Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________Е. Досаев
2015 жылғы «____» ___________
|
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 7-1/1031 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
11-қосымша
«Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу;
сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға нақты себептерді көрсете отырып, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісуден жазбаша бас тарту жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);
4 (төрт) дана мемлекет және орыс тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттама (шетелдік өтініш берушілер үшін нотариалды куәландырылған аудармасы бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттама және нотариалды куәландырылған аудармасының көшірмесі бар нормативтік-техникалық құжаттаманың көшірмесі), ол мыналарды:
1) ұйым стандартын және/немесе халықаралық стандарттарды;
2) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші (жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы) қол қойған/бекіткен ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын дайындау және бақылау жөніндегі нұсқаулықты;
3) өндіруші әзірлеген ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқауды (нұсқаулықты);
4) микроорганизмдердің өндірістік және бақылаудағы штаммдарына және жасуша өсіріндісінің қайта себілетін желілеріне арналған паспортты (ветеринариялық препараттар үшін);
5) ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының тіркелгенін және/немесе Кеден Одағына және Бірыңғай Экономикалық Кеңістіке мүше елдерден басқа, үшінші елдердің ресми мемлекеттік фармокопеясына енгізілгенін растайтын құжатты (бар болса);
6) ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының (ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын дайындау/бақылау үшін пайланылатын микроорганизмдердің штаммдары) жекелеген компоненттеріне немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспасын дайындау технологиясына/әдісіне не оны пайдалануға/қолдануға патент (тер) бар болған жағдайда ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының компоненттерін дайындаушы мен патент иесі арасында жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
7) зертханалық және өндірістік сынақтың хаттамасын (актісін) қоса отырып, ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаларды әзірлеу, түрлендіру, жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есепті;
8) ветеринариялық препараттардың халықаралық стандарттарға (Good Manufacturing Practice – тиісті өндірістік тәжірибе) сәйкес өндірілгенін куәландыратын құжаттарды (бар болса) қамтиды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжайлар бойынша беріледі:
1) Комитетке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605-кабинет,
8 (7172) 55-58-15, 55-59-45 телефондары, priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz электрондық адресі;
2) Министрлікке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет, 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 телефондары.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитетің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымда:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық өтінішті жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 7-1/1031 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№7-1/418 бұйрығына
12-қосымша
«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы Ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларға және Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу бағдарламасына сәйкес – екі жылға дейін;
2) көрсетілетін қызметті алушы ведомствоға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – апробация нәтижелері туралы акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Апробация нәтижелері туралы акт қағаз нысанда ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы түрде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);
жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамасының ведмоствомен келісілген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға осы стандарттың
4-тармағында көрсетілген мерзімдерде апробация жүргізу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) ведомствомен келіседі, ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробациясын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізуге арналған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің қатысуын және Бағдарламамен танысуын қамтамасыз етеді;
ведомство Бағдарламаны және Комиссия құрамын бекітеді, ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу орнын айқындайды;
көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаны апробация жүргізу орнына Бағдарламада көрсетілген көлемде жеткізуді қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжайлар бойынша беріледі:
1) Комитетке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605-кабинет,
8 (7172) 55-58-15, 55-59-45 телефондары, priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz электрондық адресі;
2) Министрлікке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет, 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 телефондары.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитетің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымда:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық өтінішті жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Өтініш
_____________________________________________________ ветеринариялық препаратына,
(ветеринариялық препараттың, жемшөптік қоспаның саудалық және жалпы қабылданған атауы)
жемшөптік қоспаға апробация жүргізуді сұраймын
1. Өтініш беруші ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы)
2. Өтініш берушінің мекенжайы, телефоны, факсі, банктік деректемелері __________
_______________________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің ЖСН/БСН _______________________________________________
4. Ветеринариялық препарат, жемшөптік қоспа туралы мәлімет _________________
________________________________________________________________________________
-
құрамы: _______________________________________________________________
2) дәрілік нысаны_________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
3) тағайындалуы ___________________________________________________________
5. ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаны дайындаушы ________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы)
6. Ветеринариялық препаратты және жемшөпік қоспаны өндіруші ________________
_______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) заңды тұлғаның атауы)
7.Өтініш берушінің өкілі ____________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы)
8. Өтінішке мынадай нормативтік-техникалық құжаттама қоса беріледі: ________________________________________________________________________________
9. Өтінім берілді: 20____жылғы «____» __________________ ________________________________________________________________________________
(қолы) (Өтініш беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
10. Өтініш қабылданды:
20_____жылғы «____» __________________
________________________________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)және лауазымы )
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 7-1/1031 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№7-1/418 бұйрығына
6-қосымша
«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдары;
2) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – мемлекеттік орган);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |