З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


• Бір нәрсенің жоқ болуы, жойылуы, жоғалуының апат болуының берілуі



Pdf көрінісі
бет221/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Бір нәрсенің жоқ болуы, жойылуы, жоғалуының апат болуының берілуі.
379-жаттығу.  Сөйлемдерді  оқыңыз.  Жойылу,  жоғалу,  құру,  апат  болу  мағыналы 
етістіктермен берілген етістіктерді көрсетіңіз.
Везувий вулканының атылуы нәтижесінде жер бетінен үш қала ғайып болды (исчезли). 
Қала жер сілкінісінен толықтай қирады. Өрт қаладағы ағаш үйлердің бәрін жойды. Кітап-
ханадан құнды кітаптар жоғалды. Құрғақшылық егінді құртты (погубили). Самолет апатқа 
ұшырады, экипаж және жолаушылар қазаға ұшырады (погибли). Дауыл кезінде теңізде шо-
мылып жүрген жас ғалым суға кетті (утонул). Барлық ескі хаттарды ол өрттеп жіберді (со-
жгла). Жүрек ауруынан жыл сайын мыңдаған адамдар өледі (умирают).
380-жаттығу. Сөздіктен төменде берілген етістіктерді қараңыз:
Исчезать,  разрушаться,  взрываться,  погибать,  сгорать,  тонуть,  умирать,  терять,  поте-
рять, топить-утопить, взрывать-взорвать, разрушать-разрушить, уничтожать-уничтожить, 
истребить.
381-жаттығу. Сөйлем мазмұнын растаңыз. 
Өрт  орманның  бірнеше  гектарын  жойды.  Қала  маңындағы  аңдардың  бәрін  аңшылар 
құртты. Электр сымының ақауын тез жойды. Көпірді әскери әрекет кезінде жарған (взорва-
ли). Берлин қабырғасын 1990 жылы қиратқан (разрушили). Бүкіләлемдік денсаулық сақтау 
ұйымдарының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын ауыз су сапасының тым төмен-
дігінен 5 млн. адам өледі екен. Бұл дегеніңіз жыл сайын кішігірім бір мемлекеттің халқы 
жойылып отырады деген сөз.
382-жаттығу. Сөйлемдерді жақша ішіндегі етістіктерді пайдалана отырып, толықты-
рыңыз.
Мына қағаздар керек емес, оларды ... (жағу) болады. Колордо қоңызы картоптың бір бөлі-
гін ... (құрту). Көл өте таяз, онда ... (бату) мүмкін емес. Осы аумақтағы орман жазда (өртену).
383-жаттығу.  Диалогты  толықтырыңыз.  Заттың  мүлде  жоқ  екенін,  жойылғанын  ай-
тыңыз. (Скажите, что предмет, состояния исчезли, уничтожены, более не существуют).
- «Титаник» апатқа ұшыраған кезде, барлық жолаушылар құтқарылды ма?
- Сенің мектептегі оқулықтарың сақталды ма?
- Сіздің алғашқы түпнұсқа қолжазбаңыз сақталды ма?
- Мына орманда қояндар бар ма?
- Сенің Айдананы шетелге кетпеуге көндіру үшін үмітің әлі бар ма?
- Сен өзіңнің көзілдірігіңді таптың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет