Вирустардың морфологиясы



Дата02.01.2022
өлшемі15.72 Kb.
#453442
5-15-25


  1. Вирустардың морфологиясы.

Вирустардың морфологиялық сипаттамасы.                                       
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады.  Жасуша ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады.  Ақуыз синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді. Вирус құрылысының компоненттері: капсомер-белокты бөлек бірлігі, капсид-капсомерлерден құралған, нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен капсид белогының комплексі, вирион – вирустың бүтін бөлшегі. Вирустардың құрамы өте қарапайым. Олар нуклеин қышқылынан және оларды қоршап жататын – капсид және суперкапсид деп аталатын қабаттардан, сондай-ақ вирус қабығының сыртындағы рецепторлардан  (синонимі – бекітуші белоктар, тікенектер) құралады. Аздаған ферменттер болады, олардың біреулері вирус нуклеин қышқылдарының репликациясына және вирус белоктарының транскрипциясына қажет, албасқалары – клетканың ішіндегі метоболиттік процесстерді өзгертіп немесе тежей отырып, зат алмасу процесстерінің вирустардың бөлшектерін құрастыру үшін жұмыс істетеді.
Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:
1.жай, қарапайым құрылысы – нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы)
2.күрделі құрылысты – нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады. 

  1. Қарапайым бояу әдістері.

Қарапайым бояу әдістерін ммикроорганизмдердің формаларын анықтау үшін қолданады. Бұл кезде жағымдыларды қандай да бір бояумен бояиды. Негізгі бояулардың ішінде көбінде негізгі, фенолды фукцинді, сафранилді, бейтарапты қызғылт, безуви, генциан күлгін қолданылады.

  1. Сұйық ортада сериялық сұйылту әдісі.

Сұйық ортада сериялық сұйылту әдісі. Сұйық ортада (ЕПС) қолданылатын а/б-тің екі еседен сұйытылған ертінділеріне зерттелетін микробтың бірдей дозаларын қосып шығып, бір тәулік инкубациялағаннан кейін микроб өсіндісі жоқ пробирка бойынша нәтижесін анықтайды. Бұл әдіс бойынша МТК (МПК) және МКБ көрсеткіштерін анықтауға болады.

МТК (МПК) - стандартты микроб штамының (тест-дақыл) өсіп-өнуін тоқтататын а/б-тің ең аз мөлшері (концентрациясы).

МБК – минимальді бактериоцидтік концентрация. Әдетте химиялық таза препараттың 1мкг-ы 1 ӘБ (ЕД)-не сәйкес келеді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет