Волошинка селолық округі әкімі Н. Даннекердің «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан



Дата23.02.2016
өлшемі48.54 Kb.
#9491
Волошинка селолық округі әкімі Н.Даннекердің «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Ауылшаруашылық қожалықтарының іс-әрекетіне қорытынды жасағанда, бағдарламалық көрсеткіштер толығымен орындалды деп айтуға болады. Селолық округі аумағында ауылшаруашылық өнімдерін жеті агроқұрамалар айналысады: 2 ЖШС, 4 ШҚ, 1 ФШ. 2008 жылы барлық агротехникалық талаптарды сақтай отырып, қолайлы мерзімде жоғарғы сортты бидай тұқымдары 16565 гектар алқапқа егілген. 2007 жылы округте егін егу жер көлемі 4 пайызға (+613г) көбейді.

Негізгі дақыл – бидай үлесі 85% егін алқабын алып жатыр. Климат жағдайы қолайлы болмаған кезде де біздің аграрларымыз әр гектардан 14,1 центнер көрсеткішпен жоғарғы сападағы 20527 тонна бидай өнімін жинады. “Дальнее” ЖШС-і директоры (Н.Плетнев) 1 гектардан 18,8 центнер көрсеткішпен егін жинады. Бидайдің сапасы жоғары болу үшін барлық шаруашылықтар еңбек етуде: “Пушкинское” ЖШС-і жоғарғы сортты бидай тұқымын өндіру статусын алған, облыс және аудандағы басқа шаруашылықтарға бірінші репродукциядағы аудандық тұқымдардан төмен емес дәнді дақылдарды 1,5 мың тоннаға дейін сата алады. Бұл “Пушкинское” ЖШС-нің көп жылдан бері Сібірдегі егіншілік ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істегеннің нәтижесі. Округтегі шаруашылықтарда жаңа техникалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. 2008 жылы “Пушкинское” ЖШС-і егіс алқабында 4 “Бюллер” тракторлары “Хорш” егін егу комплекстерімен, 5 “Вектор” бидай жинайтын комбайндар жұмыс істеді. “Дальнее” ЖШС-інде 1 “Джон Дир” егін егу комплексімен комбайн және 3 “Енисей” жаңа комбайндары бар. 2008 жылы “Пушкинское” ЖШС-і барлығы 104,2 миллион теңге шамасында, “Дальнее” ЖШС-і 92,1 миллион теңгеге жаңа техника сатып алды. Бұл шаруашылықтар өздерінің егін жинайтын токтарында алаңдарды жаңадан асфальттады.

Бүгінгі күндері бәсекеге қабілеттілік жоғарғы сапалы өнімді өндірумен ғана шектелмейді, өнімнің қайта өңдеуіне де маңызды. Сондықтан бұл үшін “Пушкинское” ЖШС-і 1 кезекте 7 тонна ұн өндіретін, жыл сайын 300 тонна жоғарғы және бірінші сортты ұн шығаратын, селолық округтегі тұрғындардың қажеттілігін өтейтін диірмен бар. 2008 жылы округтегі шаруашылықтарда еңбекақы орта есеппен алғанда айына 40 мың теңге уақытында толығымен беріліп отырады.

Округте мал шаруашылығы жеке меншік тауар өндірушілердің есебінен дамуда. Жаз уақытында шөбі нашар шыққан, жайылым жерлері аз болса да және де басқа қиындықтарға қарамастан, халық үй жануарларының барлық түрлерінің санын төмендеген емес. 2009 жылдың 1 қаңтарында округ бойынша 1750 ірі қара мал басы, оның ішінде 746 сиыр, 472 жылқы, 1776 шошқа, 775 қой мен ешкі болды. Сүт өндіру – 1347 тонна, ет өнімі 269 тонна құрады. Тұрғындардан 186 сүт, 650 мың жұмыртқа сатып алынған, 706 бұзау алынды. Тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Асыл тұқымды бұқалардың жоғарғы сапалы ұрықтарымен 88 сиыр қолдан ұрықтандырылды, немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 45 сиырға көп. Округ аумағында “Маслодел” және “Ясновское” ЖШС-тері сүт сатып алумен айналысады. Етті сатып алумен айналысатындар В.Авдеев, М.Спаков, Б.Құсайынов. 2008 жылы округтегі шаруашылықтар 10 мың центнер шөп, 1500 тонна бидай фураждарын дайындап, сатты. Округтың екі тұрғыны жеке қосалқы шаруашылыққа мал сатып алу үшін 200 мың теңге микрокредит алды.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жоғарылату үшін тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін шешудің өте маңыздысы – шағын және орта бизнесті дамыту. Бүгіндері округте 8 дүкен жұмыс істейді. Жыл бойы аптасына 3 рет Волошинка-Петропавл бағытында автобус маршруты жолаушыларды тасымалдайды. Екі жеке кәсіпкер – ет сатып алумен, біреуі сүт сатып алумен айналысады. Жылда жазғы уақытта патент бойынша 3 бригада отын дайындаумен және оны тұрғындарға сатумен айналысады. Округте шағын бизнеспен барлығы 39 адам айналысады.

Өмір сапасының негізгі көрсеткіші – ең әлсіз тұрғындар топтарының әлеуметтік қорғаныш деңгейі. 2008 жылы округте 71 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 21-і – тұрақты. Еңбекақы 21 пайызға көбейді. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмекті 50 күнкөрісі төмен отбасы 154 мың 98 теңге сомасында, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 961 мың 40 теңге көлемінде берілді. Селолық тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылату мақсатында селоларда инфрақұрылым дамуда.

Өткен жылы округте телефон байланысының сапасын жетілдіру бойынша біраз жұмыстар атқарылды. “Ауыз су” бағдарламасының жобаларын іске асыру бойынша ауданда жұмыс жалғасуда. Осы бағдарламаға сәйкес 2008 жылы біздің округте екі елді мекенде: Волошинка және Ивано-Петровка селоларында ұңғымалы су көздері іске қосылып, осы селоның тұрғындарын экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Соңғы жылдары мемлекет автомобиль жолдарын жөндеуге көп қаржы бөлді. 2007 жылы республикалық қаржы есебінен 106,5 миллион теңгеге Рощинское-Корнеевка-Волошинка бағытында 4 километр автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп, асфальт төселінді. 2008 жылы 86,6 миллион теңгеге Волошинка селосына дейін қалған 2 километр жолға асфальт төселінді.

Округте бүкіл елдегідей денсаулық сақтаудың дамытуы және реформалау Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда: дәрігерлік амбулатория және екі фельдшерлік пункт жұмыс істейді, “жедел жәрдем” автомашинасы бар. Дәрігерлік амбулатория 100 пайызға медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген. Волошинка және Ивано-Петровка мектептерінде медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. 2008 жылы облыстық бюджет есебінен құны 300 мың теңге тұратын электрокардиограф алынды, дәрігерлік амбулатория ғимаратын жөндеуге 1,6 миллион теңге жұмсалды. Бүгінгі кезде селолық округіне тұрғындар тегін медициналық көмек алады. Округ тұрғындарының 98 пайызы аурудың алдын-алу тексеруінен өтті.

Округте 1 орта және 2 негізгі мектеп жоғары білімді, үнемі біліктілігін жоғарылатып отыратын кадрлармен қамтамасыз етілген. Барлық оқу мекемелерінде телефон байланысы бар және Интернетке желісіне қосылған. Отынмен 100 пайызға қамтамасыз етілген. Волошинка орта мектебіне Ивано-Петровка селосынан оқушыларды жеткізуге биыл бюджеттен 188 мың теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен Волошинка орта мектебіне химия кабинеті құрал-жабдықтары құны 3 миллион 420 теңге және республикалық бюджеттен физика кабинеті құрал-жабдықтары құны 3 миллион 450 мың теңге көлемінде бөлінді.

Барлық мектептерде оқушыларды ыстық аспен тамақтандыру ұйымдастырылды. Жаппай оқу қоры есебінен биыл күнкөріс деңгейі төмен отбасылардың 11 оқушы балалары тегін тамақ ішеді. Жазғы кезеңде барлық мектептерде жанынан оқушыларға арналған денсаулығын нығайту алаңдары жұмыс істейді. Біздің округтен бес бала “Родник” демалыс лагерінде демалды. Екі бала бюджет есебінен Астанаға авиатур саяхатына қатысты.

Округте мәдени деңгейді дамыту бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізіледі. 2007 жылдың аяғында Волошинка селосында Мәдениет үйі ашылды, оны жөндеуге, жабдықтауға “Пушкинское” ЖШС-і 15,3 миллион теңге өз есебінен жұмсады. Қазіргі кезде Мәдениет үйінде мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді, бильярд залы ашылған кешке ойын-сауықтар өтіп тұрады, өнерпаздар үйірмесіне тұрғындар қатысып отырады.

2008 жылдың көктемінен “Дальнее” ЖШС-і Ивано-Петровка селосындағы клубты жөндеуге қолға алып, оған 4 миллион теңге жұмсады.

Өз есеп беру баяндамамды аяқтай отырып, селолық округтер әкімдерінің есеп беруі – біздің мемлекетіміздің демократияға қарай нығыз аяқ басуы деп атап өткім келеді. Тек осы есеп беру кездесулерде біз округ өміріндегі әр түрлі мәселелерді талқылай аламыз.



Жақсы өзгерістер көп, бірақ та шешілмеген мәселелер де көп. Біздің село тұрғындарының өмірлік деңгейін және жағдайларын өсіру үшін осы мәселелерді бірге шешуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет