Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
140
құрастырып алады, содан кейін оларды қапталдарға орнатып, ердің орта ағашын қиыстырады» [10, 24-б.],
кейін оларды бір-біріне желімдеп, кептіреді.
Батыс Қазақстан өңіріне тән, басы шошайып, арты дөңгеленіп келген ер түрі – қозықұйрық ер.
Қозықұйрық ердің жасалу жолы құранды ердің жасалуына ұқсас болып келеді.
«ҚР МОМ қорында сақтаулы (КП 18535/6) қозықұйрық ер бірнеше бөлек жөке ағашынан
құрастырылған. Алдыңғы және артқы қасы сүйектеліп, әдемі жасалынған. Ал, ердің аттығы (аттық
деген мінген адам отыратын керсеннің жалпақ бөлігінің бет жағы) қалың қоңыр былғарымен тысталып,
күміс бүркеншікті шегелермен шегеленген. Алдыңғы қасының биіктігі 28,5 см, артқы қасы 17 см,
қапталының ұзындығы 38 см, ені 9,5 см... » [31, 667-б.].
Қазақтың дәстүрлі ұлттық киімінің өзіндік ерекшелігін Орталық Азияның аридтік және субаридтік
аймағының климаттық һәм ландшафттық талғам-талабына ғасырлар бойы бейімделген көшпелі
шаруашылық-мәдени типінің болмыс-бітімі тұрғысынан түсіндіруге болады. Өйткені киім-кешек кешені
көшпелі тіршлікқамы жүйесінің құрамдас компоненті ретінде қалыптасты. Демек, қатаң континенталды
климатта қалыптасқан киім-кешек түрлері қысқы суықтан, жазғы ыстықтан қорғануға және көшпелі өмір
салтының ерекшеліктеріне әбден бейімделгендігімен ерекшеленеді.
Дәстүрлі қазақы ортадағы киім-кешектің әшекейлену ерекшелігі адамның материалдық күйіне,
әлеуметтік лауазымына, жынысына және жастық категориясына тікелей байланысты болған. Киім-кешек-
ті әшекейлеу, әсіресе, адамның жас ерекшеліктеріне негізделді. Жастардың киім-кешектеріне кестелер
көбірек әшекейленіп салынса, егде кісілердің киім-кешектерінің кестеленуі біршама жұпыны болған.
Осы киім-кешек құрылымдық ерекшелігіне қарай ғылыми әдебиетте құрамына қарай «антроморф-
тық» принцип бойынша жіктеу қалыптасқан: 1) бас киім; 2) сырт киім; 3) бой киім; 4) аяқ киім. Осы киім-
кешек жөнінде антроморфтық принциппен жазылған ҚР МОМ директоры, этнолог-ғалым Нұрсан
Әлімбайдың жетекшілігімен жасалынған иллюстрацияланған ғылыми каталогты атап өтпеске болмайды
[21]. Бұл каталогта ҚР МОМ қорындағы хронологиялық шеңбері XVIII-XX ғғ. ортасына дейінгі аралықта
қамтитын, барлығы 371 музей құндылықтар киімінің түрлері бойынша топтастырылып, ғылыми
сипатталынған. Олардың жасалуы, пішімі, тігу техникасы туралы толық сипаттамаларына қоса заттарға
қатысты деректер (жасалған уақыты, орны, шебері, материалы, әзірлеу техникасы), сондай-ақ, қажетті
түрлі түсті фотолары берілген.
Киім-кешектердің музей қорына түсу динамикасын антроморфтық принцип бойынша көрсетсек,
1923-1928 жылдар аралығында, яғни «орынборлық» кезеңіне сәйкес бас киім -1, сырт киімдерден-3, бой
киімдерден-2, аяқ киім-2. Одан бұрынғы жылдардағы мәліметтер сақталмаған. «Алматылық» кезеңнен
бастап соғыс жылдарына дейін бас киімдерден – 8, сырт киімдерден-18, бой киімдерден-6, аяқ киім-11
сақтам бірлігі музей қорына келіп түскен. Ал, Ұлы отан соғысы жылдары музей қорына небәрі 1 зат киім-
кешек коллекциясы түскен. Қалған музей қорындағы киім-кешек коллекциялары әртүрлі зерттеу
жұмыстары мен экспедициялар нәтижесінде толығып отырған.
Осы киім-кешек коллекцияларының жинақталу географиясына тоқталатын болсақ, олар Қазақстан-
ның барлық дерлік аймақтарынан жинақталған десек те болады. Атап айтқанда Ақмола облысы (Қойтас
ауылы, Қызылту ауданы, Октябрь ауданы), Ақтөбе облысы (Қарашығанақ, Шалқар), Алматы облысы
(Талдықорған, Алакөл ауданы, Көктұма ауылы, Сарыөзек бекеті, Қапал ауданы, Панфилов ауданы,
Еңбекшіқазақ ауданы, Жамбыл ауданы, Кеген ауданы, Күрті ауданы, Қаскелең ауданы, Нарынқол
ауданы, Талғар ауданы, Ұйғыр ауданы, Шелек ауданы), Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан
облысы (Бөкей ордасы, Орал, Қаратөбе ауданы), Жамбыл облысы (Свердлов ауданы, Талас ауданы),
Қарағанды, Орталық Қазақстан, Қызылорда облысы (Арал ауданы, Сырдария ауданы, Шиелі ауданы),
Маңғыстау облысы (Жаңаөзен қаласы), Оңтүстік Қазақстан обылысы (Шымкен,Түркістан, Шәуілдір),
Павлодар облысы (Ақсу ауданы, Баянауыл ауданы, Лебяжье ауданы), Солтүстік Қазақстан облысы,
Шығыс Қазақстан облысы (Семей, Абай ауданы, Абыралы ауданы, Көкпекті ауданы, Мақаншы ауданы,
Шар ауданы, Шұбартау ауданы, Зайсан ауданы, Тарбағатай ауданы, Марқакөл ауданы).
Музей қорындағы коллекцияларының толығуы және олардың қатарының ұлғаюы, әлбетте, жинақтау
жұмыстарын жүргізу және арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған археологиялық және
этнографиялық экспедициялар, жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сыйға тартуы және сатып алу
негізінде жүзеге асырылады. 1933 жылдан бастап музей қоры археологиялық, этнографиялық экспеди-
циялар мен деректанулық ізденушілік жұмыстары нәтижесінде толығып отырды. Бұл түсімдердің басым
бөлігі белгілі тарихшы, археолог және этнографтар: А.Байтұрсынов, Н.Г. Хлудов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов,
Ә.Жиреншин, К.Ақышев, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, З.С. Самашев, Ж.Қ. Құрманқұлов,
|