Құқықтағы ақтаңдақтар (олқылықтар) жəне оларды болдырмаудың жолдары
Құқықтану практикасында (іс-тəжірибелерінде) заңдық сипаты бар белгілі бір жағдайлардың құқық нормаларымен реттелінбеген кездері ұшырасады. Мұндай жағдайлар құқықтағы олқылықтар деп аталады. Құқықтағы ақтаңдақ (олқылық) дегеніміз күші бар заң жүйесінде құқықтық реттеуді талап ететін мəселені шешу үшін қажет құқық нормасының болмауы. Құқықтағы ақтаңдақты (олқылықты) болдырмаудың мынадай əдістері бар:
1. Заң ұқсастығы — ұқсас құқықтық норманы қолданудың барысында пайдалану (қолдану).
2. Құқық ұқсастығы - нақты істің шешімін құқықтың жалпы қағидаттарының негізінде табу (адамгершілік (гуманизм), əділдік, заң алдындағы теңқұқықтылық жəне т.б.). Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы төтенше жағдайларда қолданылуы мүмкін. Қылмыстық құқықта құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығына тыйым салынады, өйткені "заңда көрсетілмеген қылмыс жоқ" деген мызғымайтын қағидат бар, ол тұлғаны (адамды) қорғаудың кепілі болып қызмет етеді. Құқықтың басқа салаларында ұқсастыққа жол беріледі. Ал азаматтық жəне азаматтық істерді жүргізу құқығында ұқсастықты қолдану тікелей баянды етілген (бекітілген).
Достарыңызбен бөлісу: |