Визуализациялаудың тәсілдеріне тоқталыңыз Визуализация


Презентация әзірлеудің ережелері



бет34/63
Дата27.09.2024
өлшемі174.93 Kb.
#504064
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Цто новый Алуаның бергені

48. Презентация әзірлеудің ережелері
Презентация әзірлеудің ережелері
Презентация - бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.
PowerPoint-та презентация жасау: 7 пайдалы кеңес
Нашар құрылымдалған, ішпыстыратын және ақпараты аз PowerPoint презентацияларын қанша рет тамашалауға мәжбүр болдыңыз? Тиімді презентация жасау әрине, оңай емес. Қарапайым көрінетін жұмыс көп еңбекті талап етумен қатар, ұзақ уақытты алады. Дегенмен, адамдардың ішін пыстырмайтын презентация жасау әбден мүмкін және ол үшін сізге кәсіби дизайнер болудың да қажеті жоқ. Сонымен қатар, презентацияның қандай бағдарламада жасалатыны маңызды емес, бірақ оны әзірлеу кезінде белгілі бір ережелерді сақтау керек.
1. Ақпараттық блоктарды дұрыс орналастырыңыз
Еуропалық топтардың тілдерінде ақпартты солдан оңға және жоғарыдан төменге қарай оқыған ыңғайлы. Бұл ерекшелікті біле отырып, адамдардың назарын ең маңызды болып табылатын слайдтың бөлігіне аударуға болады. Бұл 100 пайызға жұмыс жасайтын қарапайым әдіс.
Ол ақпаратты құрылымдайды және визуалды иерархияны (көзбен шолу баспалдағын) пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген мысалда дұрыс слайдтың қалай құрастырылғанын көруге болады. Онда алдымен үлкен қаріппен жазылған тақырып, содан кейін шағын түсіндірме мәтін, ал оң жақта – иллюстрациялар тұрады. Сонда көрермен алдымен тақырыпты көреді, содан кейін мәтінге көз жүгіртіп шығады. Тек содан кейін барып оның көзі, суреттер орналасқан жерге солдан оңға қарай қозғалады.
2. Ешқандай ұзақ сөйлем болмауы керек
Жақсы презентация қарапайым және түсінікті болуы керек. Оның міндеті – тақырыпқа тереңдемей, көрерменге негізгі идеяны жеткізу. Көптеген дизайнерлердің мәселесі, олар мүмкіндігінше көп айтқысы келетіндіктен слайдты ақпараттармен толтырып тастайды.
3. Аз болса, жақсы деген сөз
Жоғарыда айтылғандай, PowerPoint-тегі нашар презентацияның басты белгісі – слайдта ақпараттың шектен тыс көп болуы. Бұл жағдайда аудитория не туралы айтылып жатқанын түсіну үшін көп күш жұмсауға мәжбүр болады. Слайдты толықтай ақпаратпен толықтырып тастаған дизайнер өз клиентінің жұмысын қиындатып, кедергі жасайды. Олар ділмардың жұмысын жеңілдетуге тырысамын деп, тапсырманы жеңілдетудің орнына, керісінше, бәрін қиындатады.
4. Қарапайым түстерді қолданыңыз
Презентация құрастыруда слайдтардың түстеріне назар аудару қажет. Тым жарқын түстерді қолданудың қажеті жоқ, себебі аудитория тез шаршап, қызығушылық жоғалтады. Сондықтан, түсті үнемдеп пайдаланыңыз.
Ашық фонда қара түсті немесе қараңғы фонда ашық түсті мәтін әрдайым көрермендердің назарын өзіне тартады. Сондай-ақ, қарқынды градиенттерден де
аулақ болуыңыз керек, себебі бұл мәтінді қабылдауды қиындатады.
5. Қаріпті кермей қолданыңыз
Кертілген қаріп басып шығарылатын басылымдарда көрінеді, бірақ олар презентацияға жарамайды. Сондықтан слайд жасауда Helvetica, Tahoma, Verdana және т.б сияқты қаріптерді пайдаланған жөн.
6. Қаріптің көлемі 30 pt-дан аз болмауы керек
Көптеген сарапшылар презентациядағы қаріп өлшемі кем дегенде 30 pt болуы керек деп санайды. Қаріптің жеткілікті үлкен мөлшері мәтінді оңай оқуға мүмкіндік береді.
7. Қаріпті шамадан тыс сәндеп, өзгертудің қажеті жоқ
Өздеріңіз білетіндей, жақсы қаріп бірнеше кескіннен тұрады. Осылайша, көрерменнің назарын мәтінге үш жолмен аударуға болады. Олар курсив, қою қара түсті қаріп немесе түстерін бөлектеу. Көрерменнің көзі әрдайым бірінші болып ерекшеленіп тұрған нәрсеге түседі. Сондықтан стайлингті өте мұқият пайдалану керек. Егер сіз мәтіннің пішінін шамадан тыс көркемдеп, ерекшелесеңіз, қарсы әсер аласыз. Себебі, аудитория негізгіні екіншісінен ажырата алмай, слайдты түсінбей қалады және презентация сәтсіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет