Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Шопан ата туралы аңызды айтып беріңіз



бет6/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

17. Шопан ата туралы аңызды айтып беріңіз
Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған. Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған көп шәкіртінің бірі — Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірттерін сынау ниетімен медресе жанына жинапты. Қолындағы асасын басынан бірнеше қайтара айналдырады да, лақтырып жібереді. Ол сонан соң:
— Ал, шәкірттерім, асаны қайсысың бірінші тауып әкелесіңдер, — дегенде, шәкірттер аса таяқтың ұшқан жағын бетке ұстап жарыса жүгіріп кетеді. Шопан ғана орнынан қозғалмай тұрып қалады. Қожа Ахметтің:
— Сен неге асаны іздемейсің? — деген сауалына:
— Мархаббатты ұстаз, сіздің асаны табу үшін менің ұзақ сапарға аттануым керек, — деп жауап қайтарады. Шәкіртінің білімдарлығына риза болған Қожа Ахмет сапарына ақ жол тілеп, батасын беріп қош айтысады.
Шопан ата Қожа Ахметтің Түркістанда лақтырған асасын Маңқыстау түбегінен табады. Ол аса қадалған жерді үңгіп, жер асты мешітін салады. Құдық қазады, өткен-кеткен жесін деп тұт ағашын егеді. Ел балаларын оқытып, өзі де ғұлама ұстаз атанады. оның жер асты мешіті жартылай құлаған күйінде әлі күнге дейін сақталған, ел-жұрты оның басына тәу етіп, түнейтін қасиетті орын
18. Бекет ата туралы баяндаңыз: Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары — 1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан. Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. 40 жасында ол суфий мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған.
Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет