Xxi ғасыр ақпараттық технологиялардың озық дамыған ғасыры. Жылдар өткен сайын адамдар ғаламторға, оның ішінде сан түрлі әлеуметтік желілерге тәуелді болып бара жатқандай. Адамдардың ғаламтордан бас алмайтын жағдайға жеткені де жасырын емес



Дата08.06.2016
өлшемі47.46 Kb.
#122372
Арай ХАМИТ, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті
Қызығушылық құмарлыққа апармасын десеңіз...
XXI ғасыр - ақпараттық технологиялардың озық дамыған ғасыры. Жылдар өткен сайын адамдар ғаламторға, оның ішінде сан түрлі әлеуметтік желілерге тәуелді болып бара жатқандай. Адамдардың ғаламтордан бас алмайтын жағдайға жеткені де жасырын емес. Сонымен әлеуметтік желі дегеніміз не?
Әлеуметтік желі - бұл адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт, өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік халық, адамдар, топ болса, желі -байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде "желі" сөзі интернеттегі сайт болса, "әлеумет" - бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз. Ол ғаламтордағы ортақ идеясы мен көзқарастары, қызығушылықтары бар адамдарды бір қауымдастыққа жинауды көздейді.

Әлеуметтік желілер ғаламторда 1995 жылдан бастап кең таралып, сауда ұжымдарының үлкен қызығушылығын туғызған. Ғаламтор дамыған сайын жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай әлеуметтік желілердің де түрлері пайда болды. Осыдан 4-5 жыл бұрын "МаіI ru Group" компаниясының "Аgent” әлеуметтік желісінің дәуірі еді. Ол халық арасында тез тарап, үлкен ақпарат көзіне айналған болатын. 2003 жылы дүниеге келген тегін бағдарлама қашанда қалтасында көк тиын тұрақтамайтын ашқұрсақ студенттер үшін таптырмас сыйлық болғаны рас. Ғаламтор мәлімет алғаннан гөрі әңгімелесуге жастар арасында танысу, пікір алмасуға үлкен мумкіндік берді. Қазір оның орнын "Вконтакте" әлеуметтік желісі басқан. Ал шетелде тіркелген тутынушылар саны 1,5 миллиардқа жақындап қалған "ҒасеЬоок" және қысқа мәтіндік жазбалар жазуға, яғни микроблог форматындағы "Тwitter" желісі кең етек жаюда.

Статистикалық деректерге қарағанда, елімізде 9 миллионға жуық адам ғаламторды белсенді қолданады екен. Ал олардың әр-қайсысы кем дегенде 2-3 әлеуметтік желіде тіркелген. Бугінгі таңда ғаламторға тек жастардың ғана емес, ересектердің де қолын байлап отырған әлеуметтік желіге кез келген адам, ең алдымен, ескі достарын табу ниетімен арнайы парақшалар ашып, кейіннен құмарға бой алдырып қояды.

Америкалық ғалымдар әлеуметтік желілерге тәуелділіктің алкоголь мен есірткіден де жоғары екенін дәлелдеген. Қазір техника дәуірі дамып тұрған заманда адамның күнделікті өмірінің басым бөлігі ғаламторда өтуде. Зерттеулерге қарағанда, адамдардың 67 пайызы үнемі өлеуметтік желілерде отырып, хат алмасып, пікір жазысатын көрінеді.

Әрине, аталмыш байланыс тәсілдерінің пайдалы жақтары аз емес. Атап айтқанда, өзге қолда-нушылармен жылдам ақпарат алмасу мумкіндігіне ие боласың, яғни ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, құжаттарыңды тез арада жер бетінің кез келген нүктесіне жеткізе аласың. Әрі арзан, әрі қолайлы. Десе де, "Таяқтың екі ұшы бар" дегендей, оның пайдасымен қатар зиянды жақтары бар екенін көп жағдайда қаперімізге ала бермейміз.

Қазір танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл. Көп жандар осы әлеуметтік желілердің тұтқынына айналып үлгерді деуге болады. Себебі, адам виртуалды әлемге енген сайын оның шынайы өмірде қарым-қатынас жасау қабілеті төмендеп, нәтижесінде оның шынайы достарынан гөрі виртуалды достары көбейеді. Тіпті, бірнеше мың жолдастары бар жастар жетіп артылады. Ал жаны қиналғанда олардың қайсысы кемекке келіп, қол ұшын бермек?

Осы орайда әлеуметтік желінің пайдасы мен зияндығы жайында жастардың пікірін білдік.
Серік Нуржан, студент:

- Әлеуметтік желінің менің өмірімдегі алатын орны үлкен. Өйткені, мен оны көбіне қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланамын. Соның ішінде "Вконтакте" және «Whatsapp»

желілеріне ерекше мән беремін. Өзім үшін әлеуметтік желінің ешқандай зияны жоқ деп санаймын. Студент болғандықтан, мен оның зиянынан гөрі жақсы жағын молынан пайдаланамын. Әрине, кері жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймын. Бірақ бәрі қолданатын адамның өзіне тікелей байланысты емес пе? Ғаламторда адамның сана-сезіміне рі әсерін беретін сайттар жеткілікті. Дегенмен, адамдарға тәрбиелік жағынан пайдасы мол сайттар мен әлеуметтік желілер де бар. Тек соларды әр адам өз керегіне жарата білуі керек
Қыдыбек Еркежан, студент:

- Ия зиян дегенмен келісемін. Қазіргі кезде әлеуметтік желінің жастар арасында ең маңызды орын алатынын білеміз. Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайын режіміне тартылу ауқымы кеңейіп келеді. Бірақ оған деген қызығушылық құмарлыққаапаруы мүмкін және мен үшін оның зияны бар. Жеке басым әлеуметтік желіні көп қолданбаймын.

Ол адамдармен қарым-қатынас жасаудан және тіл байлығынан айырады, денсаулыққа да зиянды. Осы әлеуметтік желі ушін ата-анасынан, достарынан, жұмысынан, оқуынан бас тартатын адамдар бар. Сондықтан ғаламторды қажетімен пайдаланып, әлеуметтік желіге ерік бермеу керек деп ойлаймын.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің психолог маманы Айгул Долабаева қазіргі уақытта жастардың арасында ерекше сәнге айналған әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі зияндығы басым екендігін атап айтты. Маманның сөзіне қарағанда, әлеуметтік желінің "құрығына түскен" жастардың қатары арта түсуде. "Оның қаншалықты пайдалы екенін білсек те, адамның психикасы өте нәзік болатынын ескеру керек. Бұл желіде отыратын адамдардың санасы уланып, жүйке жүйесіне өте қатты әсер етіп, психикалық ауытқу көрсеткіші байка-лады және жастардың сабак оқуға құлқы болмайды әрі уақытың қалай өткізіп алғанын сезінбей қалады. Адамдар үнеме тепе-теңдікті сақтап отыру керек. Оның нәтижесі әлеуметтік желілерге деген тәуелділікке апарып соғады. Осыдан жуйке жуйесінің ауытқуына, адамның индивидуалдық қабілетін төмендетіп, жалпы денсаулықтың бұзылуына әкеледі", - дейді пси-холог Айгүл Долобаева.

Бүгінгі таңда көптеген жастардың сөздік қорының таяздығы да осы әлеуметтік желі салдары деп білемін. Виртуалды сөйлесу арқылы бүгінгі жастардың біразы бетпе-бет кездескенде өздігінен сөйлеуге қысылып, өз ойын білдіре алмай жататыны бар. Сол себепті уақы-тымызды желідегі желіккендермен емес, шынайы жандармен өткізген дұрыс.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша 25 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 90 пайызының әлеуметтік желілерде өз парақшалары бар. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Оны қазір ересек адамдардың өзі де көп қолданады.



Әлеуметтік желілерге тәуелділіктен қалай құтылуға болады? Ол үшін адам өзін шектей білуі қажет. Пайдаланар алдында үнемі уақытты белгілеу керек. Ал егер сіз оны дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз, онда ол айықпас дертке айналары даусыз. Қазіргі уакытта жастар, әсіресе, жасөспірімдер осынау жасанды, ғажайып, қияли алемге кіріп алып, шынайы дүние-ден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Ол өсөр ұрпақтың жетілуіне кері әсерін тигізетін құбылысқа айналуда. Сондықтан бос уақыттарыңызды мағынасыз дүниелерге сарп етпей, әр адам өзінің жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыру қажет. Ең бастысы, жалған әлемге алданбай, пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмас-қанша, жақындарыңмен жүздескенге не жетсін?!
// Қызылжар нұры. - 2014. - 5 желтоқсан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет