Витаминдер және оларға ұқсас препараттар



бет1/5
Дата09.11.2023
өлшемі32.35 Kb.
#482758
  1   2   3   4   5
8 лекция фарм


Витаминдер және оларға ұқсас препараттар.
Витаминдер 1880 жылы Н.И.Лунин ашқан әртүрлі химиялық құрылысы бар органикалық заттар. Мал дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады:

  • мал организміндегі физиологиялық процесстерді демдеу (стимуль) және реттеу үшін;

  • витаминдердің жеткіліксіздіктерінен болатын ауруларды (гипо- және авитаминоздарды) емдеу және олардың алдын алу үшін;

  • организмнің ішкі және сыртқы қолайсыз жағдайларға бейімділігін, резистенттілігін арттыру үшін;

  • індетті, тоғышарлық және жұқпалы емес аурулармен күресу үшін.


Олардың негізгі қасиеттері:
Олар организмде энергия көзі және құрылыс материалдары бола алмайды;

    1. Организмде әртүрлі биохимиялық процесстердің қалыпты жағдайда жүруі үшін өте қажет;

    2. Оларды экзогенді және эндогенді факторлар ретінде қарау керек;

    3. Олардың жеткіліксіздіктерінде мал организмінің көптеген функциялары бұзылады, олардың өнімділігі төмендейді.

Мал организмін қамтамасыз ететін витаминдердің табиғи көздері өсімдіктер фаунасы және кейбір малдардың тіндерінен жасалатын өнімдер. Ол табиғи көздерін 4 топқа бөлуге болады:

  1. Мал азығындағы витаминдер. Олар онда бос және байланысқан түрінде болуы мүмкін. Организмге баяу, біркелкі сіңеді; малды дұрыс азықтандырғанда организмді ұзақ уақыт витаминмен қамтамасыз етеді;

  2. Өсімдіктерден бөлініп алынған таза витаминдер;

  3. Мал организміндегі пайдалы микроорганизмдер түзетін витаминдер. Мысалы, К және В тобының витаминдерін күйіс қайыратын малдардың мес қарнындағы, шошқалар мен құстардың бүйен ішектеріндегі микроорганизмдер бірталай мөлшерде синтездейді;

  4. Синтетикалық жолмен алынатын витаминдер – витамерлер.

Витамерлерді химиялық классификациясы бойынша: алифатикалы, алициклді, ароматты және гетероциклді деп бөледі. Физикалық қасиеттері бойынша:



Витаминдердің бірегей халықаралық номенклатурасы 1956 жылы қабылданған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет