Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


" кездесетін ақын-жырау, Сыпыра жыраудың дәуірлесі?



бет4/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

" кездесетін ақын-жырау, Сыпыра жыраудың дәуірлесі?

Шеге ақын



  1. XIХ ғасырдың өкілі, батыр, Қазтуған жыраудың шығармашылығынан үлгі, образдар алған ақын туралы не білесің?

Бұл-Махамбет Өтемісұлы. Кейінгі ақындар, әсіресе Махамбет сияқты батыр ақын оған еліктеген. Қазтуған образдарынан тікелей үлгі алған. Мысалға Қазтуғанның төмендегі толғауын Махамбеттің «Мен едімімен» салыстырайық.
Мен өзім Бабай Омар баласы едім,
Қашаннан екі кенттің арасы едім.
Балқытты мені мынау қорғасындай,
Қашаннан тасты кескен алмас едім.
немесе:
Мен кеткенмін, кеткенмін,
Тайсойған менен дендерден,
Құралайдай шұбырып,
Күліп бір ойнап өткенмін.
Махамбет үшін өзіне дейінгі Қазтуған, Шалгез, Жиембет жыраулар барлық жағынан да үлгі болғанға ұқсайды. Бұлардың сөз саптаулары бірыңғай, әуендес. Себебі бұлардың алдында қойған мақсаттары ұқсас. Ел мақсаты үшін атқа мініп, найзаның ұшымен сөз күшін бірге жұмсаған батыр жыраулардың басқаша сөйлеулері мүмкін де емес.
Сондықтан Қазтуғанның өлең єуені Махамбеттің іздесе таптырмас үлгісі болған. Бұлардың бєрі де бір өлкені мекендеп, сол өлке тағдырларына сай шығармалар берген.
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп...
Азамат ердің баласы,
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.
Бұл жолдардың да Махамбет поэзиясына белгілі дєрежеде ықпалы болғаны көрініп-ақ тұр.



  1. Шалкиіз жырау қай биге арнап толғау айтқан?

Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. Соның бірі – «Би Темірге бірінші толғауы». Жыраудың Би Темірге арнаулары ең алдымен сыршылдығымен ерекшеленеді. Бірінші толғаудан аспанды бұлт құрсаған, күн жауарға ұқсайтын би мен екеуінің арасында болған бір түсініспестіктің сырын іздеген жыраудың жүрегінен жарып шыққан, билеушісіне шын берілген адал ниетті жанның кіршіксіз көңілі аңғарылады. Көп ішінде бір жалғыз, Көп мұңайып жылайды. Күйбеңдескен көп жаман Сөзі тигенге ұқсайды, - деп, екеуінің арасындағы татулықты күншіл жандардың өсек сөзі бұзды ма деген күдігінен бастап, бірнеше шумаққа көңілінің бар күйін-сесін де, кегін де, айбарын да, ақыл-өсиетін де, өзі мен өзгеге берер бағасын да, ханына деген өксікті өкпесін де сыйғызады. Жырау бұл толғауында теңеулер мен метафораларды кеңінен қолданады. Толғау бастан-аяқ мақалға бергісіз дидактикалық ақыл-өсиеттен тұрады.
Шалкиіз шығармалары ой, мазмұн жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір шумақтан тұратын “Би Темірге айтқаны” толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы “күйбеңдескен көп жаман” жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл-күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орағыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шалкиіз нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.

Ол кез — Шалкиіздің шалқыған дәурені. Ол кезде Шалкиіз өзі би, өзібатыр, өзі шешен, өзі жырау.Демек,Темір- Шалкиіздің жебеушісі, қамқоры болса, Шалкиіз – Темірдің мәртебесін өсіріп, жұртты аузына қаратқан жалынды тілі, аузы дуалы абызы. Міне, осындай сыбайлас, қадірлес өскен Темір би кейін сарай маңындағылардың шағыстыруымен Шалкиізді сыртқа тепсе де,жырау оны ұлылай суреттейді.Мұның өзі Темір- Шалкиіз арасындағы ренішті жуып-шаюға елеулі әсер еткен ақыл-айласын да аңғартқандай.


Алп, алп басқан, алп басқан,
Арабы торым өзіңсің.
Жазулы алтын, қол кескен,
Алдаспаным өзіңсің.
Білер де білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің.
Бармай тапқан қағбамсың.
Шалкиіз “Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны” толғауында Темірді халықтың басын құраған елдің береке-құты, әділ әміршісі деп суреттейді.Жырау Темірді қисынды пікірлермен, өрісті ақыл, парасатымен иландырар сөз айтып қана хажы сапарынан тоқтатады :
Шалкиіз жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі, “Көп құлының бірі” ретінде суреттейді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет