Мазмұны Кіріспе - Б.з.д бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. 6ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеменидтер мемлекеті басады. Б.з.д. 530 және 522 жылдар арасында Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Сақа енедді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахаменидтер не жаулап алады,не бағындырады.
- Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын “желдей жүйрік атты көшпелі турлар” мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл “еңіреген ерлер” деген сөз, ал грек авторларының туындыларында, олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып кеткен.
-
Сақ тайпалары - Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтады. Олардың ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралыбылай деп жазады: “Бұл халық Аракс (тегі Сырдария) өзенінің арғы бетінде, исседондарға қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына қарасақ , скифтерге ұқсайды”.
- Көне сына жазуларда сақтардың үш тобы туралы сөз айтылады: парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрікті сақтар). Парадарайя сақтары Арал өңірңнде, Сырдария мен Қаратеңіздің теріскей жағында өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта ағысы мен Тянь-Шаньды мекендеген.
- М.Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады.
М.Қ. Қадырбаев, аорсылар – Оңтүстік Орал өңірін мекендеген савроматтар тайпаларының бірі деп есептейді. Олардың теріскейінде қоныс-өрісін “әртүрлі ағаштар өсетін қалың орман қаптаған” будиндер, ал олардан да әрі теріскей жақта аңшылықпен айналысатын фиссагеттер мен киркилер жайлап қыстаған. “Асқаралы таулар етегін” мекендеген аргиппейлер Орал өңірінің оңтүстік шығысында тіршілік кешкен тәрізді: “Грифтердің (бүркітбасты қанатты арыстан –ежелгі аңыздағы аң) алтын қазынасын қорғайтын” аримасп атты сақ тайпалары Алтайда тұрғанға ұқсайды, себебі сол жержен алтын кендерінің орны табылған. - М.Қ. Қадырбаев, аорсылар – Оңтүстік Орал өңірін мекендеген савроматтар тайпаларының бірі деп есептейді. Олардың теріскейінде қоныс-өрісін “әртүрлі ағаштар өсетін қалың орман қаптаған” будиндер, ал олардан да әрі теріскей жақта аңшылықпен айналысатын фиссагеттер мен киркилер жайлап қыстаған. “Асқаралы таулар етегін” мекендеген аргиппейлер Орал өңірінің оңтүстік шығысында тіршілік кешкен тәрізді: “Грифтердің (бүркітбасты қанатты арыстан –ежелгі аңыздағы аң) алтын қазынасын қорғайтын” аримасп атты сақ тайпалары Алтайда тұрғанға ұқсайды, себебі сол жержен алтын кендерінің орны табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |