Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

7.3. Геохимиялық түсірулер 
 
Пайдалы қазба кенорындарын іздеу кезінде геохимиялық 
өрістерді зерттеу, геохимиялық түсіру əдістері арқылы 
жүргізіледі. Геохимиялық түсіру əдісінің негізінде геохимияның 
келесідей 4 негізгі тұжырымдары жатыр:
1. Геосферадағы элементтердің жалпы шашырау заңы. 
2. Элементтердің жалпы миграциясы (жылыстау) заңы. 
3. Табиғатта элементтердің кездесу түрлерінің əралуан болу 
заңы. 
4. Жер қыртысындағы элементтердің шашыраңқы күйінің 
концентрацияланған күйіне қарағанда басым болу заңы.
Өндірістік жағдайына байланысты геохимиялық түсірулер: 
жерүстілік, əуелік жəне жерастылық геохимиялық түсірулер 
болып бөлінеді. Геохимиялық түсірулер сынамаларды алу 
арқылы да немесе сынамаларды алмай белгілі бағыт бойынша 
белгілі профильдер арқылы химиялық элементтер мөлшерін 
үзіліссіз анықтау арқылы жүргізіледі.
Геохимиялық түсірулердің негізінде алдын ала таңдалған 
бағыттар, яғни профильдер немесе маршруттар бойымен 
химиялық элементтердің мөлшерлерін жүйелі түрде өлшеу 
жатыр. Алаң бойынша (немесе тереңдікке) таралған осындай 
геохимиялық сынамалау профильдерінің жүйесі геохимиялық 
түсірулердің бөлікшесін құрайды, ал сонымен бірге анықталған 
геохимиялық аномалиялар бағалауды қажет ететін нысана 
ретінде қарастырылады. Сынамаланатын заттарға байланысты, 
зерттелетін геосфералардың атаулары бойынша литогеохимиялық, 
гидрогеохимиялық, 
атмогеохимиялық 
(газды) 
жəне 
биогеохимиялық іздеу əдістері жəне оларға аттас геохимиялық 
түсірулердің түрлері бөлінеді. 
Жұмыс жүргізудің жағдайы бойынша геохимиялық 
түсірулердің жерүсті (жаяу жəне көліктік), əуелік (ұшақтық 
жəне тік ұшақтық) жəне жерасты түрлері бөлінеді. Геохимиялық 
түсірулер 
профиль 
бойынша 
химиялық 
элементтердің 
мөлшерлерін үздіксіз анықтау арқылы сынамаларды алу жəне 
сынамаларды алмай (аспаптармен өлшеу арқылы) жүзеге 
асырылады. 


Я. К. Аршамов 
 
100 
Литогеохимиялық түсірулер кезінде жер бетіндегі 
таужыныстар, тау қазылымдары, ұңғымалар, таужыныстардың 
жəне топырақтардың қазіргі немесе көне морылу өнімдері 
сынамаланады. Іздеу литогеохимиялық түсірулер кезінде 
сынамаларда 35-45 кейде 55 химиялық элементтердің 
мөлшерлері анықталады. Қазіргі таңда бір уақытта бірнеше 
элементті анықтайтын байланыс немесе қашықтықтық əдістері 
жоқ, бірақ қандай да бір химиялық элементке (Be, B, F, Hg)
немесе бірнеше элементтердің жиынтығына (Pb, Zn, Cu) 
«Поиск» деп аталатын аспап арқылы сынамаларды алмай 
геохимиялық түсіру жұмыстары жүргізілуде. Барынша көп жəне 
аса тиімді қолданысқа бір уақытта уранның (радон бойынша) 
торийдің жəне калийдің мөлшерлерін анықтайтын гамма-
спектральді – жаяу, көліктік жəне əсіресе аэрогеохимиялық 
түсірулер ие болды. Гидрогеохимиялық түсірулер кезінде іздеу 
мақсатында табиғи жерүсті жəне жерасты сулары сынамаланады. 
Атмогеохимиялық түсірулер жерасты атмосферасын (топырақты 
ауаны) сынамалау арқылы жүргізіледі, сирек жер маңы 
атмосферасының құрамы анықталады. Іздеу биогеохимиялық 
түсірулер өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу арқылы 
жүргізіледі. 
Мақсатына байланысты геохимиялық түсірулер келесілерге 
бөлінеді: 1) алдын ала тексеру; 1:1000000 жəне одан да кіші;
2) іздеу түсірулері кенді аудандарда алдымен 1:200000, содан 
кейін 1:50000 масштабта; 3) дəлдікті түсірулер, алдын ала 
белгіленген бөлікшелерде 1:10000 масштабта жүргізіледі;
4) барлау түсірулері кенді өрістер көлемінде 1:1000 жəне одан 
да ірі масштабта жүргізіледі.
Геохимиялық түсірулерді нақты бір масштабқа жатқызу 
үшін картаның 1 см
2
бөлігіне 1 бақылау нүктесінен кем емес 
бақылау тығыздығы болуы керек. Литогеохимиялық түсіру 
кезінде бақылау тығыздығы төмендегі кестеде көрсетілген. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
101 
7.1-кесте
Литогеохимиялық түсіру кезіндегі бақылау нүктелерінің 
тығыздығы 
Бақылау нүктелерінің 
тығыздығы 
Масштаб 
Профильдер 
арасындағы 
қашықтық 
Сынамалау 
қадамы 
картаның 
1 км
2
бөлігіне 
картаның 
1 см
2
бөлігіне 
1:50 000 
500 
50-100 
40-20 
10-5 
1:10 000 
100 
20-45 
500-400 
5-4 
1:5 000 
50 
10-20 
2000 

1:2 000 
25 
10 
4000 
2-3 
 
Рудалы кенорындар бір уақытта бірнеше аномалиялармен 
(литогеохимиялық, 
гидрогеохимиялық, 
атмогеохимиялық, 
биогеохимиялық) көрініс беруі мүмкін. Бірақ мақсаттылық 
(немесе пайдалылық) ниет негізінде геохимиялық іздеулер тек 
қана бір əдіспен, сирек жағдайларда екі əдіспен жүргізілуі керек. 
Жинақталған тəжірибелер геологиялық жағдайлардың кең 
ауқымында рудалы кенорындарды іздеу үшін литогеохимиялық 
зерттеулердің артықшылығы бар екенін көрсетті. Қазіргі таңда 
литогеохимиялық іздеу жұмыстары геохимиялық іздеу 
əдістерінің ішінде рудалы кенорындарды іздеуде алғашқы 
орында тұратын əдіс болып саналады. 
Геохимиялық түсірулер кезінде нақты геологиялық 
ландшафтарда жəне басқа да жағдайларда барынша көп 
геологиялық-экономикалық нəтиже беретін геохимиялық 
түсірудің түрін қолдану орынды болады. 
 


Я. К. Аршамов 
 
102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет