•
Аудиттің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Ең алғаш тәуелсіз
аудиторлар ХІХ ғасырда Еуропаның акционерлік
қоғамдарында пайда
болған.
•
Аудиторлар институтының пайда болуы шаруашылық қызметінің дамуы
себепті есеп ақпараты сапасын тәуелсіз бақылаудың деңгейіне қойылатын
талаптың жоғарылағандығымен байланысты. Осыған жауап ретінде
Англияда бақылаушылар (аудиторлар) институты пайда болады. Тарихта
бұл институт жайлы 1299 жылы алғаш айтылады.
•
«Аудит»
терминінің түп
тегі латын тілінің
«auditor»
сөзінен шыққан
және сөзбе-сөз аударғанда «тыңдаушы» дегенді білдіреді.
Мұның себебі,
сол уақыттағы лауазымды тұлғалардың көпшілігі сауатсыз болғандықтан,
жазбаша құжаттар емес, тексерілетін
тұлғалардың ауызша берілген
мәліметі тексерілген.
Аудиттің пайда болу тарихы
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан
Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің
қаулысы бойынша құрылды
(15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі
жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы «Қазахстан
аудит»
фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері
құрылды. 1992 жылдан бастап дербес
акционерлік компания болып
Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға,
мекемелерге
аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық «үлкен алтылық» тобының
филиалдары жұмыс істейді.
Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да
қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы
басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.