«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Ясауи рахматуллаһи ғаләйһи



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Пақырнама 2021

Ясауи рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «Жетпіс ілім білмегенше
жетпіс мақам жолды түгел кезбегенше, шайхлық мақамына тартысып, 
таласар болса, бір табынатын «пұт» секілді болғай. 
Шайх Сарир Сақити рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «Пақырлық 
барша кендердің мекені болған бір тау сықылды». Шайху әл-машаих 
рахматуллаһи ғаләйһи қаддаса Аллаһу тағала рухаһу айтады: 
«Пақырлық бір дария дүр, оның түбі жоқ. Оның түбін Әзірет 
Мухаммад Мустафа саллаллаһу ғаләйһи уа сәламнан өзге кісі көргені 
жоқ. Тайпасының көсемі Жунайд Бағдади рахматуллаһи ғаләйһи 
айтады: «Пақырлық абрурдың бір бұтағы». Саид Ахмад Кубра: 
«Пақырлық – Құдайдың нұры. Әркімге ол нұрдың сәулесі түсетін 
болса, оның тиген сәулесінен кемел ышық табады», – дейді. Шайх 
Ахмад: «Пақырлық байлықтың тәжі. Әркім басына кисе екі жаһанда 
Сұлтан болды. Шайх Шақиқи Балхи рахматуллаһи: «Пақырлық бір от 
дүр. Әркімнің көңіліне түсті ме болмысы алтын болды», – дейді. 
Шайх Ахмет Жами айтады: «Пақырлық бір шарап дүр. Әр кісі бір 
жұтым ішер болса, қияметке дейін мас болды. Дидар талап болды». 
Шайх Қутбуддин Айдар айтады: «Пақырлық Құдайдың зарбесі 
(соққысы) дейді. Кімге тисе екі жаһанда мұратына жетті». Қожа 


51 
Абдулла Абиди айтады: «Пақырлық Тәрбиеші Құдайдың дүниеде 
тура жолға салуы дүр. Әркімге берсе, әркім жол тапса, мәңгілік 
Сұлтандықты табқай». Шайх Мансур Халлаж айтады: «Пақырлық 
Құдай тағаланың дидары. Кімде-кім көрсе, көрмеді». Лұқман 
шырақшы айтады: «Пақырлық – ұмтылу, тырысулықтың қыраны. 
Әркімге келіп қонса, ол кісі ғаршыға ұшып Ләмаканға барды». 
Машайықтар мен үметтің ижмалары мынадай дейді: «Пақырлық 
Хақ тағаланың бағының бір ағашы. Бұтағы ақыл, бұтақшалары 
һидаят, жемісі жомарттық, саясы қанағат, иісі шауқ, жапырағы ышық. 
Әркім ышық тапса, ізгі амалға қол жеткізді. Әркім жемісінен жесе
әркім мәңгі тірі болудың иісін тапты. Әркімге ол иіс жетсе, мас 
болып қайран қалады. Әркім саясынан орын алса, Хақиқаттың 
қыздыратын күні оған түседі. 
Әй, дәруіш! Пақыр шайхлығының алты әдептері бар. Жақсы 
және жаман сөзге сабыр қылмақ. Пір алдында тыныштық сақтап, 
пірдің рұқсатынсыз сөйлемеу. Кісімен ашық сөйлесуге сабыр қылу. 
Ерен және қарапайым адамдардың қызметін қылу. Нәпсіні өлтіріп
нәпсі қалауларын тәрк ету. Әй, шайх! Пақырлықтан таза нәрсе 
болмас. Әй, шайх! Пақырлық дегеніміз дүниені кезу. Дүниені кезу 
дегеніміз аш болулық. Егер аш болса, дәреті саф болып, Хақ зікірі 
көңілінен кетпейді. Ал егер тоқ болса бұзу, бүлдірулік пайда болады. 
Пақырлық мақамы сегіз. Ол тәубе дүр, ғибадат дүр, сабырлық 
дүр, шүкірлік дүр, ризалық дүр, зуһд дүр, арифлық дүр. Тәубе әзірет 
Адам ғаләйһис-сәламнан қалды. Ғибадат ету, құл болулық Ыдырыс 
ғаләйһис-сәламнан қалды. Зікір әзірет Дауд ғаләйһис-сәламанан 
қалды. Сабырлық Аюб ғаләйһис-сәламнан қалды. Разы болулық Мұса 
ғаләйһис-сәламнан қалды. Дүниені тәрк қылу Иса ғаләйһис-сәламнан 
қалды. Арифлық әзірет Мухаммад Мустафа саллаллаһу ғаләйһи уа 
сәлләмнан қалды. Яғни Расул ғаләйһис-сәлам ариф еді. 
Шариғат сөздер еді, тариқат наздар еді, хақиқат халдер еді. Әй 
дәруіш! Шайхлық, пақырлық мәртебесі жетеу. Ол – жәуанмәрттік, 
сыпайылық, хирка кию, сабыр және қанағат, шүкір және тәуекел. 
Жәуанмәрдтік (1) бекзаттық, кеңпейіл, қарапайымдылық; 2) 
батылдық, өжеттілік, ержүректілік әзірет Әліден қалды. Сыпайылық 


52 
әзірет Сүлеймен пайғамбар ғаләйһис-сәламнан қалды. Хирка кимек, 
ғәріптік әзірет Яхия ғаләйһис-сәламнан қалды. Сабыр мен разы 
болулық Аюб ғаләйһис-сәламнан қалды. Қанағат әзірет Мухаммад 
Мустафа ғаләйһис-сәламнан қалды. 
Әй, дәруіш! Жеті мақам дәруіш мақамы дүр. Қиямет күні 
«әманна уа садақна» болғанда момындардың әміршісі төрт 
жарлардың алдында халдеріміз қандай болмақ. Әр дәруіш бұл жеті 
мақамды білмесе, біліп амал қылмаса, мүрид алмақ оған харам дүр. 
Әй, дәруіш! Бұл пақырнамадағы келтірілген әр өсиет Тәрбие етуші 
Құдайдың кәламы, Нәби ғаләйһис-сәламның хадисінен, үмметтің 
ижмасынан келтірілді. Әрбір талапкер бұл рисалаға, өсиеттерге амал 
қылып табанды болса, ол дүние-ақыреттің дәулетіне қол жеткізеді. 
Мәңгі тірі болулықты табады. Ал егер амал қылмаса, ақыр демінде 
барар орны тозақ екенін көріп, ақыретіне шәрменде болғай. Әр 
дәруіш бұл төрт мақамды білмесе, амал қылмаса, оның шайх болмағы 
шайтаннан дүр. Бірінші малакут мақамы, екінші лаһут мақамы, 
үшінші насут мақамы, төртінші жабарут мақамы. Жабарут – шариғат 
мақамы, малакут – тариқат мақамы, лаһут – мағрифат мақамы, насут 
– хақиқат мақамы дүр. 
Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің (Алла тағала рухын нұрға 
бөлесін) «Пақырнама» атты рисала шәріпі Ұлық Алланың фазылы 
және мейірімімен бітті. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет