Їлкен єалым, философ, математик, астроном, музыкант жјне дјрiгер


Деректер банкінің өмірлік циклі және деректер базасын басқарушының негізгі функциялары



бет12/39
Дата01.08.2022
өлшемі0.75 Mb.
#459863
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Дип.-Электрондық-оқулықты-құру

4. Деректер банкінің өмірлік циклі және деректер базасын басқарушының негізгі функциялары.
Кез-келген бағдарламалық-ұйымдық-техникалық кешені сияқты деректер банкі уақытта және кеңістікте орын алады. Ол өзінің дамуында өмірлік цикл деп аталатын кезеңдерден тұрады. өмірлік цикл деректер базасын құру туралы шешім қабылдау моментінен басталып, оны оның эксплуатациясы аяқталған ға дейінгі уақытты қамтиды. Өмірлік цикл моделі ретінде өмірлік цикл барысында процестердің, іс-әрекеттердің, міндеттердің орындалу кезектілігін және өзара байланысын анықтайтын құрылым түсіндіріледі. Өмірлік циклдің келесі этаптары бар:
1. Талдау
2. Жобалау
3. Жүзеге асыру
4. Енгізу (эксплуатация)
5. Жүргізу (сопровождение)
6. Модернизациялау және дамыту
7. Толық қайта ұйымдастыру
Әр этапта ерекше ролді деректер базасының администратор тобы орындайды. Деректер базасы администраторының негізгі функциялары:

  • Пәндік облысты талдау: пәндік облысты суреттеу, біртұтастықтың шектеуліктерін анықтау, ақпараттың беделін (қол жетендік, құпиялық) анықтау, пайдаланушылардың қажеттіліктерін анықтау, деректерді өңдеудің көлемдік-уақыттық сипаттамаларды анықтау.

  • Деректер базасының құрылымын жобалау: деректер базасына кіретін файлдардың құрамы мен құрылымын және олардың арасындағы байланыстарды анықтау, ақпаратқа қол жетімділіктің әдістері мен деректерді ретке келтірудің әдістерін таңдау, деректерді суреттеу тілінде деректерді суреттеу.

  • Деректер базасының суреттеу кезіндегі біртұтастықтың шектеулерін және өңдеу процедураларын жасау: біртұтастықты қамтамасыз ететін процедураларды жасау, жұмыс істеудің түрлі режімінде біртұтастықтың шектеулерін анықтау

  • Деректер базасын жобалау бойынша ұйымдық-методикалық жұмыс: деректер базасын құру методикасын жасау және таңдау, жүйенің мақсаттарын және даму бағыттарын жалпылама анықтау, деректер базасының даму этаптарын жоспарлау, жобаның жалпы сөздіктер және концептуалды моделді құру, құрылатын приложениялардың сыртқы моделдерін түйістіру, деректер базасына жаңа приложенияны қосуды бақылау.

Айтылған функциялармен қатар келесі функцияларды атау керек:

  • Деректер базасын алғашқы жүктеу және жүргізу

  • Деректерді қорғау, қалпына келтіру (архивтеу, қалпына келтіру принциптері).

  • Қызмет етудің тиімділігін талдау.

  • Жүелік құралдарды дайындау және қолдау.



5. Деректер моделдерінің сыныптамасы.
Үш деңгейлі архитектураның әр деңгейіне деректер моделінің сәйкес түрі жатады.
Төменде деректер моделдерінің негізгі түрлері және олардың сипаттамалары көрсетілген.
 
Сурет 2.2. Деректер моделдерінің сыныптамасы.

Инфологиялық (семантикалық) деректер моделдері жобалаудың алғашқы кезеңдерінде приложенияны жасау процесінеде қолданылатын ДББЖ байланыссыз деректердің құрылымын суреттеу үшін қолданылады.


Даталогиялық моделдер нақты ДББЖ қодлауды талап етеді.

  • Документалды моделдер негізінен құжаттардың, текстердің әдеттегі тілмен еркін құрылуына негізделген. Құжаттарды белгілеу тілдеріне негізделген моделдер стандартты жалпы белгілеу тілмен SMGL (Standart Generalised Markup Language) байланысты.

  • Фактографиялық реляциондық моделдерде пәндік облыстың абстрактілік моделдерін және объектілер арасында семантикалық бпайланыстарды көрсететін қатынас схемалары құрылады. Талдаудың негізі қатынас атрибуттары арасындағы функционалдық байланыс болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет