Ювенилді ревматоидты артрит – бұл, көбінесе эрозивті-деструктивті полиартрит түрі бойынша буындардың перифиялық (синовиалды) үдемелі зақымдануымен жəне бірқатар науқастарда буынның сыртқы айқын көріністерімен үйлесетін клиникалық тұрғыдан көрінетін дəнекер тіннің жүйелік ауруы.
Хаттама коды: H-P-015 "Балалардың ревматоид артриті"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
М05 Серопозитивті ревматоидты артрит
М06 Басқа ревматоидты артриттер
М08 Жасөспірім (ювенилді) артрит
Жіктемесі
Жіктемесі
Клиникалық-анатомиялық сипаттамасы:
1. Көбінесе буындық түрі (көзді зақымдаумен немесе зақымдаусыз): моноартрит, олигоартрит (2-3 буын), полиартрит.
2. Буындық-висцералды түрі: шектелген висцериттермен (ретикулды эндотелиалды жүйе, жүрек, қан тамырлар, бүйрек, өкпе, сірлі қабықтар, тері, көздің зақымдалулары, ішкі ағзалардың амилоидозы), Стилл синдромы, аллергосептикалық синдром (Висслер-Фанкони).
3. Ревматоидты артрит төмендегілермен үйлесуде:
- ревматизммен;
- дəнекер тіннің диффузиялық ауруларымен.
Клиникалық-иммунологиялық сипаттама:
- серопозитивті (ревматоидты фактор – оң) ;
- серонегативті (ревматоидты фактор – теріс).
Ауру ағымы:
- тез үдейтін;
- жайлап үдейтін;
- үдеуі байқалмайтын.
Процесс белсенділігінің сатысы:
- белсенділіктің І II, III сатысы;
- ремиссия (оңалу).
Артриттің рентгенологиялық сатысы:
- I - буын жанындағы остеопороз, буын қуысында жалқық болуының белгілері, периартикулярлы тіндердің тығыздануы, зақымдалған буындардыің эпифиз өсуін
жылдамдату;
- II - сол өзгерістер, буын саңылауының тарылуы, сүйектік жалқы узуралар;
- III - таралған остеопороз, сүйектік-айқын, сүйектік-шеміршекті деструкция (құрылымсыздану), буынның шығуы, буынның таюы, сүйектің өсуінің бұзылыстары;
- IV - өзгерістер 1-2 сатыларға жəне анкилозға тəн.
Достарыңызбен бөлісу: |