ДӘРІС КЕШЕНІ
1 Бөлім. Мәдениет теориясы
Глоссарийлер (анықтама, сөздік);
Аксиология - құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы. Аксиология (грек, axia - құнды, logos - ілім) – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлеміінің құрылымы туралы философиялық ілім.
Ақпараттық қоғам – (лат. informatio – түсіндіру, хабарлау) – 1945 жылы жапон ғалымы Е. Маслоуда енгізген термин.
Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.
Архетип (грек. Arche – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәденпи архетиптер – бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойлауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдар.
Барокко (итал. Barocco - бір түрлі ғажайып) – ақсүйектік мәдениеттің дамуына байланысты ХУ-ХУІІ ғасырда Еуропа өнерінде қалыптасқан негізгі стильдік бағыт.
Варварлық (грек barbaros – тағылық) – 1) ХІХ ғ. қоғамтануындағы (Л. Морган, Ф. Энгельс) мәдени-тарихи кезеңдердегі адамзат дамуындағы орта дәуір (тағылық, варварлық өркениет); 2) астарлы мағынасында- әсіре қатігездік, мәдениетсіздік.
Ведалар (санскр. veda – білім) үнді әдебиетінің ең көне (ІІ соңы 1 мыңжылдықтар басы) діни және философиялық мұралары.
Верификационизм (лат. verus – ақиқат, facio- жасаймын) – ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік концепция. Верификационизм логикалық позитивизм мен аналитикалық фигоафияның бір тармағы болып табылатын ғылым тіліне қатысты логикалық эмпиризмде кең қолданыс тапты.
Генезис (грек. Genesis – пайда болу, қалыптасу) – генетикалық-диахрондық әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы кезеңі, шығу тарихы қалыптасу сатылары. Генезис мәдениеттану ілімінде кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің қалыптасуына үлкен мән беріледі. О. Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |