылдық округтердің ауыл шаруашылық құрылымдарымен жүргізіледі, ұзындығы 36 км жолдың 28 км топырақты жабын және 2-3 маусымдық пайдалану кезінде жолдар техникалық тозады.

2014 жылы 2 км астам жол жөнделді, яғни 180 машина шығарылып, жол бетіне себілді, соңынан тегістелді (Киров, Комсомольская, Заречная көшелері)

500-ден астам қайың көшеттері отырғызылды. Округ орталығында саябақ аймағы абаттандырылды, гүлзарлар отырғызылды (мемлекеттік мекемелер қатысты).

Көшелерді ағымдағы жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді - 11458 мың теңге, Комсомольская көшесіне асфальт төселді.


Верх-Уба селолық округінде шаруашылық субъектілерімен ынтымақтастық жөнінде меморандумдар жасалды, оның аясында елді мекендерді жарықтандыру, санитарлық тазалау, мұқтаж жандарға көмек көрсету проблемалары шешіледі. Сомасы 8 млн. теңгеге 21 меморандумға шарт жасалды. Аз қамтылған отбасыларға табиғи азық-түлік, көркейту, көлік бөлу және жұмыстарды атқару, өзіндік құны бойынша жем-шөппен қамтамасыз ету, көмір, отын, мерекелік іс-шараны және ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге және т.б. 11 млн. жұмсалды.

Біздің округтің мұқтаж жандарына көмктесіп тұратын барлық кәсіпкерлерге алғыс білдіргім келеді.

«2020 жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша округ аумағында 4 адам 8 млн. теңге шағын несие алды, мал шаруашылығын дамытуға– 3 адам, омарта шарауашылығы -1 адам.

Ардагерлер кеңесі - Е.К.Романов. 2014 жылы мынадай жұмыстар атқарылды: аз қамтылған азаматтарға, тыл жұмысшылары мен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік карталарды ресімдеу, қайырымдылық акцияларға, мемлекеттік және басқа мерекелерге қатысу, елді мекендерді абаттандыру бойынша айлықтарға қатысу.

Жастар ұйымы - «Жастық» жастар ұйымының активі селолық округ әкімімен, ҰОС ардагерлерімен, диқаншылармен кездесулер өткізіп тұрады. Барлық іс-шараларды дайындауға, өткізуге қатысады. Мектепте жастарға және балаларға арналған мәдени- іс-шаралар дайындалады. Ардагерлер кеңесімен бірге ҰОС Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар өткізілді, ауған әскерлерімен кездесу кеші, тыл еңбеккерлерін марапаттау өткізілді. Ардагерлер кеңесімен бірге жалғыз тұратын қарт азаматтарға көмек көрсету бойынша «Мейірім» отряды жұмыс істейді, мектеп аумақтары абаттандырылады және т.б.

Әлеуметтік-экономикалық дамыту кеңесі - Романов Е.К. округті абаттандыру және әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша негізгі жұмыс.

Отбасы істері және гендерлік саясат бойынша комиссия отбасылардағы әлеуметтік жағдай бойынша мәселелер шешіледі, мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамту, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік жәрдемақылар мен басқа көмектерді алу бойынша мәселелер шешімін табады.



Проблемалар мен міндеттер - осы уақытта округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша мәселе шешімін таппай отыр. Осы мәселені шешу үшін 2014-2015 жылдары ескірген жүйені күрделі жөндеу немесе жаңа жүйе салу қажет.

2013 жылы округте су қорларын растау бойынша жұмыс аяқталды, 2014 жылы ЖСҚ дайындау жоспарлынып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет