Баспасөз қызметі



Дата26.02.2016
өлшемі71.5 Kb.
#27274



Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА



ЕҰУ-де «Нәзір Төреқұлұлы және Араб зерттеулері» кабинеті ашылады

2014 жылғы 23 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Нәзір Төреқұлұлының атында дәрісхана ашылады. Дәрісхананың халықаралық қатынастар факультетінде ашылуының да өзіндік себебі бар.Нәзір Төреқұлұлы Қоқандағы жәдидтік мектепте бастауыш білім алып, 1913 жылы сондағы коммерцияучилищесін бітіріп, Мәскеудегі коммерция институтына оқуға түскеннен кейін 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша майданның қара жұмысына алынады.Жерлестеріне көмек көрсету мақсатымен оқуын тастап, Батыс майданға барады.Минскіде Земство одағына нұсқаушы болып жұмысқа кіріп, тыл жұмысына алынғандарға тілмаштық қызмет көрсетіп, олардың мүддесін қорғау бағытындағы іс-шараларға белсене ат салысқан. Сонда жүріп қазақ жастарының “Еркін дала” атты астыртын ұйымын құруға жетекшілік етеді.1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Орынборға оралып, “Еркін дала” ұйымының алғашқы құрылтайын ұйымдастырады.1918 жылғы 16 сәуірден Орынборда “Қазақ мұңы” газетін шығаруды қолға алады. Осы жылы жазда Қоқанға оралып, сонда жұмысшы, диқан және солдат депутаттары кеңесіне қызметке тұрып, оның органы болып табылатын “Халық газетасын” және Түркістан Коммунистік Партия органы “Инқилоб” (Революция) журналын шығаруға ат салысты.

Нәзір Төреқұлұлы 1919 жылы Ферғана облысы ревкомының және Түркістан Орталық Атқару Коммитетінің төрағасы болды.1920 – 1922 жылы Түркістан Коммунистік Партия Орталық Коммитетінің төрағасы, Түркістан Орталық Атқару Коммитетінің мүшесі және төрағасы, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің және Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы халық комиссарлар кеңесінің, Ресей Кеңестік (большевиктер) Партиясы Орталық Коммитетінің Түркістан бюросының, Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің мүшесі. Ол осындай лауазымды қызметтерде жүріп дін мәселесіне көп көңіл бөлді. Түркістан Орталық Атқару Коммитетінің төрағасы ретінде барлық мекемелерде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы және Құрбан айттың үш күнін демалыс күндері деп жариялау туралы қаулыларға қол қойды.1921 жылы “Қызыл байрақ” журналында “Ислам және коммунизм” атты мақала жариялап, онда исламның қоғамдағы атқарып отырған рөліне оң баға берді.1922 – 1928 жылы Мәскеуде КСРО Орталық Атқару Коммитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұл қызметке кіріскеннен кейін В.И. Лениннің қабылдауында болып, автономия алған халықтардың тілін мемлекттік тілге айналдыру мәселесін көтерді. Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін жасау жөніндегі комиссияға төрағалық етіп, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді жақтады.

Қоғам қайраткері Орталық баспа басқармасының төрағасы ретінде қазақ тілінде “Темірқазық” атты журнал шығаруды ұйымдастырып, оған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ зиялыларын тартты.1928 – 1932 жылы Хиджазда бас консул болды.1932 – 1936 жылы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет етті.1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға ресми сапарын ұйымдастырды.

Нәзір Төреқұлұлы елші болған жылдары араб тілін жетік меңгеріп, бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылық рәсімін орындады.1936 жылы Мәскеуге шақырылып, КСРО Ұлттар кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зертханалық институтына қызметке орналасты. Қайраткер 1937 жылы 15 шілдеде “халық жауы” ретінде ұсталып, 3 қарашада ату жазасына кесілді. Тұңғыш дипломат 1958 жылы 28 қаңтарда КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.

Бүгінде Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында Нәзір Төреқұлұлы есімімен аталатын көшелер бар. Оның есімі Шымкенттегі, Түркістандағы және Шолаққорғандағы орта мектептерге берілген. Түркістан қаласында Төреқұлов Нәзір мұражайы жұмыс істейді.

Нәзір Төреқұлұлы қайраткер ғалым ретінде отандық тіл білімі саласына да үлкен үлес қосқан ғалым. Оның «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сынды еңбектері мен өзге де мақалаларында емле, әліпби, терминология жүйесі ғылыми негізде талданады.

Сондай-ақ қайраткердің әдебиет туралы пікірлері де ерекше. Ол С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар», «Бақыт жолына» атты шығармаларына, өзбек каламгері А. Қадыридің еңбектеріне сын жазған қаламгер. Өзбектің «Инқилоб» атты журналына жазған ислам діні, жәдитшілдік, Түркістан тарихы туралы мақалалары ғылыми нақтылығымен көзге түседі.


Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті.

Өткізу орны: Мирзоян 2.

Бас әкімшілік ғимарат, 339



Өткізу күні: 2014 жыл, 23 мамыр. Басталуы: сағат 12:00.

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет