№34. 23 ақпан Мұхамеджанова А



Дата12.06.2016
өлшемі31.5 Kb.
#130514
Айқын. – 2013. - №34. – 23 ақпан

Мұхамеджанова А.

Ауру импорт малдың өтеуі бола ма?
Ел аман, жұрт тынышта, Қазақстанға әспеттеп, шетелден әкелінген ірі қаралар бір тұяғы қалмастан дертке ұшырап, шаруа-фермерлер жер сипап қалуда деген әңгіме әлемді шарлап кетті. «Оған менің еш қатысым жоқ, кінәні менен неге іздейсіздер?» деген министр Асылжан Мамытбеков асылтұқымды ірі қаралардың елге қалай келіп қалғанын білмейтін кейіп танытып, жауапкершіліктен ашық бас сауғалай бастауда. 

Шындығына келетін болсақ, ол ірі қараларды елге әкелу келісімшарты Ма­мытбеков «ҚазАгро»-да басшы бо­лып отырған кезде жасалған болатын. Кезін­де бүгінгі министр шетелден әкелінетін асылтұқымды малдар еліміздің мал шаруашылығын дамытып, экологиялық жағынан да, сапа жағынан да мол өнім алуға қол жеткізетінін жыр етіп айтқаны да есімізде. Елбасы Ұлттық аграрлық уни­верситеттің 80 жылдық мерейтойына қатысып, ондағы көрмеге қойылған отан­дық асылтұқымды малдарды көр­генде, отандық ғалымдардың жетістігіне риза болып, «Міне, мал шаруашылығын осындай өзіміздің климат пен жем-шөбімізге бейімделген түліктер есебінен дамыту керек. Егер асылтұқымды мал­дың бәрін шетелдерден сатып әкелетін болсақ, онда ғылымға қаражат шыға­рып, шығынданып қайтеміз? Ондай жағдай­да қазақстандық ғалымдардың қажеті қан­ша?» деген болатын. Мемлекет бас­шы­сының осы сөзінен кейін сырттан асыл­тұқым әкелуге құмар шенеуніктерге тоқ­­тау болатын шығар деп ойлаған қа­зақ­стан­дық ғалымдар бір серпіліп қа­лып еді. Мал тұқымын асылдандыру жұмыс­тарын дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болды деген дәме де болды

Бірақ өкінішке қарай, шенеуніктер бастаған топ «отандық асылтұқымды малды дамытуға көп уақыт кетеді, одан да шетелден сүтті-етті ірі қараларды алып келіп, бір-екі жылда-ақ етті экс­портқа шығаратын мемлекетке айналу тиімді» деген сөзді алға тартып, сырттан мал экспорттаудан бас тартпайтындарын ашық білдірді. «Біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары мен ма­ман­дары сол жылдары сырттан мал әкелуге қарсы болдық. Одан да қазақстандық ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуды қаржыландырып, өзіміздің төл асыл­тұқымды малдарымызды өсірейік дедік. Бірақ «ҚазАгро» біздің сөзімізді тыңда­мады. Енді, міне, қырылып қалған неме­се шетінен ауруға ұшыраған малдың ие­леріне кім шығынды өтеп береді? Мен «австриялықтар қайтарады» дегенге соншалықты сенбеймін. Себебі малды елге әкеле салысымен бір айдың ішінде тексерістен өткізіп, аталған аурудың нышаны бар ма, жоқ па, соны анықтап алу керек еді. Бәрі өтіп кеткеннен кейін барып, бес-алты ай араға салып, балтаң­ды айға шапқаннан не пайда?» деп, экс-министр Ақылбек Күрішбаев бүгін ішін­дегі ащы запыранын сыртқа шығарды.

«Бәрін айт та бірін айт» импорт сиыр­лар ауру болып шықты, оның шы­ғынын кім қайтарады? Ол жағы бұлыңғыр. Австриядан әкелінген 722 ірі қараның елге әкелінгеннен кейін іші тоқтаусыз өтіп және төлін мерзімі жетпей тастай бе­руіне қарап, қазақстандық ветеринар­лар «осылар еуропалық індетке шалдық­қан болмасын» деп секемдене бастаған. Күдіктері шынында да рас болып шықты. Еуропалық одақ елдерін былтыр ірі қара малдың Шмалленберг ауруы эпидемиясы қаптап кеткені әлемге белгілі болатын. Онда карантин жарияланғанына қара­мастан, біздің бизнесмендеріміз ірі қараларды сатып алып келген. Олардың ойынша барлық малдың дені-қарны сау, австриялықтар бізді алдамайды. Сенген дұрыс-ау, әйтсе де бір етек теңгеге сатып алынған малды тағы да тексерістен өт­кізіп, иә болмаса, Күрішбаев айтқандай, елге әкеле салып, берілген анықтаманың растығына көз жеткізуге болар еді. Бірақ тағы да алдымыздан жауапкершілікті ешкімнің мойнына алмай, жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүруге дағдыла­нып қалған әдетіміз шыға келеді. «Бар­лық шығынды шетелдіктер қайтарып береді» деген құрғақ уәде тағы да фер­мерлердің үмітін жалғауда. Әйтсе де Ма­­мытбековтің «Ол малдарды мен әкелген жоқпын, бірнеше қазақстандық фирма әкелді. Жауапты неге менен сұрайсыздар? Солар жауап берсін» деп шімірікпестен журналистер алдында мә­лімдеуі «қолдарыңнан келгенді істеп алыңдар» дегенді білдіріп-ақ тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, былтыр ли­зингтік бағдарлама бойынша әртүрлі ел­дерден қазақстандық 8 шаруашылық ірі қара сатып алған. Бүгінде сол малдың басым бөлігі еуропалық індетке ұшы­рағанын бәріміз жақсы білеміз. Малдың бойында аурудың белгісі барын австрия­лықтардың өздері де растап отыр. Әйтсе де өздерінен кеткен қателікті олардың да мойнына алғысы жоқ екендігі мәлім болуда. Оны мынадан-ақ байқауға бола­ды. Австрияның Қазақстандағы елшілігі де, еліміздегі оның сауда-өнеркәсіп палатасы да Қазақстанға экспортталған ауру малдың жауапкершілігін мойын­да­рына алғысы жоқ көрінеді. Әрине, ав­стриялық сатушылар үшін тауарын өткізіп, малын саудаласа болғаны. Оның үстіне сатып алушылар тарапынан мұ­қият тексеріс, анық-қанығын тәптіштеп сұрау болмайтынын сезгеннен кейін не жындары бар, өз абыройларын айман­дай етіп. «Мүмкін жылыстап өтіп кетер, мал сау болып шығар» деген ой оларда да бол­ғаны бүгін белгілі болып отыр. Сон­дықтан да олар қазақстандық ветери­нарларға «Елімізде осындай эпидемия жүрді, байқамай кейбір ауру мал өтіп кетуі мүмкін. Сақ болыңдар» деп ескер­туді жөн де көрмеген. Себебі олар экс­порттауға келгенде, бәріне көз жұмып қарайтынын біздікілер есте сақтауы тиіс еді. Өйткені қыруар қаржы шығарып, сатып алып отырған біз.



Белгілі болғандай, австриялық ірі қа­раларды бері қарай тасымалдаумен «Клингер» деген австриялық көлік ком­паниясы айналысыпты. Аталған ком­пания елдеріндегі 424 австриялық ша­руашылықтан мал жинапты. Ал осы ша­руашылықтарда кезінде қауіпті ау­рудың болғаны тіркелген. Соған қара­мастан, ол шаруашылықтардың бәрі экспортқа мал шығару тізіміне енгізілген болып отыр. Ал біздің фермерлер енді қолындағы малдың бәрінің көзін жоюға мәжбүр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-қа Ав­стрия компаниясына төленген қаржы­ны қайтаруды талап ету жұмыстарымен ай­налысу тапсырылды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет